1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет89/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
маңызды міндеттер – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке 
даярлану, талдауларды, тҽжірибелерді зерделеп, ақпараттармен танысу, пікір 
алысу белгілі білім мен уақытты қажет етеді. 
Мамандық таңдау күрделі мҽселе. Ғалымдар зерделеу, кеңесу, жете 
танысу, пікірлесу, ойлану жҽне салыстыру арқылы мамандық таңдауға ҽсер 
ететін негізгі сегіз факторды белгілеген, олар: 
-үлкендер жҽне отбасының ұстанымдары; 
-ҿзінің құрбы-құрдастарының ой-пікірлері; 
-мектептегі педагогикалық ұжым ұстанымдары; 
-ҿзінің жинақтаған ҿмірлік тҽжірибесі, жүрек қалауы, жарамдылығы, 
кҽсіби жоспары; 
-қабілеттері мен олардың алғышарттарын, мүмкіндіктерін есепке алуы; 
-қоғамды тануы, оқу орындарымен танысу; 
-кҽсіптер, мамандықтар жайлы ақпараттарды зерделеу; 
-бейімділігі, болашағын ойлауы, шешімдер жасауы. 
Оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауына, қоғам ҿмірінің 
сҽтті ҽлеуметтендірілуіне жағдай жасау, таныстыру, кездесулер ҿткізіп, түрлі 
экскурсиялар жасау, пікір алмасу, «жеті рет ҿлшеп, бір шешімге келу» сҿзсіз 
маңызды. 
Білім берудің басты ұстанымдырының бірі – оқушыларға кҽсіптік бағдар 
беру – ол күрделі, кҿп салалы, зерделеуді, зерттеуді, ақпараттарды талдауды 
қажет ететін қиын үдеріс. 
«Сіздер жақсы кезеңде ҿмір сүріп отырсыздар. Мемлекет жастардың 
жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасап жатыр, ҿйткені, ХХІ ғасырда 
ғылым мен білімнің деңгейі кез келген елдің ҽлемдік экономикадағы орнын 
анықтайды. Сіздер ҿз болашақтарыңыз ҿз қолдарыңызда екенін, ҽркім ҿз 
бақытының ұстасы екенін есте ұстауларыңыз керек. Сіздердің қазіргі басты 
міндеттеріңіз – жақсы білім алу. Сондықтан мен шетелде мамандар даярлау 
үшін «Болашақ» бағдарламасы туралы бастама кҿтердім. Қазіргі кезде 8 
мыңнан астам қазақстандық шетелде білім алды. Олардың кҿпшілігі бүгінде 
мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарады. Бұлар – бірнеше тіл 
білетін, білімді жҽне даярлықтан ҿткен мамандар. Ал, біздің елімізде қоғамды 
біріктіру ісінде мемлекеттік тіл ерекше рҿл атқарады. Мемлекеттік тілді ҽрбір 
қазақстандық білуі қажет»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Назарбаев [3].
Кез келген заманның басты тірегі адам, ал жастар – болашағымыз. 
Қоғамның дамуы, мемлекеттің ҿсіп-ҿркендеуі елдің адамдарына байланысты. 
Адамның басты байлығы – оның денсаулығы, ең негізгі байлығы – оның 
адамгершілігі, кісілігі, ар-ұяты, мамандығы. Мемлекеттің күші мен тірегі де 
сол адамдар, ал адам бір күнде пайда болмайды, олай болса, үрім-бұтағына 
туған күнінен бастап ата-бабадан мирас болған құндылықтардың бҽрін бере 
бастау қажет. Сондай еңбек, білім, тҽжірибе отбасынан, мектептен беріліп, 
жоғары оқу орындарында шындалып, дуальды кҽсіби білім берумен адам


97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет