1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы



бет70/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119

89 Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған сәтте-ақ кеңес өкіметінің тұтқынға түскен өз азаматтарынан біржолата бас тартып, әскери тұтқындардың құқықтарын анықтаған халықаралық Гаага және Женева конвенцияларын мойындамауы олардың жағдайын қиындата түскен. Әсіресе, бұл жағдай түркістандық соғыс тұтқындарына қатты әсер етті. Г.Гервардт «Гитлер мен Сталиннің арасында» деген кітабында соғыс жылдары түркістандық тұтқындардың 80 процентке жуығының ашаршылық пен аурудан өлгенін жазады.
1941 жылдың желтоқсан айында Польшадағы түркітілдес халықтардың өкілдері шоғырланған Ченстохан концлагеріндегі 30 мың адамның 2 мыңы ғана тірі қалған екен. Соғыстың алғашқы жылдарында түркі халықтары өкілдері «мен мұсылманмын» деп айтқандарына қарамастан, фашистер оларды «сүндетке отырыпты, еврей екен» деп қинап, итке талатып, талайын өлтіріп жіберген. Неміс концлагерьлеріндегі түркістандықтардың қандай жағдайда тұтқынға түскені жөнінде М.Шоқайдың Францияның Шығыс тілдері мен өркениеттері ұлттық институтының кітапханасындағы жеке мұрағаттық қорындағы тұтқындардан алған мағлұматтары негізінде жазылған «1941 жылғы Мұстафа Шоқайдың Германиядағы қызметі: әскери тұтқындармен – Түркістан тұрғындарымен байланыстары» деген құжатта көрсетілген деректерге сүйенсек, соғыс басталғаннан кейін жалпы мобилизация бойынша майданға алынған түркістандықтардың оннан тоғызы винтовканы қалай ұстауды да білмеген. Орыс тілін меңгермеген, әскери команда тілін түсінбеген. Көпшілігі стратегиялық қателіктер, әскер командирлерінің тәжірибесіздігінен майдан «котелдарында» жазықсыз қырғынға ұшыраған. Көбіне жауынгерлер жараланып немесе контузия алып, жауға еш қайрат қыла алмай тұтқынға түскен.
Соғыс кезінде қазақ, өзбек, қырғыз, т.б түрік-мұсылман халықтарының өкілдері мылтықпен, оқ-дәрімен жұрттың ең соңында жабдықталған. Мәселен, №106 Ақмола атты әскер дивизиясының көпшілігі қазақ болған екен. Соғыс өнеріне үйретілмеген, жөні түзу қару-жарақ та берілмеген жауынгерлер Харьков түбіндегі қоршауда түгелге жуық қырғынға ұшырайды. Бұл дивизиядағы 3200 жауынгерге танктерге қарсы соғысу үшін 3100 қылыш беріліпті. Дәл осындай Ржев түбіндегі қырғында да түркістандықтардың көптеп қырылып қалғаны белгілі. Қырғыннан аман қалғандары амалсыздан тұтқынға түскен. Қатты жараланып, ұрыс даласында қалған жауынгерлердің ешбір мүмкіндігі болмаған. Мысалы, Атырау тұрғыны Ғайпен Бейісов 1941 жылы Украинаның Лохвица деген қаласының солтүстігінде өткен қырғын соғыста жараланып, 15-18 қыркүйекте ес-түссіз ұрыс болған жерде қалған. Есін жиғаннан соң, сол маңда қашып-пысып жүргенде немістерге тұтқынға түссе, қызылордалық Утебеков Ануарбек 1942 жылы Харьков маңында аяғынан жараланып, тұтқынға түскен.
Түркістан легионы (нем. Turkistanische Legion) – Орталық Азияда туған түркі халықтарынан (қазақтар, өзбектер, қырғыздар, қарақалпақтар, түрікмендер, түріктер, башқұрлар, татарлар, ұйғырлар және т.б.) тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кейбір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды. Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет