2-сынып Абдрахман Асылбек Өмірі және шығармашылығы абдрахман Асылбек



бет17/21
Дата19.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#141100
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
4-СЫНЫП ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ
Ақдауыл хан (ықшамдап алынған)
Баяғыда бір елдің ерлігі жұрттан асқан «Ақдауыл» деген батыры болған екен.Қаһарынан жау қаймығыпты.Әйтсе де елге жаманшылығы жоқ екен.Аш-жалаңаш жұртты қолдапты.Ақыры еңбегі елгежағып, оны хан көтеріпті. Бір күні Ақдауыл қатты ауырады. Ешбір асқа тәбеті шаппайды. Ойын-сауыққа зауқы соқпайды.
- Ақдауыл ханның денсаулығына аса қауіпті ештеңе жоқ, - дейді атақты бір тамыршы. - Хан иемді Ұлы теңіздің жағасына апарып, теңіз самалымен емдеу керек.Айтты, бітті. Ұзақ жол жүріп, Ұлы теңізге жетеді.Бірақ теңіздің таза ауасы, гүл жазирасы дертті ханның көңілін хош ете алмайды.
Ақдауыл хан бұрынғыдан бетер жүдей түседі.
- Хан иемді сонау Үнді жағалауына алып бару керек.Сол жердің самал ауасы, ән-сазы бұл кісіні дертінен айықтырады, - дейді бір дәруіш.
Сол-ақ екен, ақ шатырлы хан күймесі енді Үнді еліне аттанады. Айтса - айтқандай, бұл ел шынымен де керемет екен. Бірақ Үнді елі де Ақдауыл ханның көңілін таба алмады. Ханның еңсесі онан сайын түседі.
- Ханды сонау батыстағы Қап тауына жеткізіңдер. Солжердегі дертке шипа жерасты ыстық суымен емделсін,-дейді тағы бір білгір емші.
Хан солай қарай жүруге әмір береді. Ұзақ жүріп, ақыры Қап тауына келеді. Аспанмен таласқан таулар ханның есін алады. Жерасты ыстық суы ханды рақатқа бөлейді… Бірақ бұл да ұзақ болмай шығады. Хан қайта жүдей бастайды.
Ақыры ақ ордасына қайтқан хан нөкерлеріне:
- Осы елде білгір дәруіш жоқ па? - деп ақырады.Шаба жөнелген нөкерлер сақал-шашы аппақ қудай бір қартты алып келеді. Олар:
- Шын дәруіш болсаң, ханның дертін тап! – деп дейді дәруішке. - Таппасаң, сорың қайнайды!
Қарт дәруіш ханның тамырын ұстап отырып:
- Сіз жаугершілікпен жүріп, ер үсті - ат жалында ұзақ жыл түн қаттыңыз. Енді сіз үшін оның ешқандай қызығы жоқ. Енді бір қызық болса, өз туған жеріңіз, ана құр-сағынан шыр етіп түсіп, алғаш қадам басқан жеріңіз қызық болар. Одан да ат ізін үзгеніңізге нелер заман өтті ғой, -дейді.
- Менің туған жерім бе? - деп аңырып қалады Ақдауыл хан. - Сонау Тозғантау маңындағы тар қуыстағы ескі жұрт па? Мейлі, оны да көрелік. Апарыңдар мені сонда!

…Ақдауыл ханды Тозғантау қуысындағы шағын қыстаққа алып келеді. Туған жерін көргенде ханның жанарына жас үйіріледі. Көкірегінде әлдеқандай сиқырлы әуен күмбірлеп, ән айтқысы келгендей болады. Бейберекет шашылып жатқан қара тас та, сылдырап ағып жатқан Ақбұлақ та тым ыстық көрінеді. Сол баяғы бала күнгідей бұлақ басындағы қос шынар әлі көк тіреп, тербеліп тұр.


Ақдауыл ханның қуанышы кеудесіне сыймай, тасып төгіле береді. Ол ақ күймеден атып шығып, балаша мәз боп,айқай салады. Жүгіріп барып, бала қойшыны құшақтайды.Ақдауыл хан Ақбұлаққа жетіп, етпеттей жатып, кәусар суынан сіміреді…«Хан ақылынан адасты» деп ойлаған нөкерлері айналақоршап, состиып қарап тұрады.Кенет хан:
- Естеріңде болсын, туған жердің самалын ешқандайҰлы теңізіңнің самалы ауыстыра алмайды. Туған жердің ауасына, әуеніне мың үндінің әуені де жетпейді… Мұны естеріңде ұстаңдар, - деп, күймесіне отырады. - Ал ендіақ ордаға тартыңдар қайта!Ақдауыл хан ауруынан құлан-таза жазылыпты. Осыдан соң туған жерін де ұмытпай, жиі-жиі кеп тұратын болыпты.

Бұл әңгімеден шығар қорытынды, әркімнің туған жері көзіне ыстық,дертіне шипа бола алады. Қанша жер аралап,ел көргеніңмен туған жеріңнен артық бола алмайды. Ханның ауырған себебі туған жеріне деген сағынышынан болады. Қанша жерден ескі болсын,мейлі шаңы бұрқыраған ауыл болсын туған жер дегенде кезкелген адамның жүрегі елжіреп,көңілі алабұртып кетері сөзсіз. Жазушының жеткізгісі келіп отырғаны туған жерден теріс айналып ешқайда да кете алмайсың. Расымен ақ туған жерге жер жетпес деген сөз шындық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет