1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет11/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Қазақ ҽдебиеті тарихы ғылымында ғалым Б.Кенжебаев Алтын Орда 
дҽуірі ҽдеби ескерткіштерін қазақ халқының рухани мұрасы ретінде кҿтерген 
кезеңде дҽуір ҽдебиетіне қатысты басы ашылмаған мҽселелер мен 
қиындықтар мол болатын. Кеңес одағының құрамындағы кейбір түркі 
кеңестік республикалар ғалымдары Алтын Орда ҽдеби жҽдігерлерін тек 
ҿздерінің ғана тҿл мұрасы ретінде қарастырса, кейбір қазақ ғалымдары бұл 
рухани мұраны қазақ сҿз ҿнерінің тарихына қатысы жоқ дүниедей қарады. 
Мҽселен, 1950 жылы М.Айбектің алғысҿзімен шыққан «Ҿзбек ҽдебиетінің 
антологиясында» «Рабғузи қиссалары» ҽдеби мұра ретінде ҿзбек ҽдебиетінің 
тарихында 
біржақты 
қарастырылса, 
С.Қасымовтың 
зерттеуінде 
«Мухаббатнаманың» ҿлең құрылысын талдауы сҽтті шыққанмен, тілдік 
қасиеті мен ерекшелігін, тарихи жағдай тҽрізді объективті мҽселелер 
ескерілмей, таза ҿзбек халқының ҽдеби мұрасы деп біржақты тұжырым 
жасалады. 
Қазақ ҽдебиеті тарихы ғылымында Алтын Орда ҽдеби ескерткіштерінің 
қарастырыла бастауы профессор Б.Кенжебаевтың есімімен байланысты. 1914 
жылғы Қазан баспасынан алынған ҽдеби мұра алғаш рет профессор 
Б.Кенжебаевтың жетекшілігімен 1967 жылы шыққан «Ертедегі ҽдебиет 
нұсқалары» атты хрестоматияға енгізіледі де, ол сол кездегі ғылымдағы 
елеулі жаңалыққа, бетбұрысқа айналады. Бұл ретте тілші ғалымдар 
Ғ.Айдаров, Д.Құрышжанов, Н.Томановтар 1971 жылы жариялаған «Кҿне 
түркі жазба ескерткіштерінің тілі» деген оқулықта тілдік-лингвистикалық 
жағынан зерттелініп, ескерткіштің жазылу тарихы мен кҿшірмелері туралы 
бірқатар мҽліметтер беріледі. Ғалым Б.Кенжебаевтың 1973 жылы шыққан 
«Қазақ ҽдебиеті тарихының мҽселелері» атты зерттеу еңбегінде дҽуір 
ҽдебиетінің жҽдігерлері қазақ ҽдебиетінің тарихына қатысты талданады, 
зерделенеді.
Б.Кенжебаевтың шҽкірті «Қиссас-ул ҽнбия» ҽдеби ескерткішін жан-
жақты қарастырған ғалым А.Қыраубаева болды. Оның бұл туындыны зерттей 
бастаған тұсында Рабғузи қиссалары ҽдеби сипаты сҿз арасында, шолу 
ретінде ғана айтылғаны болмаса, ҽлі толық назар аударылмаған еді. Бұл ретте 
профессор Б.Кенжебаевтың 1968 жылы «Жұлдыз» журналының №7 санында 
жарияланған «Қиссас ул-ҽнбия» мақаласы А.Қыраубаева зерттеулерінің 
негізгі бастамасы болды. Ҽдеби-танымдық мҽні зор бұл мақалада 
ескерткіштің сюжеті, құрылысы, басты ерекшеліктері мен кейбір жеке 
ҽңгімелері талданды.
Ғалым А.Қыраубаева ҽдеби ескерткішті заманауи кҿзқараспен ғылыми 
тану- талдаудың методологиялық жағынан дұрыс жолға қойылмауын былай 
түсіндіреді: біріншіден, танымал түрколог ғалымдардың «ескерткіштің мҽн-
мағынасын ашу, тарихи-ҽдебиеттік жайын зерттеу» туралы ескертпелері біраз 
уақыт бойы кеңестік ҽдебиеттану ғылымы тарапынан ескерусіз қалды; 
екіншіден, талай қоғамдық, тілдік ҿзгерістерге ұшырап, сан ғасырларды асып 
жеткен ҽдеби мұраға ҿз уақыты, ортасы тұрғысынан қаралмады; үшіншіден,


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет