1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


І.С.СМАНОВ  педагогика ғылымдарының докторы,  ОҚМПИ-ның профессоры  А.Қ.ӘБЕНОВА



Pdf көрінісі
бет87/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   220
І.С.СМАНОВ 
педагогика ғылымдарының докторы, 
ОҚМПИ-ның профессоры 
А.Қ.ӘБЕНОВА 
ОҚМПИ-ның ізденушісі 
БІЛІКТІ МАМАН – БАСТЫ ҚҦНДЫЛЫҚ 
 
Әрбір жас талапкердің мақсаты – жоғары білім алу, дипломға қол 
жеткізу. Бұл әрине, жастар үшін әлеуметтік мәртебе болып табылады. 
Мамандық таңдау мектептен басталады. Әрбір шәкірт ӛзінің бейімділігіне 
қарай жүрек қалауымен болашақ мамандығын алуы үшін түбегейлі 
дайындық жасауы тиіс. Талапкердің мамандық таңдауы оның оқуға деген 
ынтасын да арттырады, ӛз мақсатына жетуі үшін кездескен 
қиындықтарды саналы түрде жеңуге, ыждағатты еңбек етуге күш салады. 
Тіпті кейбір қарама-қайшылықтар оған қуат береді, қозғаушы күш сапалы 
білім алуға, ынтамен оқуға, тиянақты еңбек етуге жетелейді. Егеменді 
еліміздің болашағы жастардың қолында десек, бұл ретте олардың сапалы 
білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасау ел Президенті Н.Назарбаевтың 
тікелей қамқорлығында. Ол ӛзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында 
білім беру жүйесінің табысты жұмыс атқаруы үшін нақты тапсырмалар 
беріп, бағыт-бағдарды айқындай түсуде. Мақалада бүгінгі жас 
жеткіншектің болашақ мамандығын дұрыс таңдауы, терең меңгеруі 
барысында басшылыққа алынуы тиіс кейбір қағидаттар жайы нақ осы 
Президентіміздің білім берудің барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға 
қатысты тұжырымдары тұрғысынан қарастырылған. 
 
Кілт сӛздері: білім, еңбек, жұмыс, ұжым, ұстаным, біліктілік, құндылық. 
«Білім беру жүйесіне Қазақстан тұрғындарының үштен бір бҿлігіндейі 
тартылған. Мұндағы ең маңыздысы біздің балаларымыздың нақ осы білім 
беру жүйесінде ҿсетіні, қалыптасатыны жҽне есейетіні. Бұл ҽрбір отбасын 
толғантады. Сондықтан да бүкіл жаңғырту үдерісінің табысқа жетуінің 
түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңғыртудың табысты ҿтуі 
болып табылады»,- деді ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның 
ҽлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» 
атты бағдарламалық мақаласында [1]. 
2011 жылы білім мен ғылым жүйесінің құқықтық арқауы түгелімен 
дерлік жаңғыртылды. Ғылым туралы, Назарбаев Университеті, Назарбаев 
Зияткерлік мектебі, Назарбаев қоры туралы жаңа заңдар қабылданды жҽне 
«Білім туралы» Заңға ҿзгерістер енгізілді.


95 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет