3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет36/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Сары табақтай тершіген бетін қалта орамалымен сүртіп, бас салды(257 бет).

  • Бойы үйге тіреу, мрамордан сомдап құйғандай бар тұлға ерекше мол біткен(64 бет).

  • Қазақтың кең сахарасындай мінезі кең, жерін жыртып, кенін қазбасаң біле бермейтін, бар алтынын ішке сақтайтын, ғажайып бай жердей, мақтаншақтығы жоқ тұйық, самал желіндей, баяу тербелген көліндей жуас, бұлтсыз мөлдіреген кіршіксіз аспанындай жүрегі таза, ақ көңіл(261 бет).

  • Жапырақ гүлді, көкшіл крепжоржет көйлегі мен басына тартқан ақ жібек орамал ақ маралдай көрікті әйелді одан сайын сұлуландыра түскен(22 бет).

  • Халелдің тапжылмай қарағанын аңғарып, қыз да қымсынып қалды, көктемдегі Арқаның аспанындай тұп-тұнық мөлдір көзі жалт етіп соған ауды(79 бет).

  • Беті қарғаның жұмыртқасындай тарғыл-тарғыл, шашы өрттей жирен жігіт баянын жыртылғанша созып өзі білетін билерін бірінен соң бірін тізіп дарылдатып отыр(78 бет).

  • Оның кең кеудесіне басын сүйеп, жас баладай ұйықтаған Ақбөпенің жүзі де мына шығып келе жатқан күндей еді(273 бет).

  • Мына алдындағы аппақ мрамордан құйғандай мінсіз қаз мойынды қаршыға төс сұлу қыз бен үстіне комбинезон киіп, толқынды шашын жұқа орамалмен түйіп, атқа шабатын шабандоздай жинақы тұрған тракторшы қыздың арасы жер мен көктей көрінді Халелге(80 бет).

  • –Ойбай-ау, өзің аршыған жұмыртқадай жылтырап шыға келдің ғой(135 бет).

  • Егер бір сәт кірпік қақпай, көгілдір аспандай үлкен көзін алысқа қадап, жұқа қара былғары киген қолдарын екі жағына жайып, қимылсыз қатып тұра қалса, тура мұқият жасалған манекен деп қаларлық(277 бет).

  • Маңдайынан маржандай тер бұршақтай ағып, тұздай көзімен Дерягиннің қолындағы картаға ежірейіп, тесіле қалыпты(90 бет).

  • Үнемі ұстарамен бастырып жүретін қап-қара көмірдей сұлу мұрты аққұба өңіне жарасып, маржандай аппақ ірі тістері ақсиып домбырамен ән шырқап отырған кездері әлі көз алдымда(99 бет).

  • Майлаған қысқа шаш әлі шаранасы кеппеген жаңа туған бұзаудың жүніндей жылтырайды(79 бет).




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет