2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарына, ыдыстың барлық



бет5/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарына, ыдыстың барлық
түрлерiне, буып-түю материалдарына қойылатын талаптар
11. Жануарлардың аса қауiптi аурулары тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралас аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына кіретін көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген кезеңде және тәртiппен дезинфекциялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына енетін барлық көлік құралдарының қозғалғыш бөліктері жануарлардың жұқпалы аурулары, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының әкелуінен қорғау үшін дезинфекцияланады.
12. Орын ауыстырылатын (тасмалданатын) объектінің сипатына және олардың ветеринариялық-санитариялық бағасына байланысты көлік құралдары үш санаттың бірі бойынша өңделеді:
1) бірінші;
2) екінші;
3) үшінші.
13. Мыналарды:
1) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтағы пункттерден шыққан дені сау жануарларды (оның ішінде құсты, аңдарды, хайуанаттар бағы жануарларын, араларды, бауырымен жорғалаушыларды қоса алғанда);
2) дені сау жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдаған көлік құралдары бірінші санат бойынша өңдеуге жатады.
Үймемен тасымалданатын сойылған жануарларды, етті, ет өнімдерін, жемдік астық пен құнарлы жем шөпті тиеуге берілетін көлік құралдары да бірінші санат бойынша өңдеуге жатады.
14. Мыналарды:
1) тасымалдау кезінде арасында ауру немесе жұқпалы ауруы бар деген күдік туған жануарлар мен құстарды, сондай-ақ жұқпайтын немесе жұқпалы аурулардан өлген жануарлардың (құстардың) өлекселерін;
2) жұқпалы аурумен ауыратын жануарлардан және құстардан алынған немесе жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз пункттерден дайындалған өнімдер мен шикізатты;
3) өсіру және жерсіндіру мақсатына арналған тауарлық тірі балықтарды, сондай-ақ тиеуге берілетін балықты, ұрықтандырылған уылдырықты, шаяндарды;
4) экспорттаушы елде ыстық жуудан өткен импорттық жүнді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары екінші санат бойынша өңдеуге жатады.
Асыл тұқымды, күнделікті пайдаланылатын, цирктік, хайуанаттар бағы және спорттық жануарларды, сондай-ақ ет пен ет өнімдерін экспортқа тиеуге арналған көлік құралдары да екінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жатады.
15. Мыналарды:
1) жолда болған кезде немесе түсіру кезінде Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (Халықаралық эпизоотиялық бюро) (бұдан әрі – ХЭБ) тізіміне енгізілген аса қауіпті ауруларға шалдыққаны анықталған немесе күдік тудырған немесе аурулардан өлген жануарлар арасында болған жануарларды;
2) сібір жарасына зерттелмеген тері-былғары шикізатын;
3) қолайсыз елдерден түсетін жануарлардан алынатын импорттық шикізатты;
4) камералық өңдеуден және ыстықпен жуудан өтпеген импорттық жүнді, қылшықты, қылды, мамықты, қауырсынды, түбітті, қабықты және басқаларын;
5) ветеринариялық-санитариялық шығу тегі белгісіз жануарлардан алынатын өнімді;
6) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында кездеспейтін жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз елдерден әкелінген жануарлардан алынған шикізат пен жартылай фабрикаттарды;
жиналған және даладағы сүйектерді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары үшінші санат бойынша өңдеуге жатады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16. Бірінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары алдымен қидан, қоқыстан, жануарлардан алынатын өнімдердің қалдықтарынан және басқа да ластанудан тазартылады, содан кейін жуады. Жуу ыстық сумен жүргізіледі. Жуылатын беткі қабаттардағы су ағысының температурасы 600С төмен болмауы және брандспойттан шыққан кездегі қысымы 2 атмосферадан кем болмауы тиіс. Еден мен құрал-жабдықтарды, содан кейін қабырғаларды, төбені және есіктің ішкі жағы мен торларды жуады. Жуылмай қалған кірді қырғыштың, щетканың және сыпырғыштың көмегімен кетіреді. Содан кейін екінші қайтара еден мен құрал жабдықтарды аққан су лайланудан толық тазарғанша жуады. Жууды қабырғаны өңдеумен аяқтайды.


Екінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары механикалық әдіспен тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады. Механикалық тазарту алдында ішкі қабырғалар мен еден немесе қидың үстіңгі қабаты, сондай-ақ көлік ішіндегі барлық құрал-жабдықтар дезинфекциялық ерітіндісімен ылғалдандырылады.
Ылғалды дезинфекциялау үшін шашыратқыш ұшы бар қондырғылар пайдаланылады. Алдымен еден, содан кейін қабырғалар мен төбе дезинфекцияланады, осыдан кейін еден екінші рет дезинфекцияланады.
Дезинфекциялаушы ерітіндіні ол көлік құралының ішіндегі барлық үстіңгі беттерге бірқалыпты шаша отырып мүмкіндігінше тік бұрышпен шашылады. Ерітінді, бұрыштарға, тесіктерге, есіктерге шашылады. Көлік құралдарының сыртқы қабырғалары міндетті түрде дезинфекцияланады.
Дезинфекциялаушы кедергіде (дезинфекциялау блогы) көліктің қозғалғыш бөлігін ветеринариялық-санитариялық өңдеу мынадай операцияларды қамтиды:
1) қозғалғыш бөлігі мен түбін механикалық әдіспен тазарту және жуу;
2) дезинфекциялаушы ваннаға дезинфекциялау ерітіндісін толтыру;
3) шашырату (бүрку) арқылы көлікті (дөңгелектері мен түбін) дезинфекциялау блогында өңдеу;
4) қозғалғыш бөліктің бетін дезинфекциялаушы ерітіндінің қалдықтарынан тазарту.
17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге арналған ыдыс пен буып-түю материалдары таза, құрғақ, бөгде иістерсіз, су мен майға төзімді, ерімейтін және сіңірмейтін, өнімнің химиялық құрамын өзгертпейтін, оған дәм мен иіс бермейтін болуы тиіс.
7-параграф. Ветеринария саласындағы жеке және


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет