1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет100/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
қажеттігі белгілі, білім беру стандартын, ҿркениеттілікке сай педагогикалық 
технологияларды білім беру ҽлемі шығармашылықпен іздестіруде. 
Оқыту технологиясына түрлі авторлар түрліше түсінік берген, атап 
айтқанда: «Педагогикалық технология – педагогикадағы бағыт, мақсаты білім 
беру үдерісінің тиімділігін арттыру, оқытудың жоспарланған нҽтижелеріне 
оқушылардың жетуіне кепілдеме беру, білім берудің тиімділігін арттыру 
ұстанымын анықтау мақсатымен зерттеулер жүргізу жҽне факторларға талдау 
жасап беру үдерісін оңтайландыру ҽдістеріне талдама жасау, тҽсілдер мен 
материалдарды пайдалану, сондай-ақ қолданылатын ҽдістерді бағалауларға 
қатысты қолдану» (М.В.Кларин). 
«Оқыту технологиясы оқыту мақсатына қатысты бҿлікті жҽне нақты 
бағалауға байланысты оқыту үдерісін бағдарлаудың ғылыми ұстанымдар 
жүйесін пайдалану жҽне оларды білім беру тҽжірибесінде қолдануға 
бағытталатын сала». (Ф.Янушкевич). 
Педагогикалық технология – тҽрбиелеу, білім беру формалары, ҽдістері, 
тҽсілдері, амалдары, құралдарын арнаулы таңдау жҽне орналастыруды 
анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар. 
«Педагогикалық технология – ол: 
1) Педагогикалық үдерісті қамтамасыз ету бойынша мазмұнды-амалдық 
қызметтер; 
2) Белгіленген сапаларындағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған 
мақсатты ҽсерлерді ұйымдастыру үшін қажетті ҿзара байланысқан құралдар, 
ҽдістер жҽне үдерістер жиынтығы; 
3) Педагогикалық үдерістің мақсатына жетуін қамтамасыз ету бойынша 
қызметті ұтымды ойластыру» (В.П.Беспалько). 
Педагогикалық технология оқушының оқу-танымдық қызметінің 
құрылымын жҽне мазмұнын анықтайтын оқу-тҽрбие үдерісін жобалауды 
қарастырады. Педагогикалық технологияға талдама жасау жҽне жүзеге 
асыруда тұтастық ұстанымы сақталады, ол жеке тұлғаны қалыптастыруды 
мақсат етеді. 
Технология сҿзі біздерге грек тілінен (tehne – «ҿнер», «шеберлік» жҽне 
logos – «ғылым, заң, сҿз, ілім») келген, педагогикалық технология – ол 
ғылыми, ғылыми-ҽдістемелік, тҽжірибелік негізде жобаланған жҽне 
педагогикалық үдерістегі педагогикалық іс-ҽрекеттер ретінің дҽл қайта 
жасалуы кепілдемелік табыстар беретін мақсатты жобаның іске асырылуы 
[3]. 
Технология – тұтас, аяқталған үдерістің сипаттамасы, оқытуда алға 
қойылған мақсатқа жету жолындағы конструкцияланған оқу үдерісінің 
амалдар реті. Қазіргі педагогикалық технологиялар ғылыми-ҽдістемелік, 
байқаулардан ҿткен, тиімді, нҽтижелі, олар қазіргі заманғы оқытудың 
заңдылықтары мен ұстанымдарына негізделген жҽне оқытуда интербелсенді 
жабдықтар, технологиялар қолданылуымен ерекшеленеді, сондай-ақ 
Интернет қолданылады. Ҽдістеме жҽне технология оқыту ҽдістері мен жаңа


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет