36.Бактерияларды мерзімді және үздіксіз өсірудің айырмашылығы Табиғи жағдайда микроорганизмдер тек аралас популяция түрінде кездеседі. Олардың ішінен қажетті бактериялардың таза дақылдарды әр түрлі әдіспен тікелей табиғи субстраттан (судан, топырақтан) немесе элективті және жиынтықты қоректік ортадан бөліп алады. Микроорганизмдердің дақылдарын (таза/аралас) сұйық ортада өсіру үшін екі негізгі әдісті қолданады: мерзімді (периодикалық) және үздіксіз. Мерзімді тәсіл бойынша микроорганизмдердің популяциясы жабық жүйеде өседі, яғни оларды қоректік ортаға еккеннен кейін қорек қосылмайды. Мерзімді тәсілдің екі түрі бар: беттік өсіру (стационарлық тәсіл) және терең қабатты өсіру (динамикалық тәсіл). Беттік өсіру әдісіне микроорганизмдерді өсіру барысында қоректік ортаны араластырылмайды, яғни ол тыныштық жағдайда болады. Бұл тәсілде бактерия клеткалары, негізінен қоректік ортаның беткі қабатында өседі. Үздіксіз әдіспен өсіргенде, орта ылғи жаңарып отырады, сондықтан бактерияларды ұзақ уақыт өсіруге болады. Ал терең қабатта өсіру әдісінде қоректік орта араластырылып отырады, ал бактерия клеткалары төменгі қабатта өседі. Сондықтан микроорганизмдерді ұзақ уақыт бойы қайталап екпей өсіруге болады .Қатты қоректік орталардың бетінде егуге байланысты микроорганизмдер жеке колония, сызық (штрих) түрінде немесе ортаның бетіне тұтастай өсулері мүмкін. Колония — бір клеткадан өсіп шыққан клеткалардың ұрпағы. Клетканың қай жерде дамығанына байланысты (қоректік ортаның бетінде, ыдыстың түбінде) колониялар бөлінеді:беттік, тереңдік , түптік . Беттік колониялардың түзілуі тығыз субстраттардағы көптеген микроорганизмдердің өсу ерекшеліктері болып табылады. Мұндай колониялар өздерінің көптүрлілігімен ерекшелінеді.Популяцияның өсуі оның клетка саны мен массасының ұлғаюымен сипатталады. Өсудің бірнеше анықтамалары бар. Өсу – клетка биомассасының өсуі. Бірақ кез келген клетка биологиялық массасының ұлғаюын өсу деп қарастырмайды. Бактериялар өздері адаптацияланған оптимальді ортада баланстанған өсі күйіндеболады, биомассаның екі есеюі белок, РНҚ,ДНҚ және т.б. мөлшерінің екі есеюімен жүреді, сондықтан өсуді барлық химиялық компоненттер мөлшерінің көбеюі деп тұжырымдауға болады. Бактериялар өсуі клеткалық материалды синтездейтін бір бірімен байланысқан көптеген реакциялар нәтижесінде жүреді. Көбею – популяциядағы микроорганизмдердің санының өзгеруі. Клетка өсуі — клетканың ішілік қор жинауы, саны өзгермейді.Микроб клеткаларының мерзімді дақылдауында өсу сатылары (өсу сызығы): Лаг-фазa – қоректік ортаға енгізілген дақылдың (инокулят) өсімі салыстырмалы баяу болады, жаңа ортаға бейімделу процесі жүреді (қорек заттарды ыдырататын ферменттер клеткада пайда болады);
Экспоненциалды (логарифмикалық) фаза – клеткалар көбейю (бөліну) процесі қарқынды жүреді;
Стационарлы фаза — клетка биомассасы көлемі жағынан ұлғаяды (клетка өседі), екіншілік метаболитттерді ортаға шығарады;
Өлу фазасы – тіршілікке қабілетті клеткалардың біртіндеп жойылуы (ортада қорек зат таусылады, сондықтан клеткалар өледі).