3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Жан –жануарлар әлеміне қатысты теңеулер



бет38/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Жан –жануарлар әлеміне қатысты теңеулер:


  1. Терең әжім көмкерген жұқа қабақтың астындағы мұңды көз бір сәт сабырлылығынан айрылып, әлдененден үрейленгендей Қарасайға тесіле қарап, жылан арбаған торғайдың көзінше ешқайда бұлтара алмай, шарасынан шығып барады(10 бет).

  2. Жарыққа жасқана қарайтын мысықтың баласынша отырғандардан бетін бұрып әкетеді(16 бет).

  3. Біздің Салық секілді бастықтарымыз баяғының байларынша жерге тасбақаша жабысып айырылмайды(20 бет).

  4. Тереңінде жатқан осы бір сыр бүгін суырша бас көтеріп, батыл байламға келетін күн туды(31 бет).

  5. Ар етіп барып мысықша жабыса кеткен арлан алмастай өткір тісімен ішін жарып жіберді(118 бет).

  6. Қарасай Қапыштың келгенін біліп тұрса да, құда деген сөзді естігенде, кірпідей жиырылып, қойнына бір кесек мұз тастап жәбергендей тітіркеніп кетті(37 бет).

  7. Машина радиаторы қайқаң етіп қырқаның басына бір көтерілді де, мойнын ішіне тыққан сүзеген малша тұқырайып, қайтадан төмен сырғанай берді(59 бет).

  8. Бар ғаламнан ұрланып түнде ұшатын жапалақша құнысып, бұға түседі(319 бет).

  9. Мизамда аспан ашылып, ми қайнаған ыстықта сап-сары болып піскен бидай сабағы басын көтере алмай бір-біріне жығылып, шүлен қойдың жабағысындай ұйысып қалды(108 бет).

  10. Соның артынша-ақ тоғай арасына жыланша сүңгіген қысқы жол бойындағы шаналы көз көрім жердегі ағаш бауырынан бұлдырап шыға келді де, туралай салды(72 бет).

  11. Отырғанда да еңгезердей шоқтықты жігіт, кабина төбесіне тиер-тимес басын терезеге қарай ие түсіп, аспанға ұшуға бейімделген бүркітше алға қарай қомданып алған(89 бет).

  12. Қылтадағы жез білезік те, түйенің құмалағындай мына бір-екі қара без де көз алдымда қалыпты(187 бет).

  13. Халел кілтін қайта бұрап еді, дөңгелек шкаладағы кесірткенің тіліндей нәзік дір етіп, нольге барып тоқтады(284 бет).

  14. Мойның ырғайдай, битің торғайдай болып келіп ең баяғыда(185 бет).

  15. Сілтідей тынған аспан астында әлі де болса жазғы ақ бұлттар шөгіп, ақ омырау қаздардай мамырлап жатыр(249 бет).

  16. Өзі дардай болса да, жүрегі қоянның жүрегіндей, арсыз адамдардың жүзі қандай болады екен деп қарап отырмын(286 бет).

  17. Аспандағы ала бұлт жарықтан қорғалаған тарақандай тым-тырақай қашып, жөңкіліп барады(175 бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет