2 ДƏріс азатшыл -демократтық бағыт. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата11.11.2022
өлшемі109,08 Kb.
#49309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
56
 
қазақтың бойындағы азаматтық сезімді оятуға ұмтылды» 
(М.Дулатұлы). Абайтанудағы алғашқы құнды ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдегі ізденістердің даму үрдісінде 
А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы ерекше аталады. Бұл 
ретте оның «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы мен 
«Əдебиет танытқыш» (1926) атты теориялық еңбегі 
абайтанудағы 
ақынның 
шығармашылық 
тұлғасын, 
шеберлік қырларын тану мен талдауда оқшау тұратын 
ғылыми мұралар болып табылады. 
Ұлтының саяси теңдігі мен рухани оянуын мұрат 
еткен Алаш перзенті отарлық езгідегі халқының елдігін 
сақтау мен азаттыққа ұмтылысында соған ерекше серпін
күш қуат беретін құдірет - сөз өнері, яғни əдебиет екенін 
терең екшей білді. Сондықтан да «...Өзіміздің елімізді 
сақтау үшін бізге мəдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол 
үшін ең алдымен əдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына 
ел болуға, өзінің тілі, əдебиеті бар ел ғана жарай 
алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп білген ол 
ұлттық сөз өнерінде жəне де руханият əлемінде Абай 
сынды ақынның алар орынын əлеуметке жеткізуді, ұлт 
санасына сіңіруді басты парызы санады. Осы жағынан 
алғанда Алаш қайраткерінің «Қазақтың бас ақыны» атты 
абайтанудағы алғашқы құнды мақалалардың бірін жазуы 
заңды құбылыс еді. «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты 
Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда 
қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ». Міне, 
осындай мақсаты айқын əдеби-эстетикалық бағалаушылық 
сипатта басталатын А.Байтұрсынұлы мақаласы Абайдың 
ақындық даралығын, шеберлігін талдаудағы тереңдігімен 
құнды. Сондықтан да «Абай сөздері дүнияда қалғаны - 
қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, 
сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ 
балалары талай алғыс берер» деген бағалаушылық 
тұжырым Абай мұратын таныған жəне өзгелерге де 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет