2-сынып Абдрахман Асылбек Өмірі және шығармашылығы абдрахман Асылбек



бет15/21
Дата19.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#141100
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
4-СЫНЫП ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ
Күріш туралы сыр
Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаевтың ізбасар інілерінің бірі – Мақсұт Нұрылдаев.Ол бала кезінде әкесінің аузынан мынандай бір аңыз естіген екен.
Баяғыда Сыр өңірі - ырысты өлке болыпты. Ақ күріш жайқала өсіп, қамба астыққа толыпты. Халықтың қуанышы Сырдария өзеніндей тасыған кез екен. Ауылдағы күріш еге тін жалғыз қарт кәрілік жеңіп, төсектартып жатып қалыпты.
Сонда әлгі ақсақал ауылдастарын жиып алып:
- Жарандар, асарымды асап, жасарымды жасадым. «Ас -адамның арқауы» деген ғой, ол еңбекпен табылады. Арқауы бос арқан үзілгіш келетінін ұмытпаңдар. Көктем болса,мынау, келіп қалды. Егін егу қажет. Кетпен ұстар кім бар?Көзімнің тірісінде қасиетті кетпенімді өз қолыммен табыс
етейін. Елін асырайтын ер қайда, қайсың барсың? - депті.
Жиылған жұрт үн-түнсіз. Қарттар жастарға, жастарақсақалдарға қарайды.
- «Сыр өңірі қамысты келеді, Сыр перзенті намысты келеді», - деуші еді аталарымыз. Намыссыздар ғана қалғаныма, түге? Бұларың қалай? Кім бар менің қолымнан кетпенді алар?
Тіс жарып сөйлеген тірі жан болмайды. Қарт диқан теріс қарай аунап түседі де мәңгілік көз жұмады.
Көктем өтеді,жаз өтеді. Қыс қаһарына мінген шақта қамбадағы ақ күріш те таусылады. Ала жаздай атқа мініп, көкпар шапқанына мәз боп жүрген көпшілік не істерін білмей, қатты күйзеледі.
«Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді» дегендей, бәрі де бармағын тістеп, диқан атаның тілін алмағанына өкінеді. «Енді жаз шықса, бәріміз де күріш егейік», - деп келіседі.
Әкесі осы жерге келгенде Мақсұт:
- Әке,мен де күрішші боламын! -деді алысқа қарап.Содан бері көп жыл өтті.Баяғы ертегінің әсері ме, өзінің таңдағаны ма, - әйтеуір,Мақсұт агрономдық білім алып шықты. Талай жыл диқандардың күріштен мол өнім алуына көмектесіп, тапқырлығымен, еңбекқорлығымен елін сүйсіндірді.


Еңбексіз ас табылмайды.Бұл шығарманың негізгі идеясы еңбек пен іскерлікке негізделген.Халық диқан атаға сеніп жүре беріп, өздері ештеңе істемей жалқауланып жүргенде аштыққа ұшырап қалады. Барлық істі уақытында істеп, еңбектеніп жүрсек ,еңбегіміздң жемңсң алдымыздан шығады. Қыстың қамын жазда ойла дегендей барлық ісіміз жоспарлы болуы керек. Өзіміз еңбектеніп тапқан ас дәмді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет