1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет13/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
талдау жүргізеді. Сол дҽуірдегі ҽдебиеттің даму ҿрісіне, қарастырар 
туындының жанрлық табиғатына, дҽстүр жҽне жалғастық мҽселелеріне, 
зерттелу тарихына назар салады. Аударма-нҽзиралық шығармалардың 
жазылу себептері мен ҽлеуметтік астарына мҽн береді. 
Ғалым танымында аударма-нҽзиралық шығармалардың дүниеге келу 
сыры мен шығармашылық табиғаты ҿткенге ден қою, уақыттың кҿкейтесті 
мҽселелеріне қажетті жауапты ҿткен ойшылдар мен ұлылардың 
туындыларынан іздеу, табу, қайта жарату болып табылады. Шығыс 
ҽдебиетіндегі «нҽзира» деп аталатын бұл дҽстүр жҿнінде кезінде ұлы 
жазушы-академик М.Ҽуезов ғылыми тұжырымын білдірген. Онда ол мұндай 
шығармаларды жалаң аударма деп танымай, сол белгілі бір оқиғалар жүйесін 
қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, 
жырмен жарысу есепті [2, 150-б.], - деп баға берген. Қалай дегенде де, нҽзира 
аударма емес, бұрыннан танымал сюжетті кейінгі ақынның ҿз уақытының 
ҿткір 
мҽселесімен 
байланыстырып жырлауы. 
Бұған Фирдоусидің 
«Шахнамасын» қазақ тілінде қайта жаңғырта жырлаған Тұрмағамбет 
Ізтілеуовтің шығармашылығы дҽлел бола алады. «Шахнамадай» шығарманың 
табиғатын, ішкі ерекшеліктерін еркін меңгеру үшін парсы, түркі тілдерімен 
қатар, осы тілдерге күшті ықпал жасаған араб тілін де жетік білуі, Иран мен 
Тұранның арғы-бергі тарихын, мҽдениетін, дҽстүрін жақсы меңгеруі тиіс. 
Демек, «нҽзира» ҿнері - ақыннан үлкен дайындықты, ақындық дарынды талап 
ететін ерекше шығармашылық, ҽдеби құбылыс.
А.Қыраубаева XIII-XIV ғасырда бұл ҽдеби үрдістің даму жайына, ҽл-
Фараби ден қойған Қайта ҿрлеудің ғылым-білімдегі жаңалықтары мен 
ҿнердегі кҿркемдік ізденістерінің ҽлем мҽдениетіне таралуы, бір-біріне ықпал 
жасауы, ҽсер етуіне, түркі ҽдебиетіндегі айқын белгілері ретінде Ҽли, Құтба, 
Сҽйф Сараи туындыларында кҿне араб-парсы ҽдеби үлгілерінің заман 
талабына лайықталып, қайта жырлауына ден қояды. 
Ғалым XIII-XIV ғасырлардағы нҽзиралық шығармаларды «аударма-
нҽзира» деп атауды қолайлы кҿреді. А.Қыраубаева «Рабғузи қиссаларының» 
жанрлық сипатын бір дҽуір ҽдебиетінің жинағы, хрестоматиясы, ҽр түрлі 
жанрдағы шығармалар қамтылған, ҿз дҽуірі ҽдебиетінің негізгі 
ерекшеліктерін аңғартатын құнды мұра деп таниды [3, 18-б.]. 
Ғалым А.Қыраубайқызының айтуынша: «... ХІХ-ХХ ғасырдың басында 
Қазан, Тҽшкент қалаларынан сан рет қайталанып басылып шығып, ел 
арасына кеңінен танымал болған» шығарма [4, 160-б]. Ал ғалым Ҽ.Наджип: 
«Одним из ценных памятников тюркоязычной литературы и языка, 
созданный в Средней Азии в начале ХІV века, является «Кысас-и Рабгузи», 
обычно называемое по содержанию «Кысас-аль Анбия» (Сказания о 
пророках)», - деп туындыны түркі тілі мен ҽдебиетінің тарихынан мол 
мағұлмат беретін аса бағалы ҽрі тілдік, ҽрі ҽдеби ескерткіш ретінде кҿрсетеді. 
Еңбектің қолжазба жҽне баспада басылған кітаби үлгілерінің Еділ бойында, 
Оралда, Орта Азияда ҿте кең тараған шығарма екенін айтады. Сонымен бірге


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет