2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Тіс тастары мен тіс қақтары,құрамы,түрлері,емдеу механизмін атаңыз



бет18/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

23.Тіс тастары мен тіс қақтары,құрамы,түрлері,емдеу механизмін атаңыз.
Тіс қақтары- ол әдетте пеликуланың үстінде болып, анықтау үшін бояғыш затпен бояп анықтауға болады. Бұл құрылымдар ауыз қуысын және тістерін дұрыс күте алмайтын науқастарда байқалады. Тіс қағы қызыл иек үстінде,тістердің мойын бөлігінде, қызылиек
астында, табиғи ойықтарда орналасады.
Тіс тастары- тіс беттерінде, иек асты және қызыл иек үсті қалталарында пайда болып, қатайған зат болып есептеледі. Қызыл иек үсті тіс тасының түзілуіне, сілекейден бөлінген минералдар болса, ал қызыл иек асты тіс тасының түзілуіне қызыл иектік сұйықтық құрамындағы минералдар әсер етеді. Қызыл иек үсті тіс тасы алдыңғы төменгі тістреде және жоғарғы улкен азу тістердің ұртжақ беттерінде, сілекей безінің тесігі ашылатын жерде орналасады.Қызыл иек үсті тіс тасы
жұмсағырақ болады да,ол кальций фосфатынан тұрады.
Тіс тасы құрамы органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Тастың түсі, қаттылығы,
қалыңдығы, тіске жабысуы тікелей сілекейдің бөліну мөлшеріне байланысты. Олардың химиялық құрамы бірбіріне ұқсас.: бейорганикалық 70-90% және органикалық заттардан тұрады. Негізгі бейорганикалық құрылысына кальций, фосфор, магний және карбонаттар кіреді.
Тіс шөгінділері минерилизатцияланған және минерилизатциаланбаған болып 2-ге бөлінеді.Минирилизатцияланған тіс шөгінділері қызыл иек асты,қызыл иек үсті болып бөлінеді. Минерилизатциаланбаған тіс шөгінділері пелекула,жұмсақ тіс кірлері,тіс қақтары болып бөлінеді.
Тіс шөгінділерін механикалық әдіспен алып тастау- арнаулы аспаптар жиынтығы көмегімен, ілмектер, экскаваторлар, рашпильдер, қырнағыш және т.б аспаптармен орындалады. Тістастарын тазалауды тістердің мойын бөлігінен бастап, тіс түбірұшына қарай бағытталады. Тіс тастарын әр тазалаған сайын ауыздың сол бөлігін антисептикалық өңдеумен бірге қатар жүргізіледі. Тіс тастарын тіс беткейлеріндегі барлық бөліктерінен жылтыр бет пайда болғанша тазалайды. Тістерді тастардан тазалап болған соң, тіс беткейлерін арнайы мәсуек, резинкелермен жылтырлатып шығады. Мұнда мына сықпаларды қолданады: пемза-10грамм, глицерин-10гр, 3% йод, тұнбасының 5 тамшысы, тіс ұнтағы, бор не фосфат цемент ұнтағы алынады. Жылтырлатып болған соң тіс беткейлерін фторлак немесе реминерализирлеуші,ерітінділермен(10% глюконат кальций,
20%натрий фторид) аппликация жасаған дұрыс.
24.Пародонт аурулары кезіндегі гигиеналық көмек. Емдеу мақсатында кәсіби гигиена жүргізудің маңыздылығына анықтама беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет