3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Ұлттық нақыштағы теңеулер



бет39/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Ұлттық нақыштағы теңеулер:


  1. Әне, ана Молдабайдың өзің сықылды алтын асықтай баласы қыстай Қапышқа сөз салдырып қолы жетпей отырған жоқ па(50 бет).

  2. Қыземшектің етегіндегі жазық жондағы кең дастарқанда шашыла жатқан он шақты бауырсақша домаланған тракторлар жер жыртып жүр(98 бет).

  3. Сүттей жарық ай астында, сирек қонақтаған ақ шуда бұлт бауырында сызылған аққу үні, бір үйір көш бастап тыраулаған тырна үні анда-санда саңқ ете қалады(318 бет).

  4. Еденіне шөп төсеген жер үйде қаз-қатар сұлап, өреге жайған қазақ аулының сықпа құртындай тізіліп, киімшең солдаттар ұйықтап жатыр(160 бет).

  5. Күбідей домалап, жер тырмалап, өз кеудесін өзі соғады(«Жапандағы жалғыз үй», 307-308 бет).


Қосымша теңеулер:

  1. Бір стақанды тастап алған соң, шанамен бірге шайқалтып манаурап отырған қасқыр ішік, құлаған тамдай жақтауға қисая беріп қалғып кеткен(14 бет).

  2. Сол себепті де әлгі полутарканы үздіксіз жүргізіп келе жатқанына, міне, табаны күректей он бес жыл(19 бет).

  3. Жұрттың қысқы соғымы азайып, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында бұл төрт жарым, бесеуіңе сөз айтқызбайды, -деп Қарасай күректей алақанын ысқылап-ысқылап алды(42 бет).

  4. Оның үйдегі орны да көрдей боп суып, қаңырап бос қалсын демесең, балалықты қой!(50 бет)

  5. Василек кескен баудай бүктеле құлап жол табанында қала берді(72 бет).

  6. Түтілген түбіт түстес торғын бұлтқа кезіге қалса, шәйі перденің ішіндегі аппақ арудай, нұры көрініп, күліп бара жатқан секілденеді(85 бет).

  7. Теңіздей толқыған қалың егін аттың омырауынан келеді(108 бет).

  8. Бала емес, шырылдап жылап бара жатқан бір құшақ қызыл жалын секілді(110 бет).

  9. Бидайы тістің суындай екен(112 бет).

  10. Қамшы тиген көз көнектей боп ісіп шыға келді(130 бет).

  11. Бәрі де Дика келісімен көздері шырадай жайнап, гуілдеп кетті(133 бет).

  12. Аңғал –саңғал сидиған рама –жұртта қалған ескі жадағай арба секілді(266 бет).

  13. Мнің кемеліме келіп арудай бой түзегеннен бергі ең сұлу, көрікті кезім сол бір шақ болу керек(173 бет).

  14. Жалпақ белдігімен өзін-өзі маған байлап, айыр бұтаққа атша мініп отырған қалпы қалғып кетті(173 бет).

  15. Тас төбеге шығып ап, қанатының ұшы жыбырлап ән салған бозторғай да әке мен баланың құшағына қызыққандай, тас бұршақтай көзін жпудыратып бір арада тапжылмай іліне қапты(215 бет).

  16. Қанша алыс болғанмен аппақ қардың үстінде ақша беттің ұшындағы қара меңдей анық көрінеді(280 бет).

  17. Сырт қарағанда жер бауырлап ұшқан самолет секілді(282 бет).

  18. Әйел адамның көз жасы крандағы судай жақын тұратын әдеті ғой(290 бет).

  19. Бәрінен де кішкентай балалардың іш киімдерін аппақ шағаладай ашып, өздерін жуындырып жүріп, тағдыр салмағынан талай жыл бойы еркекшора болып кеткен Райханның алғаш рет аналық сезімі оянғандай болды(227 бет).

  20. Қарасай ұзыннан-ұзақ тартылған оқтай түзу көшені бойлай отырып, Малжан ағашының тұсынан шықты(327 бет).

  21. Теңките шөп артқан жайдақ шана қорғасыннан құйып, қара көмір тастаған зілдей сандық тәрізді(237 бет).

  22. Бетті осып жібере жаздайды. Қар емес, күлдей ине жауып тұрған секілді(245 бет).

  23. Жол табанына шыққанша көліктердей малтығып қалды(245 бет)

  24. Бөлме ішіне екі аяқты бәйтерек кіріп келгендей, бұғып отырған жапалақша әлгі мықыр маған қарады(254 бет).

  25. Қара түтін аралас үйдей от бұрқ-бұрқ көкке шапшып шашудай шашылып, әуеден жалын жауды(266 бет).

  26. Жақындай бергенде-ақ әккі борсықтай жыртындыға қарай жылысып тарта берді(289 бет).

  27. Бірақ үйіне таяна бергенде бастағы ой іріген бөздей жыртылып, быт-шыты шықты(306 бет).

  28. Құйрық-жалы күзелген, астаудай семіз жылқылар кісінеп барады(307 бет).

  29. Жүрексіз қалған қуыс кеуде бос бөшкедей дүңк-дүңк етеді(308 бет).

  30. Үстіндегі киімі қалың әжім басқан бетіндей жүдеу(318 бет).

Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы тілін талдау барысында 84 теңеу теріліп, соның 54-і талдауға түсті. Оның ішінде 16-ы кейіпкер портретін ашатын теңеу, 13-і кейіпкер іс-қимылын бейнелейтін теңеу, 3-і тұрмыстық заттарға байланысты теңеу, 17-і жан-жануарлар әлеміне қатысты теңеулер, 5-і ұлттық нақыштағы теңеулер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет