61.19 ғ. 60-90жылдарындағы көші қон Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлiгi-қоныстандыру саясаты. Помещиктер мен империалистiк буржуазияның мүдделерiне сай келген қоныс аудару мәселесiне патша өкіметі XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткенi Ресейде крепостниктiк хұқықтың жойылуы және әлеуметтiк - әкiмшiлiк жөнiндегi реформалар аграрлық мәселенi толық шешкен жоқ. Ресейдiң орталық аудандарында шаруалар толқулары тоқтамады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшiн бiрқатар шаралар қолданды. Қоныс аудару шаралары сол саясаттың бiрi едi. Сiбiрдi, Қазақстанның солтүстiк, батыс, орталық және оңтүстiк шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзiне тірек жасамақ болды
Қазақстан аумағында шаруаларды қоныс аударту себептері;
1.шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау
2.қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесіндегі өзінің сенімді тірегін қалыптастыру
3.қазақтарды отырықшы өмір салтына көшіру
4.шаруаларды жергілікті халақты христиан дініне енгізу мен орыстандыруда пайдалану
5.қазақстанды орыс имперясының мол астығы бар қоймасына айландыру
62. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері. І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды
Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру. «Қазақтар өзі отырған жерін ежелден басып алып пайдаланғаны негізінде өзінің меншігі санайды, – деп жазды Ә. Бөкейхан өзі де-факто редакторы болып шығарған «Иртыш» газетінің 1906 жылғы кезекті санында. – Қазақтар көші-қон ісін өз орнына қоя алатын күш табылатын Мемлекеттік Думаға ғана үміт арта алады. Білек күшінің құқы бар кезде, 12, 27 тамыз және 19 қыркүйек жарлықтарына сай шаруаларға сатылуға арналған патша әулетінің меншікті жері, жеке-меншікті жер (дворян-помещиктердің меншікті жері – С.А.), кабинет жері секілді қазақ жері де жекеменшікті дворян жерлерін қорғауға қызмет етеді» І Мемлекеттік Дума құрамындағы мұсылман фракциясы. СПб, Таврия сарайы, 1906 ж. Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу