1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Е.Пугачев (1773–1775) көтерілісіне қазақтардың қатысуы. Көктемір көтерілісі



бет84/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

42.Е.Пугачев (1773–1775) көтерілісіне қазақтардың қатысуы. Көктемір көтерілісі.
ХҮІІІ ғ. соңында Патша үкіметі өзінің отарлау саясатын кеңінен жүргізуі, қазақтардың жаппай толқуылдарға шығуына әкелді. ХҮІІІ ғ. 30 жылдарының ортасынан бастап Ресей мемлекетінің қазақ жерлеріне ұмтылуы, ондағы қазақ халқына империяның отарлары ретінде қарауы патшалық әкімшіліктің басқаруымен басшылыққа алынды. Осы отарлау саясатының іске асырылуы мақсатында қазақ, қалмақ, башқұрт халықтарының өзін-өзі дәстүрлі басқару қалдықтарын түпкілікті жойып, енді билік басына келген ресми билеушілер ашынған жергілікті халықтың аянбай қарсыласуымен күресуіне тура келді.
Бұл саясат әсіресе, империя шекарасына жақын орналасқан Батыс Қазақстан жерлерінде басым жүргізілді. Осыдан Кіші жүз руларының билеушілері арасында қақтығыстар туындап, ұлт-азаттық қозғалыстар күрделеніп, Ішкі Ордада Ресей әкімшілігінің әмірі арта түсті.
Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына (1773-1775 жж.) қазақтарда тартылды. Патша үкіметі ұлан-ғайыр қазақ даласының батысында, солтүстігінде және солтүстік-шығысында бекініс шептерін құрды. Бұл бекіністер әскери қорғаныс ретінде ғана болып қойған жоқ, сондай-ақ патшалық Ресейдің отарлау саясатын іске асыру мақсатындағы тірек пункті болды. Казак әскерінің шекаралық жерлерді жағалай орналасқан шептері қазақтардың көші-қоныс жерлеріне шек қойды. Ежелден тұрып келе жатқан жерлерінен ығыстырылған қазақтар, амалсыздан өз еріктерімен Орал және Ертіс өзендерінің оң жағалауына өтуге мәжбүр болды.
1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысы Кіші және Орта жүз қазақтары арасынан өз қолдаушыларын тапты. Қазақтар шаруалар соғысына, болған оқиғаларға қатысып белсенділік көрсетті. Кіші жүз қазақтары Яицк бекінісін қоршауға алуда, Кулагинск бекіністерін басып алуға қатысты. 2000 қазақ сарбаздары Орынборды қоршап алуға қатысты. Орта жүз қазақтары Пресногорск бекінісіне шабуыл жасап, басқа да бекіністерге қауіп төндірді.
Е. Пугачев бастаған көтеріліс қазақ қоғамына өте маңызды ықпал етіп, Көрінбейтін-Көктемір қозғалысы және қазақтардың Е. Пугачев көтерілісіне қатысуы империяның отарлау саясатына қарсы күрес жүргізуіне серпіліс берді. Бұл оқиғалардың барлығы 1783-1797 жылдары Кіші жүзде С. Датұлы бастаған көтерілістің болуына ықпал етті. С. Датұлының жеке басының ерекшелігі мен оның беделі оған ұлт-азаттық көтерілісті басқаруына мұрындық болды.
Кіші жүздегі жаппай бас көтерулер отарлық әкімшілікті қобалжытты. 1785 жылдың қаңтарында Әскери Коллегияның шешімімен генерал Смирнов басқарған жүйелі жазалаушы отрядтар жіберіліп отырды.
С. Датұлының белсенді іс-әрекеттері көтерілісшілердің күшін ұлғайтты. Ал отарлаушы әкімшілікпен оның жақтаушысы болған кіші жүз ханы Нұралының беделі дағдарысқа ұшырады. Осы кезде патшалық әкімшілік Орынбор губерниясының губернаторы О. Игельстромның реформасын іске асыру арқылы кіші жүздегі хандық билікті түпкілікті жойып, хандық институттың қолдауымен қазақ қоғамының ішкі бірлігін бұзбақшы болды. Бірақ О. Игельстром реформасы ойдағыдай нәтиже бермеді. Хандық билікті жою әрекеті көтеріліс барысында жаңа кезеңнің тууына себеп болды. С. Датұлы 14 жыл көлемінде патшалық тәртіптің отарлау саясатына қарсы тұра алды. Батырдың іс-әрекеттері соңынан ізбасарларын қалыптастырып, дәстүрлі саяси билік жүйесін сақтауға ұмтылды. Патшалық билікке қарсы шыққан қазақтардың әскери күштері жағынан оларға тең келмеді. Бұл қозғалыс ұлттық сана-сезімнің өсуіне және халықтың азаттық жолындағы күресі болды.
1801 жылы Павел І-нің бұйрығы бойынша Орал мен Жайық өзендері арасында Бөкей хандығы құрылады. Патшалық әкімшіліктің хандық құруға рұқсат етуі, кіші жүздегі жағдайды бәсеңдету мақсатында жасалды. Бірақ кіші жүз қазақтарының Ресейдің отарлау саясатына қарсылықтары одан әрі тұрақты болды. Саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы ерекшелік-ол орыс жерлерімен шектес территориялық шек болды. Мұнда әрине патшалық әкімшіліктің күшті әсері болды.
Жәңгір хан тұсында Бөкей хандығында патшалық басқарманың игілігіне қызмет жасаған орталықтанған бюрократиялық басқару жүйе болды. Ордадағы шартты отарлау саясатының тереңдетілуі, отаршылдыққа қарсы көтеріліс туғызды. Оның себептері: жер мәселесіндегі дағдарыс, салықтың ауыртпашылығы, патша шенеуніктерінің іс-әрекеттері, Жәңгір хан мен оның туыстарының қыспағы.
И. Тайманов пен М. Өтемісұлының азаттық қозғалысы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі 1833-1836 жылдарды қамтыды және бұл кез көтеріліске дайындалу болды. Екінші кезең ханға қарсы шығуы (1837 ж. басы) және олардың 1837 жылы қараша айындағы жеңілуіне дейін жалғасты. Үшінші кезеңі кішігірім топтардың жаңа шайқасқа тартылуы болып, олар Ақбұлақ өзенінің маңындағы (1838 ж. шілде) түпкілікті жеңілуімен аяқталды.
Орта жүздің саяси-әкімшілігіне жаңа өзгерістердің енгізілуі алдыңғы кезеңдегі толқуылдардың шашыраңқы, ұйымдастырылмағандығына қарамастан, отаршылдыққа қарсы күрестің жалғасуына жаңа серпіліс бере отырып, халықтық-азаттық сипат алды. Бұл жағдай Абылай ханның үлкенді-кіші рулас мұрагерлерінің қазақ жерлерін біріктіру жоспарларын екінші орынға қалдырды. Бұл күресті оның немерелерінің бірі-сұлтан, сосын хан Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) басқарды.
К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы барлық Қазақстан территориясын, барлық жүздерді қамтығандығы оның басты ерекшелігі болып табылады. Көтеріліске қатысушылар саны 20 мың адамға дейін жетіп, хандық билік қалпына келтіріліп, хандық билік қайта өрледі. К. Қасымұлының саяси талабы Қазақстанның территориялық бірлігін қайта қалшпына келтіру, оның өз алдына дербестігін сақтауы туралы, оның Николай І-шіге жазған хатында келтірілген. Орынборлық губернаторлар В.Перовскийге, В.Обручевке, Сібір губернаторы П.Горчаковқа, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы А. Генске талаптарын айтып хат жолдады.
Ұлы Абылай тұсындағы мемлекеттілікті қайта орнатуды мақсат еткен XIX ғасырдағы қазақ халқының ең ірі ұлт-азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аяқталды. Бұл қозғалыс Орта Азия мен Қазақстан халықтарының есінде өшпес із қалдырды. Кенесары ханның тарихи тұлғасы, оның саясатшы, қолбасшы, дипломат сияқты қасиеттері, тоталитарлық жүйе жағдайындағы қысымға қарамастан, халық жадында берік сақталды. Кенесары ханның қозғалысы – ұрпақтарының есінде атасы Абылай ханның халық үшін жасаған игі істері сияқты – халық жадында сақталғанымен оның ұлы ерліктері патша үкіметі жүргізген әскери-саяси мүддесінің негізінде сәтсіздікке ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет