2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Гингивит жалпы сипаттамасы.Этиологиясы.Классификациясын атаңыз



бет19/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

25.Гингивит жалпы сипаттамасы.Этиологиясы.Классификациясын атаңыз.
Қызылиектің қабынуы – воспаление десны–гингивит. Көбінесе қызылиекте жергілікті және жалпылай қолайсыз ықпалдардың әсерінен туындайтын және тіс-қызылиек бекімінің бұзылуынсыз дамитын қабынбалық үрдіс.
Түрлері: катаральды, өсе (гипертрофияланып) және жаралана қабыну.
Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орта, ауыр.
Ағымы: жедел, созылмалы, өршуі, ремиссиялануы.
Таралуы: шектеулі, жайылған.
Қызылиек қабынуы балалар, жас өспірімдер және жасы 30-дан аспаған жастар арасында жиі кездеседі, көбінесе жергілікті және жалпылай ықпал ететін факторлар әсерінен дамиды. Жалпылай әсер етуші ықпалдар қатарына организмнің реактивтілігін төмендететін әртүрлі жүйелер мен жеке ағзалардың (эндокриндік, жүрек-тамыр, ас қорыту, бөлу жолдары, қан құру, жүйке жүйелері) қызметтерінің бұзылуын, витаминдер жетіспеушілігін, аллергиялық және жұқпалы ауруларды, жүктілік токсикозын жатқызуға болады.
Жергілікті ықпалдар тобын құраушы және пародонт тіндеріне, соның ішінде қызылиекке тікелей әсер етуші факторлар: ауыз іші гигиенасын дұрыс сақтамау нәтижесінде микроорганизмнің көбейіп, патогендік қасиеттерінің жоғарылауы, тіс қақтары (микробты қақ) мен шөгінділерінің құрылуы, тіс-жақ сүйек жүйесінің ауытқулары, дұрыс қойылмаған пломбылар, емделмеген тісжегі қуыстары, қозғалмалы сүт тістер, ортопедиялық және ортондонтиялық құрылғылар, химиялық препараттар, иондаушы радиация.
26.Катаральды гингивит жалпы сипаттамасы.Этиологиясы. Клиникалық көрінісіне анықтама беріңіз.
Қызылиектің жедел катаральды (талаурап) қабынуы
Қызылиектің жедел катаральды қабынуы (острый катаральный гингивит) көбінесе тістердің шығуы және ауысуы кезінде жиі орын алады. Жалпы соматикалық және жұқпалы аурулар кезінде де байқалады.
Қызылиегі жедел қабынған науқас қызылиегінің қатты сыздап немесе кернеп ауыратынына, тағам шайнағанда күшейе түсетініне, қанағыштығына, ауызынан нашар иіс шығатынына шағымданады.
Қарап тексергенде қызылиек қатты домбыққан және алқызыл түстенген, беті тегіс және жылтыр, бүртіктерінің, көлемі үлкейіп, ұштары доғалданған, оңай қанағыш келеді (2-сурет). Сипап басып тексергенде қызылиек қатты ауырады. Тіс сауыттары көпмөлшерде жұмсақ қақтармен жабылған. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін.
Қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы (хронический катаральный гигивит) ұзақ және баяу дамиды. Науқас негізінде қызылиегінің көбінесе тісін тазалаған кезде, ас шайнағанда аздап ауыратынына және қанайтынына шағымданады. Кейде аузынан нашар иіс шығып, әртүрлі дәм сезуі мүмкін. Қарап тексергенде қызылиек аздап домбығып, көкшіл-қызыл түстенген, қызылиек бүртіктерінің көлемі үлкейіп, жиектері білікке ұқсап қалыңдаған, ерте түлеуге ұшырау және мүйізгектену үрдісінің тежелуі әсерінен жабынды эпителий жұқарған (3-сурет), сондықтан кейде өте жұқа эрозиялар ошағын анықтауға да болады (сутегінің асқын тотығымен сынама жүргізу арқылы). Сүңгіліп тексергенде қызылиектің қанағыштығы байқалады. Қызылиек жиегінің қалыңдауына байланысты кейде жалған пародонтальдық қалталар көрініс береді, бірақ тіс-қызылиек бекімінің бұзылмағандығы анықталады.
Тістер беттеріне көп мөлшерде жұмсақ қақтар жиналған, ал мойын бөліктерінде қатты шөгінділер де кездеседі. Шиллер-Писарев сынамасы оң, қызылиек сұйықтығының мөлшері жоғарылағын және ауыз сұйықтығына көшкен лейкоциттер саны да көбейген. Кулаженко сынамасын жүргізген кезде теріс қысым әсеріне қызылиек капиллярлары өткізгіштігінің жоғарылағаны анықталады.
Қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі кезінде қызылиекте өздігінен және тағам шайнағанда ауыру сезімі пайда болып, қызылиек оңай қанайды, көбірек домбығып, ашық-қызыл немесе қызыл-қошқыл түстенеді. Барлық жағдайларда тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақтар мен қатты шөгінділерді анықтауға болады.
Қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы кезінде науқастың жалпы жағдайы, шеткейлік қан құрамы өзгеріске ұшырамайды. Рентгенсуретте тістераралық қалқан сүйектер өзгеріске ұшырамай, тығыз сүйек қабатының (компактная кость) бүтіндігі сақталады.
Қызылиектің созылмалы катараьлды қабынуы кезіндегі төмендегідей патоморфологиялық өзгерістер орын алады: жабынды эпителийдің мүйізгектенуінің бұзылуы нәтижесінде паракератоздану байқалады. Сонымен бірге акантоздану және вакуольді дистрофиялану үрдістерін де анықтауға болады.
Дәнекер тін қабатында домбығу (отек) және қызару (гиперемия) үрдістері тікелей эпителий астында және тіс-қызылиек бекімі аймағында жиірек кездеседі.
Қызылиек сайы аймағында лимфоидты жасушалардан, гистиоциттерден, сегменттіядролы лейкоциттерден тұратын инфильтрат ошақтары орналасады. Коллагенді талшықтар қалыңдап, жуан шоғырларға бірігіп, дистрофиялық өзгерістерге ұшырауы байқалады. Эпителийдің тікенекті қабатында гликогеннің, дәнекер тін қабатында гликозамингликандар мөлшерінің жоғарылағаны анықталады.
Ескерте кететін жай, кейде қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы бар адам қызылиегінің қанағыштығына аса мән бермейді (кейде өз бетімен басылып кететіндіктен) және дәрігер-стоматологқа бара бермейді. Сондықтан бұл жағдай көбінесе профилактикалық тексерулер немесе дәрігерге басқа шағымдармен келген кезде анықталуы мүмкін.
Егер қызылиектің созылмалы катаральды қабынуына тиімді емдеу шаралары жүргізілмесе, пародонт тіндерінің қорғаныс қасиеті төмендеп, пародонттың күрделі ауруларымен (қызылиектің өсе қабынуы, өліеттене жараланып қабынуы, пародонттың созылмалы жайыла қабынуы) асқынуы мүмкін. Этиологиясы;
Жалпылай әсер етуші ықпалдар қатарына организмнің реактивтілігін төмендететін әртүрлі жүйелер мен жеке ағзалардың (эндокриндік, жүрек-тамыр, ас қорыту, бөлу жолдары, қан құру, жүйке жүйелері) қызметтерінің бұзылуын, витаминдер жетіспеушілігін, аллергиялық және жұқпалы ауруларды, жүктілік токсикозын жатқызуға болады.
Жергілікті ықпалдар тобын құраушы және пародонт тіндеріне, соның ішінде қызылиекке тікелей әсер етуші факторлар: ауыз іші гигиенасын дұрыс сақтамау нәтижесінде микроорганизмнің көбейіп, патогендік қасиеттерінің жоғарылауы, тіс қақтары (микробты қақ) мен шөгінділерінің құрылуы, тіс-жақ сүйек жүйесінің ауытқулары, дұрыс қойылмаған пломбылар, емделмеген тісжегі қуыстары, қозғалмалы сүт тістер, ортопедиялық және ортондонтиялық құрылғылар, химиялық препараттар, иондаушы радиация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет