бөлiгi қалдырылды. Олар мұнда дәндi дақылдар өсiрдi, осы Жерлерге қолөнершiлер
қоныстана бастады, көпестерТоқтады. Олар негiзiнен мал айдайтын жолдың бойы-На
шоғырланды. Билеушiлердiң ордалары тiршiлiк көзiне қолайлы Жерлерде – өзен
алқаптары мен сауда жолдарында ор-Наласты. Кейін олар да әкімшілік билік, қолөнер мен
сауда орталығына, Қалаларға айналды.VІ–ІХ ғасырларда қала мәдениетiн дамытуда Ұлы
Жiбек жолы және халықаралық керуен сау-Дасы маңызды рөл атқарды. Қарқынды сауда
Iле, Шу және Талас өзендерiнiң алқаптарында ондаған қалалар мен бекiнiстi
Қалашықтардың пайда болуына әсер етті.VI–VІІІ ғасырларда Шу алқабында iрi қалалар
мен көптеген шағын Қоныстар болды. «Хұдуд әл-алам» деректерiнде қарлұқтар елiнде 25
қала Мен қоныс болғандығы айтылады. Олардың көпшілігі Ұлы Жiбек жолы Бойында
орналасты. Қалалар туралы деректер руна жазуларында сақталған. Мәселен, Көне түркі
руна ескерткiштерiнде «балық» – қала, «барқ» – ғимарат де-Ген түркiлiк атаулар
келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: