23. Л. Пастердің


Су микрофлорасы. Судағы микроорганизмдердің қызметі мен таралуы



бет17/24
Дата25.11.2023
өлшемі132,41 Kb.
#127466
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
микро

39. Су микрофлорасы. Судағы микроорганизмдердің қызметі мен таралуы.
Су микрофлорасы
Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда ол жердің физикалық- химиялық , жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.
Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар,аэромонадалар және т.б ) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар суқоймалардың түбінде (тұнығында) көп кездеседі. Су микрофлорасы организмдермен өңделетін,органикалық қалдықтардан өзін өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады. Адам мен


жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері ( ішек таяқшасы, цитробактер, энтеробактер, энтерококк, клостридии) және ішек жұқпасының қоздырғыштары ( іш сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспероз, энтеровирустар және т.б) ластанған ағынды сулармен қар еріген кездегі және жауын- шашын сулармен өзен, көлдерге түседі. Олай болса, су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады.Кейбір қоздырғыштар суда көбейе алады (тырысқақ вибрионы, легионеллалар). Мұхит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әртүрлі, галофильді ( тұз жақсы көретін )микроорганизмдер болады.
Су түрлi микроорганизмдар табиғи тiршiлiк ортасы болып табылады. Көптеген жағдайлардада табиғи суларды микрофлорасы оның табиғатына
Ашық су тоғандарында микроорганизмдердің сандық байланыстары әр түрлі шектерде өзгеріп отырады: 1мл–де бiрнеше он шақты, жүздеген, миллионға дейін болады, бірақ ол оның ластануының дәрежесi, метеорологиялық шарттардың ауысымына, суқұбырдың түрлеріне, маусым және тағы басқаларына байланысты болады.
Суда өмір сүруге бейімделген микроорганизмдер кұрамында тұрақты болатын микроорганизмдерді судың арнайы флорасы деп атайды.. Оларға аэробты кокктар жатады: Micrococcus candicans, Micrococcus roseus, Sarcina lutea Pseudomonas fluorescens, Proteus , Leptospira өкiлдерi.
Таза ластанбаған сутоғандарында оттегiні қажетсінбейтін бактерия аз. Көбінесе Serratia marcescens, Bacillus cereus, Bacillus mycoides, Chromobacterium violaceum, Clostridium және басқалары болады.
Су түбінде және жағалаудағы аймақта микробтар саны көп болады, себебі жаңбыр суы және жағажайдың топырағынан бактериялардың көптеп түсуінен болады.
Судың микроорганизмдері табиғаттағы заттар айналымында түбегейлi рөл ойнайды. Су тоғандарындағы биологиялық белсенділік жазғы-күзгi мерзiмде ең жоғары дәрежеде болады.
Сапробтық
Су тоғандарының өздiгiнен тазаруы жануар және өсiмдiк тектес және патогендiк микроорганизмдерден ластанып қалатын органикалық субстраттарынан босау процессі болып табылады.
Бұл үрдiс тек қана органикалық ластанудан кейін жүргізіледі және органикалық заттарды шапшаң жiктеуге сондай-ақ әр түрлi бактериялар санының азаюына алып келген сапрофиттер су микрофлорасы тiршiлiгін белсендiріп, органикалық заттардың тез ыдырауынан бактериялар санынын азаюына әкеледі. Судың өздiгiнен тазаруы микроорганизмдердің болуымен және органикалык заттармен қаншалықты судың ластану үрдістерінің көлемі болып табылады. Өздiгiнен тазаруға су тоғанындағы микроорганизмдердің тұрақты түрлерiнің болуымен сипатталады.


Дегенмен биоценоздағы сандық және сапалы байланыстары тұрақсыз, ол органикалық заттардың , яғни сапробтық қасиетіне байланысты сипатталады.
«Сапробтық» термині грекше ( sapros - шiрiген ) су тоғандарының ерекшелiктері кешенi, судағы тиiстi микроорганизмдердің дамуымен анықталады, яғни түрлi мөлшерде органикалық заттардың болуы қажет. Судың ластану дәрежесі үш категорияға бөлінеді
1. полисапробты,
2. мезосапробты,
3.олигосапробты.
Полисапробты аймақтар (күштi ластанатын аймақтар) жеңіл ыдырайтын органикалық заттардың көп болуы, сол себепті жеңіл кабылданатын микроорганизмдер.. Аймақтарда оттегі мүлдем болмайды. Микробтар түрлерінің көбінесе оттегіні қажетсінбейтін түрлері, саңырауқұлақтар, шiру және ашу үрдісін тудыратын актиномицеттер көптеп кездеседі. Судың 1 мл- дегі бактериялардың саны бұл аймақта миллионнан жетіп асады
.
Мезосапробты аймақтар (қалыпты ластанған аймақ) тотықтырғыш процесстердi басымдылықпен, нитрификациялаумен сипатталады. Құрамында азоты бар қосындылары нитриттер және нитраттарға дейiн тотығып аммиакқа дейiн ыдырайды. Микроорганизмдердің жалпы саны 1 мл- ге жетеді. Сапалы құрамы әр түрлi. Нитриттейтiн бактериялардың саны басым болады.
Олигосапробты аймақтың (мөлдiр су аймағы) органикалық байланыстары және минерализация процессiнің аяқталуы және өздiгiнен тазаруы тоқтау процессімен сипатталады. Микрофлорасы қалыпты су флорасына жақындайды. Судың 1 мл-iнде бактериялар саны 10-нан 1000-ға дейiн болады. Су тазалықтың биiк дәрежесiмен ерекшеленедi.
Қорыта келгенде, су тоғандарындағы судың өздiгiнен тазару процесстерi кезінде биоценоздары бiртiндеп ауысып, ретпен және үздiксiз өтіп жатады. Су тоғандарының өздiгiнен тазару процесстерi кезінде бірнеше факторлар қатар әсер етедi. Негiзгi факторлардың бiрi су тоғандарының мөлдiр суына лас суларды қосу болып табылады. Су тоғандарындағы бактериялардың көбеюiн анықтаудың шешушi факторына судың температурасы жатады.
Су тоғандарындағы өздiгiнен тазарудың қарқындылығы микроорганизмдердің оттегі үшiн күресуге және құнарлы заттарды қажетсінуі әр топтардың арасында қалыптасқан бәсекелестiк қарым- қатынастар түрінде қалып отырады.
Су тоғандары биологиялық өздiгiнен тазару кезінде қалыпты бактериялар фагтармен литикалық әрекеттеседі. Фагтардың әсер ету қызметі үшiн жоғары температура қажет.
Барлық аталған факторлар жиынтығы қатты ластанған су көздерін тазартуда суды таза және гигиеналық сапаларға сай жақсартуға алып келедi.


Судың санитарлық - микробиологиялық зерттелуi
Санитарлық - микробиологиялық зерттеуге жататын сулар: 1. орталықтандырылған су құбыры;
2. құдықтар;
3. ашық су тоғандары (өзен, көл);
4. жүзу хауыздары:
5. қалдық сулар.
Судың санитарлық - микробиологиялық зерттеуiн жүргiзу:
1 ) орталықтандырылған шаруашылықтың iшуге жарамды суының көзін таңдау және бұл көздi кезеңді бақылау;
2) орталықтандырылған сумен қамтуда ауыз судың зарарсыздандыруын тиiмдiлiгің бақылау;
3) сумен орталықтан қамту, сондай артезиан ұңғымақтар, топырақ суларда бұлақтарға бақылауда;
4) жеке су пайдаланатындарда судың жарамдылығының дәрежесiн анықтау; (құдықтар, бабұлақтар және тағы басқалар)
5) ашық су тоғандарды судың күйiмен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау: су қойнаулары, тоғандар, көлдер, өзендер;
6 ) жүзу хауыздарындағы суды зарасыздандыру тиiмдiлiгiн бақылау;
7 ) қалдық суларды сапасын тексеруге және тазарту дәрежесiнiң тексеру;
8 ) жұқпалы аурулардың судан сурастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет