2-аралық бақылау сұрақтары Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері


Тренингтің технологияның ерекшеліктері



бет10/11
Дата18.04.2023
өлшемі45,77 Kb.
#84019
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
26.Тренингтің технологияның ерекшеліктері.
«Тренинг – жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара
қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған
жаттығулар жүйесі» Оқудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылығы:
мақсаты шектеулі- алдына шағын мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін ғана
жұмыс жасайды;
өзіне ілестіру бағыттылығы- кең көлемде білім бермесе де, қандай да бір мәселенің жеке жақтарын терең ашуға тырысады;
қолданбалық сипаттылығы - оқытудың басқа әдістерімен салыстырғанда алған білімнің өмірге тікелей пайдалануымен ерекшеленеді.


27.Қарым-қатынас тренингі.
«Қарым­ қатынас» тренингі. Мақсаты: Оқушыларды бір-біріне деген түсіністікке, достыққа, жолдастыққа, қарым қатынастың 
қалыптасуына әсер ету.
Міндеті: оқушылардың бір­біріне деген қарым­қатынасын жақсарту, адамгершілік қатынастарын қалыптастыру арқылы тұлғаның өсуіне, өзін­өзі тәрбиелеуіне және жетілуге ынталандыру.


28.Ұжымдық жұмысты ұйымдастырудың құрылымы.
Ұжымдық оқыту технолгиясы – шығармашылық,өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлғаға
қарай бағыттай беруді басшылыққа алады.. Ал бұл үрдісте ұжымдық оқыту технологиялардың орны ерекше.Себебі ол әр оқушының өзіне ғана тән ізденісі,
қабылдауы, болжамы, сезімі, шешімі, тұжырымы негізінде жазылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту,
ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен
оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің
жұмыстарын бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.


29.Ұжымдық оқыту технологиясының мәні.
Ұжымдық оқыту технологиясы дегеніміз –сынып оқушыларының назарына білім мазмұнын ұсынуда оқытушы мен оқушылардың іс-әрекетін
ұштастырып, бір мақсатқа бағдарлайтын әдіс, тәсіл,амалдар мен жаңа технологиялар жиынтығы. Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет