1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Түркістан өлкесін (1886) және Далалық облыстарды(1891) басқару туралы Ереже



бет47/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119

59 Түркістан өлкесін (1886) және Далалық облыстарды(1891) басқару туралы Ереже.
1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы ереже", 1892 жылы 21 наурызда "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже" қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кірді.
Сырдария облысы Әмудария бөлімінен және Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата және Ташкент атаулы 5 уезден тұрды. Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық /Степной/ генерал -губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. 1897 жылы Жетісу облысы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді.
1886 - 1891 жылдары патша өкіметі қабылдаған Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы жаңа "Ережелерге" сәйкес жалпы империялық соттар жүйесі - бітістіруші судьялар, облыстық және жоғарғы сот инстанциясы қалыптасты. Бұл реформалардың барлығы да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді. Сондықтан ол қазақтардың наразылығын тудырды.
Әскери - әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери губернаторы Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы "Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы ережелер" бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер бөлінді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым - салықтан, рекруттык /әскери міндет/ міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға "керек - жарақтар алу үшін" ақшалай көмек берілді. Патша өкіметі 1889 жылы 13 шілдеде "Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы" арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тиянақты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі - Сібір темір жол комитеті еді. Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең етек алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында жүргізілді.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартылып алынып, 10940 адам халқы бар 24 жаңа село пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1892 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру, Сырдария облысындағы Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен камтыды.
Қоныс аударушылар Ресейдің Еуропалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Өйткені, қазақ даласы ұлан - ғайыр кеңдігімен, кең - байтақ жерде егін шаруашылығына да, мал шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында /Ақмола, Орал, Торғай, Семей, Жетісу/ ғана 3463598 адам болса, оның ішінде Еуропалық Ресейден келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден - 42119, Орта Азиядан - 23530, Польшадан - бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды. Патша өкіметі Қазақстанның кең даласындағы кең байлықты өзінің шикізат қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Мал, жүн, теріні сутегінге сатып алып, өте қымбат бағаға өндіріс тауарларын сатып, қазақ халқын аяусыз қанады. Патша әкімшілік органдарының бастықтары мырзалық жасап, қазақтың шұрайлы жерлерінің әр десятинасын он тиыннан оңды солды сатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет