№2 дәріс ферменттер


Активті орталық (АО) Ферменттер



бет2/7
Дата06.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#113102
1   2   3   4   5   6   7

Активті орталық (АО)

Ферменттер

Ферменттердің әсер ету механизмі


3 сатыдан тұрады:
І. Фермент-субстрат комплексінің түзілуі.
Субстрат ферменттің активті орталығымен байланысады. Бұл әрекеттесу субстраттың химиялық табиғатына тәуелді: егер субстратта зарядталған топтар болса, онда бұл комплекстің түзілуі иондық байланыс есебінен түзіледі. Ал ондай топтар болмаса, сутектік байланыс немесе гидрофобтық әрекеттесу есебінен іске асады.

ІІ. Фермент-реакция өнімі комплексінің түзілуі


Ферменттің активті орталығындағы активті топтар субстраттағы байланыстарды әлсірете отырып, оған әсер етеді. Бұл кезде субстраттың конфигурациясы өзгеріп, субстрат молекуласының деформациясы, полярлануы жүреді, активтену энергиясы төмендеп, субстарт ыдырайды. Бұл саты өте қысқа уақытта өтеді.

ІІІ. Фермент-реакция өнімі комплексінің ыдырауы, бос ферменттің бөлінуі.


ІІІ сатысы баяу жүреді, бүкіл реакция жылдамдығы осы сатыға байланысты.

Ферменттердің әсер ету механизмі


Е – фермент;
S – субстрат;
ES –“фермент–субстрат” комплексі;
Р1, Р2 –реакция өнімдері;
К1, К2, К3 – тепе-теңдік константалары

Ферменттердің номенклатурасы мен жіктелуі.

  • Қазіргі уақытта барлық ферменттер класқа жіктеледі. Әр класс ферменттері топтарға, топтар топшаларға бөлінеді.
  • Ферменттің аталуы субстраттың атына немесе катализдейтін реакция атына “аза” деген жалғау қосылып оқылады. Кейбір ферменттердің тривиальды аттары сақталған.

1961 жылдан бері әрбір фермент 4 санды шифр бойынша белгіленеді:

  • Мысалы: ұйқы безінің липазасы ЕС 3.1.1.3 деп шифрланады, мұндағы:
  • "3" класты - гидролазалар класын,
  • "1" топты - эстеразалар тобын (күрделі эфирлік байланысты үзеді),
  • "1" топшаны – карбоэстеразалар топшасын (карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирлік байланысты үзеді),
  • "3" –ферменттің осы топшадағы реттік санын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет