.87)))))Қазақстандықтардың майдан іс- қимылдарына, партизандық қозғалысқақатысуы Партизандық қозғалыс үлкен саяси маңызға ие болды. Партизандық бөлімдер мен партиялық астыртын жұмыс жүргізушілер жергілікті тұрғындар арасында үлкен ауқымды жұмыстар жүргізді. Парақшалар, астыртын жұмыс газеттері арқылы, жеке əңгімелерінде олар басып алынған территорияларда тұрған кеңес адамдарына кеңес-герман майданындағы жағдай туралы шынайы ақпараттар берді, басқыншы биліктің жаласы мен өтірігін жоққа шығарды, фашистік езгіден азат болу жəне жаудың түпкілікті талқандалатындығына сенімді қолдады. Қорыта келе, неміс-фашист əскерлерімен басып алынған территориядағы кеңес адамдарының бүкілхалықтық күресі ауқымы, саяси жəне əскери нəтижесі бойынша фашизмді талқандаудың маңызды əскери саяси факторы мағынасына ие болды. Қазақстандықтар басқа да кеңес ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отаналдындағы борышын абыроймен атқара білді. Партизандар қозғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы мəселе əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.