1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Бірінші кезең – ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарынан басталып ХІХ ғасырдың 20 жылдарына дейін



бет82/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

Бірінші кезең – ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарынан басталып ХІХ ғасырдың 20 жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы істеріне орыс билігі тығыз араласты және хандарды бекітіп отырды.
Екінші кезең – бағыныштылық кезеңі, ХІХ ғасырдың 60 жылдарына дейін. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы». Осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесінде ішкі және сыртқы округтер ашылды. Округ басшылары аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.
Үшінші кезең – таза бодандық, 1860 жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың өз кезегінде уездерге және тағы басқаларға бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы – сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым-қатынастарының шеңберіне тартыла бастады.
Бір жарым ғасырға созылған орыс жаугершілігі ақыры Қазақстанның оңтүстіктегі қалаларды жаулап алумен аяқталды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл аумағы Ресей билігіне өтті. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткенорыс әскері техникалық жарақтандырылуының артықшылығы еді. Екіншіден, бірқатар сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден, Кенесары қозғалысы кезінде Ресейді қолдаған Қазақстанның оңтүстік көршілерінің – Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты. Кенесары көтерілісі жеңілгеннен кейін орыс әскерлері Жетісуды, 60 жылдары оңтүстік қалаларды басып алды (Ташкент, Шымкент, Түркістан, т.б.). Ресей өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзды, көшпелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ережеден» кейін Ресейдің отаршылдық саясаты кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері кең көлемде айырбас және сауда қатынасын жасау мүмкіндігіне ие болды. Қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік өндірістік қатынастар қалыптаса бастады. XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін қосу әртүрлі саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді. Оңтүстік Қазақстанды, содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді.Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.Сонымен бірге, Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер туғызды, сауаттылықты, сауданы жандандыруды тарату, қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркәсіптік қатынастың орбитасына енгізу үшін мүмкіндіктер орнатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет