1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстанның Ресейге қосылуы. Ресейдің отаршылдық саясаты (XVІІІ ғ.ортасы- XIX ғасыр)



бет81/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

41.Қазақстанның Ресейге қосылуы. Ресейдің отаршылдық саясаты (XVІІІ ғ.ортасы- XIX ғасыр).
ХVІІІ ғасырдың бас кезі орыс мемлекеті нығаюының және империялық кезеңге өтудің басы болып саналды. Ол ХVІІІ ғасырдың 20 жылдарында бастау алған Қазақ хандығы мен Ресейдің белсенді саяси байланыстарының дамуымен сипатталды. Жоңғар шабуылынан кейін (1717-1718 және 1723-1727 жылдар) қазақтың көптеген тайпалары ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды. Бірқатар тайпалар Әбілқайыр ханмен бірге Жайық өзенінің оң жақ жағалауына көшуге әрекет жасады. Осы жерде олар Ресей бодандығындағы қалмақ, башқұрт елдерімен қатар қоныстанды. 1726 жылы кіші жүз өзінің шекаралық келіспеушіліктерін реттеу үшін Ресейге елші жіберген. Екі ел арасындағы сауда-дипломатиялық қатынастардың дамуы Ресейге де аса пайдалы екендігі І Петр заманында-ақ белгілі болды.
1730 жылы маусымда Әбілқайыр хан өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұрап императрица Анна Иоанновнаға өтініш хат жолдайды. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілікті 1730 жылы қыркүйекте Петербургке жібереді. Осы уақытта Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Қабардин княздігі, Грузия енген болатын. Ресей Әбілқайырдың елшілерін сыйлап зор құрметпен қарсы алады. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоанновна Әбілқайыр ханның және оның қарамағындағы қазақ ұлысының Ресейге ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды.
Қазақстанға Әбілқайыр ханнан ант алуға Шет елдер коллегиясының аудармашысы А.Тевкелев басшылығымен елшілік келеді. 1731 жылы А.Тевкелев 5 қазанда Ырғыз өзеніндегі Майтөбе деген жердегі Әбілқайырдың ордасына жетеді. Осы жерде қазақ билеушілерінің арасында бодандыққа көшу туралы бірліктің жоқтығы байқалады. Билер мен сұлтандардың көпшілігі «орыс бодандығы» туралы естігілері де келмеді. Бірақ Тевкелев табын руынан шыққан Бөкенбай батырға және оның күйеу баласы Есет батырға арқа сүйеді. Нәтижесінде 1731 жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан, Бөкенбай және Есет батырлар бодандықты қабылдап, ант берді. Осылайша, Ресейге кіші жүздің қосылуы басталды. 1732 жылы 24 қарашада А.Тевкелев елшілігі кері қайтады.
ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарының ортасында жоңғарлар қайтадан қазақтарға, әсіресе Орта жүзге қысым көрсете бастады. Орта жүз ешкімге тәуелді болмай, өз еркімен өмір сүрді. Сәмеке хан өлгеннен соң да орта жүз тәуелсіз болып қала берді. 1743 жылы орта жүз бен Жоңғария арасында бейбіт келісім жасалды. Шын мәнінде, 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» дейін Солтүстік және Орталық Қазақстан тәуелсіз өмір сүре берді. Ұлы жүз қазақтары 1734 жылы Жоңғариямен келісімге келіп, жартылай бағыныштылықты күй кешті. Тек ХVІІІ ғасырдың 50 жылдары Жоңғар ордасының дағдарысы ұлы жүзді бостандыққа жеткізді. Қазақстанның Ресейге қосылуы ХVІІІ ғасырдың 30 жылдары басталып, ұзақ және күрделі оқиғалар мен үрдістерден кейін ғана ХІХ ғасырдың 60 жылдары аяқталды. Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауы әр түрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудандары Ресейге ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық бөлігін қатаң әскери күшпен бағындырды. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет