2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


жайылымдары мен суаттардың аумақтарына қойылатын талаптар



бет8/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   141
жайылымдары мен суаттардың аумақтарына қойылатын талаптар
23. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) Заңның 21 бабының 3 тармағына сәйкес тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісе отырып ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
Жануарларды маусымдық жайылымдарға, ет өңдеуші кәсіпорындары мен мал сатып алу орындарына айдап апару үшін ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдарына, айдалатын малдың жолдағы азығын қамтамасыз ететін мөлшерде жер пайдалану шекарасының бойындағы жайылымдық алқаптардан жер учаскелері беріледі.
Бір ауданның шегінде мал айдауға арналған ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары береді.
Бірнеше ауданның аумағы арқылы мал айдау үшін мал айдайтын жолдарға жер учаскелерін беру туралы шешімді облыстың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

24. Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдайтын жолдардың жер пайдаланушылары болып табылатын адамдар құдықтар мен малды суаруға және малды дамылдатуға арналған алаңдар, экологиялық талаптардың сақталуын және жолдардың қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар мен ғимараттар салады, айдалатын малды белгіленген тәртіппен және ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде кедергiсiз өткiзеді.


10-параграф. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк,
ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды,
сараптама актiсi жөнiндегi құжаттамаға қойылатын талаптар
25. Ветеринариялық есепке алу және есептілік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық есепке алу және есептілік нысандары бойынша және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11265 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық есепке алу және есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларына сәйкес жүргізіледі және ұсынылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

26. Ветеринариялық анықтамаға және ветеринариялық-санитариялық қорытындыға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда белгіленеді.


Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

27. Сараптама актісіне (сынақ хаттамасына) қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларында белгіленеді.


Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11-параграф. Мал қорымына(биотермиялық шұңқырларға)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет