58 Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы 1867 және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы 1868 ж уақытша ереженің жүзеге асырылуы XIX ғ. 60 жылдарында патша өкіметі қазақ елінің Кіші және Орта жүз жерлерін өзіне қаратып алумен тоқтамай Ұлы жүздің жерін өз иелігіне қаратуға тырысты. Ресейдің отаршылдық саясаты Қазақстанның жерімен тоқтамай Орта Азияның барлық халықтарын басып алуға ұмтылды. Бұрынғы жазылған тарихи кітаптардың көпшілігінде патшалық Ресейдің отарлау саясатын бүркемелеу үшін, орыс халқы Қазақстан мен Орта Азия елдеріне мәдениет пен шаруашылықтың соңғы жетістіктерін әкелді деп жазып келді. Алайда ұзақ жылдарға созылған отарлау Кеңес империясы тұсында дами түсіп, Қазақстан, Орта Азия халықтарының тілі, діні, әдет-ғұрыптарына зор зиянын тигізе отырып, халық ретінде жойылуына әкеп соқтыра жаздады.
XIX ғ. 60-шы жылдарында Қазақстанның жері бірнеше әкімшілік-территориялық облыстарға бөлінді. Облыстар үш генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Мұндағы мақсат – отаршылдық тәртіпті күшейту еді. 1867 жылы 12 шілдеде Александр II – «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», 1868 ж. 21 қазанда- «Орынбор және Сібір генерал – губерноторлығын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. Сөйтіп, 1868 жылдан бастап жаңа тәртіп бойынша қазақ даласын облыстарға, облыстарды уездерге, уездерді болыстарға, болыстарды ауылдарға бөлді де, ел арасында съезд өткізіп, болыс, старшын сайлау дегенді енгізді. Үш генерал – губернаторлық: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Барлық әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолында болды. Орынборға – Орал және Торғай; Батыс Сібірге – Ақмола, Семей; Түркістанға – Жетісу орталығы Верный; Сырдария орталығы- Ташкент. Бұрынғы Бөкей хандығының жері 1872 жылы Астрахань губерниясына қосылды. Маңғышлақ приставы 1870 жылы Кавказ әскери округінің қарауына берілді, ол кейіннен Закаспий облысына енді.
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша әскери-сот комиссиялары мен үздік соттар құрылды, олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Бұл «ережелер» екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1886 ж. 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1892 ж. 21 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Бұл реформалардың барлығы да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.