1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қауымдық жерлерді иеліктен шығару және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу процесі



бет77/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

39.Қауымдық жерлерді иеліктен шығару және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу процесі.
Ата-бабаларымыз жайылымдардың табиғи тепе-теңдігін сақтау мақсатында кішігірім рулық бірлестіктерге бөлініп, белгілі жер көлемі шеңберінде көшіп-қонды. Жыл мезгілдерінің ерекшелігіне қарай маусымды қоныстану жүйесі қалыптасты. Қазақ халқы малды қыстан және жұттан аман сақтау үшін қоршаған ортаға (экожүйеге) бейімделу заңдылықтарын шебер меңгерген. Жыл маусымдары мен жайылымдарды пайдалану тәсілдеріне орай көштің ұзақтығы кейде жүздеген шақырымға дейін созылды. ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындақазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру салдарынан орын алған ашаршылықта республика халқының жартысына жуығы қазаға ұшырады. Жергілікті халық санының күрт кемуіне әкеліп соқты. 1950 жылдардағы ескерілмей жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты нәтижесінде құнарлы жерлердің 10 млн гектары эрозияға ұшырады. Сондай-ақ малшаруашылығын жүргізудегі кеңестік әдістер еліміздегі тағы 55 млн гектар жердің тозуына әкелді.
2. Дәстүрлі малшаруашылығы – тіршіліктің негізі. Көшпелілікті зерттеумен айналысқан еуроцентристік тұжырымдамадағы кейбір зерттеушілер шаруашылықтың бұл түрін өркениеттен артта қалу мен жабайылық көрінісі ретінде біржақты түсіндіріп келді. Ұзақ жылдар бойы көшпелілерді белгілі өз атамекені мен шегарасы жоқ, баспанасыз, мән-мағынасыз көшіп-қонып, құқық пен әділетті білмейтіндер деп қабылдап келді. Бірақ бұл түсінік тіпті дұрыс емес. Ұлы дала көшпелілерінің нақты бекітілген өз жерлері болды.
Л.Н. Гумилев және басқа ғалымдар көшпелілердің киіз үй, арба, ер-тұрман, қайқы қылыш т.б. жетістіктер ойлап тауып, әлемдік өркениетке қосқан үлесін дәлелдеді.
Ата-бабаларымыз рулық жайылымдарды тек адамдар мен мал арасында әртүрлі аурулар мен індет жайылуынан жаппай қырылуына әкеліп соққанда ғана уақытша тастап кетуге мәжбүр болған. Басқа уақытта көшпелілер сан мыңжылдықтар бойы ұдайы көштің әдістері мен ережелерін сақтап келді. Осындай қорытындыны көрнекті түркітанушы және лингвист В. Радлов та жасайды: «Жоспарланбаған көші-қон туралы сөз болуы мүмкін емес… тайпа немесе тайпалық бірлестіктер жайылымдарын өздерінің жекеменшігі ретінде санайды, көрші тайпалардың басып кіруіне жол бермейді».
XIX ғасырдың басына дейін қазақтар және олардың түпкі ата-бабалары (сақтар, ғұндар, түркілер) өте дәулетті тұрмыс кешкен. Еркіндік, әділеттік, көшпелі өмір салты, ен даладағы кең жайылымдар, халықтың сирек орналасуы Ұлы далада дәулетті малшылар дәстүрі мен сән-салтанатын қалыптастырды. Көшпелілер түгелдей қару-жарақпен жеткілікті қаруланып, өз отбасын, малы мен жайылымдарын қорғауға дайын тұрды. Көшпелілердің негізгі дәулеті мал болып, байлық өлшемін ірі және ұсақ мал құрады. 
Мал көшпелілерге азық-түлік, киім-кешек, тұрғын үй т.б. қажетті өнім берді, көлік міндетін атқарды. Алайда байлық өмір сүрудің негізгі мақсаты емес, әрбір далалықтың жеке бостандығы мен тәуелсіздігі және өмір сүруінің кепілі есептелінді. Мал санының көп болуы мұқтажсыз өмір сүру мен ұлдарын үйлендіргенде қалыңмал төлеу үшін қажет еді. Байлықтың арқасында олар ата-баба аруағына бағыштап салтанатты ас берді. Кез келген адамды, тіпті жатжерліктерді де ақы алмай қонақ етіп күтті. Қазақ әдебиетінің белгілі зерттеушісі, ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Абылай хан заманында әрбір екінші қазақтың дәулетті, бай болғандығын жазады. Бұл деректі Орта жүз қазақтары туралы жазған жазбаларында Шоқан Уәлиханов та растайды: «Сібір қырғыздары (қазақтары) сыртқы округтік приказдар құрылғанға дейін өте дәулетті де бай болған, бұған еш күмән келтіруге болмайды».
Осындай дәулетті Сапақ би туралы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының өмірі мен тұрмысын зерттеген орыс офицері С. Броневский былай деп жазады: «Орта жүзде өте бай қазақтар бар: мысалы, Қарпық болысындағы Сапақ бидің 10 мыңға жуық жылқы, көптеген түйелер мен ұсақ малы болды; бір жайылымнан келесі қонысқа көшкенде дүние-мүлкін 150-ден астам түйеге артқан». Бай және ауқаттылардан Түйте Нүрекенов, Мұса Шорманов, Шоң Едіге, Сағынай, Нұрмағамбет, Жексенбай және т.б. атап өтуге болады.
ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің құлау қарсаңында бой көтерген Алаш қозғалысының өкілдеріне қазақ даласының әртүрлі аймақтарының дәулетті азаматтары қаржылық қолдау көрсетіп, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына өз үлестерін қосты. Олар – Қаражан Үкібаев, Медеу Оразбаев, Үкі Әділов, Хасен Ақаев, ағайынды Бекметовтер, Ыбырай Ақбаев, Маман байдың балалары, Иса Көпжасаров, Салық Омаров, Тобанияз Әлниязов т.б. Ұлы дала кеңістігінде малшылардың басым бөлігі бай-қуатты болғандықтан, елде ұрлық та орын алмаған. ХІХ ғасырдың ортасында М.И. Красовский бұл туралы былай жазған: «Ұрлық… даладағы қазақтар арасында орын алмаған деп толық айта аламыз ». Қыстауларға ешкім тиіспеген. Дала жұрты есікті іштен құлыптау дегенді білген жоқ. Жаман ырымға теңеп мал басын да санамауға тырысқан. Дәулетті тұрмыс далалықтар өмірінің маңызды бөлігін мейрамдар мен ойын-сауықтарда, спорт сайыстарында, аңшылық пен саудада өткізуге мүмкіндік берді. Егіншіліктің дамуы. Қазақстан аймағында табиғи- климаттық жағдайдың әртүрлілігіне байланысты көшпелі малшаруашылығымен қатар, егіншілік те орын алған. Кеңес өкіметі кезінде далалықтарда егіншілік ешқашан болған емес деген пікір айтылды.
Шын мәнінде, қазақтар егіншілікпен ежелден-ақ айналысқан. Оны тарихи, соның ішінде археологиялық деректер айқын дәлелдейді. Өзен-көл, су көздері жақын өңірлерде егіншілік ошақтары дамыды. Егіншілік орталықтары – Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Орал, Ертіс өзендері мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері маңы. Егіншілік ертеден-ақ Оңтүстік Қазақстан (Сырдария, Қаратау) және Жетісу өңірлерінде кең өріс алды. Басқа аймақтарда да шағын көлемде тұрғындар жер өңдеумен айналысты.
Егіншілік неолит және энеолит кезеңінде қалыптасты. Алғашқы қола дәуірінің қарапайым орақтарын археологтар Шығыс Қазақстанмен Солтүстік Қазақстан өңірлерінен тапқан.
Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар егіншілік кәсібімен шұғылданды. Оны археологиялық деректер айқындап берді. Андрон тайпаларында егіншілік қосалқы шаруашылық түрі болды. Андрондықтар жерді өңдеу үшін тесе, қола және мыс орақтарды пайдаланған.
Б.з.б. VІІІ–VІІ ғасырларда Қазақстанның ежелгі тұрғындары ерте темір дәуірінде шаруашылықтың кешенді түрімен айналысты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жер өңдеу кәсібі малшаруашылығымен қатар дамыды. Ежелгі тұрғындар жер өңдеуде суару қондырғыларын пайдаланған. Сырдың орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінде егіншілік қарқынды дамыды. Бұл өңірде отырықшы малшаруашылығымен ұштасқан тәлімді (суармайтын) және қолдан суаратын егіншілік түрі жүргізілді. Егіс алқаптарын суару үшін тоғандар мен су қоймаларын салған. 692 жылы қазақ жеріне келген елші В. Кобяков былай дейді: «Тәуке ханда нан көп, қазақтар бидай, арпа және тары өсіреді…».
Қазақтар орыстарға астық сатып та отырды. Осы жайлы 1830 жылы С. Броневский: «Астық далада айтарлықтай бар… Өскемен, Семей, Ертіс шебіне қазақтар … бидай және тарыны базарға сатуға әкеліп тұрады; бұл кез келген орысты таңғалдырады», – деп жазды. Бұл – қазақ халқының егіншілікпен айналысқанының айқын дәлелі.
Х ғасырдың басындағы қазақтардың жаппай егіншілікке өту себептері. ХІХ ғасырдың соңында қазақтарды жаппай егіншілікпен айналысуға мәжбүр еткен себептер: біріншіден, орыс шаруаларының қоныс аударуы салдарынан мал жайылымдары қысқарып, қала тұрғындарының саны өсті. Екіншіден, қазақтар егіншілікке өтпеген жағдайда қоныстанған аймақтардан күштеп ығыстырылатын қауіпті де ескерді. Егіншілікке өту арқылы қазақтар өз жерінде тұрақтап қалуға әрекеттенді. Бұл туралы «Азиялық Ресей» (СПб, 1914, 1 т.) кітабын құрастырушылар былай деп жазған: «Орыстардың қоныстануы бұл жерге (Далалық өлкеде) қазақтардың отырықшылыққа көшуімен бірге жүріп жатыр. Жайылымдардың қысқаруы оларды малшаруашылығынан отырықшы егіншаруашылығына көшуге мәжбүрледі».
Үшіншіден, патша өкіметінің отарлау саясаты қазақтарды отырықшылыққа көшіруді көздеді. Бұл жерде патшалық Ресейдің басты мақсаты – өлкенің негізгі тұрғындарын жерінен айырып, қоныс аударушыларға босатып беру және қазақ қоғамында патша билігі үстемдігін бекіту еді. Кейде қазақтар орыс шаруаларымен тәжірибе алмасып, олардан шаруашылықты жүргізу әдісін үйренген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет