2 ДƏріс азатшыл -демократтық бағыт. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата11.11.2022
өлшемі109,08 Kb.
#49309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
55
 
Қайқайып белің Сынуға тұр таянып. Талауда малың, 
Қамауда жаның, Аш көзіңді, оянып» («Жиған-терген») деп 
ұлтына ұран салған қайраткер «Адамдық диқаншысы» 
өлеңінде өзінің өмірлік мұратын былайша жеткізді: 
«Адамдық диқаншысы – қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы 
жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
Көңілін көтеруге құл халықтың». Əлеуметтік мұрат-
мақсаты айқын ақын «Жұртыма», «Жұбату», «Қазақ 
салты», «Қазақ қалпы» өлеңдерінде азат елдің ертеңін 
толғап, кемел ұлт болу жолында отаршылдықтар арылу 
бағытын нұсқайды. Ұлтқа қызмет барша əлеуметтің 
қасиеттті парызы деп беледі. «Мен бұқтым, жаттым, Сен 
бұқтың, жаттың, Кім істемек қызмет? Ауызбен айтып
Істерде қайтып, Жоламасақ, не міндет? Тек жүрсек тоқ 
жүрмекті Қиын деме білмекті». «Тəн көмілер, көмілмес 
еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт 
ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, Ел біркүншіл, менікі ертең 
үшін», - деп имани қасиеттерді отаншылдық рухпен 
сабақтастырды. «Қалтылдақ ақйық мініп еспесі жоқ, 
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын 
қуса, жылжи беру Болғандай табан тіреу еш нəрсе жоқ» 
(«Қазақ қалпы») ұлтының тағдырына бей-жай қарай 
алмады. «Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» - қазақ 
əдебиетін жаңа тақырыптармен, ойлармен, өрнектермен 
байытты; Абайдың ақындық дəстүрі ілгері жалғасты, заман 
талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты 
ақындардың 
жаңа 
буына 
тарам-тарам 
жүлгелерді 
тереңдетіп, жалғастырып əкететеін болды» (Р.Нұрғали). 
Түптеп келгенде, А.Байтұрсынұлы шығармашылығы қазақ 
əдебиетіндегі 
ұлттық 
идеяны, 
тəуелсіздік 
мұратын 
жырлауымен руханият əлеміне соны тыныс дарытты. «Ол 
қарапайым, нағыз қазақ тілінде бостандық, ұлт туралы – 
қазақ халқының қанауда, артта қалғаны жайлы жырлап, 
оны оқуға, еңбекке жəне ұйқыдан оянуға шақырды, əрбір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет