3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет47/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Ақын М.Әлімбаев афоризмге мынадай анықтама береді: ‟Қанатты сөздердің қайнар көзі – халық, тілі – мақалдар мен мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, әдеби тіл – жазушылардың, оқымыстыларлың тарихта өткен атақты қайраткерлердің өткір нақылдары, сөз байламдары”.
Афоризм мен мақал – мәтелдердің аралық жігін дәл жоғарыдағыдай етіп бөлу, жазба әдебиеті соң басталған халықтар үшін, оның ішінде қазақ халқы үшін кейбір ерекше жағдайды қажет етеді. Өйткені, мақал – мәтелдер мен афоризмді бір – бірінен ажыратуға мұны меже тұтатын болсақ, жазба әдебиетіміз афоризмдерге аса кедей болар еді. Оған себеп, ауыз әдебиетінде белгілі ақын, жырау, салдардың атынан айтылатын кейбір афоризмдерді ешбір категорияға жатқызуға болмас еді. Сондықтан, қазақ афоризмдері, жазба әдебиеті ертеден дамыған орыс афоризмдеріне қарағанда, өзіндік ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Сонымен қатар, ертеректе белгілі ақын, сал, жыраулардың атынан айтылатын қазақтың нақыл сөздері, көбіне, өлең түрінде, басқаша айтқанда, прозалық түрден гөрі, поэзиялық құрылымда жасалатын болған. Бұған себеп, қазақ әдебиетінде (ауыз әдебиетінде де) поэзия прозадан бұрын қалыптасты. Сондықтан нақыл сөздердің де ерте кезде поэзиялық құрылыспен жасалуы заңды жағдай. Кеңес үкіметі тұсында пайда болған нақыл сөздердің құрылысы әр түрлі. Олар поэзиялық, прозалық түрде де кездесе береді.
Жалпы алғанда мақал – мәтелдерден афоризмді мынадай жақтарына қарап ажыратуға болатын сияқты:

  • Афоризм әрқашан оқиғаны, затты, яғни өмірде болатын істің мазмұнын терең, өткір етіп береді. Сонымен қатар, афоризм қашанда оқиғаны тура мағынада да, ауыспалы мағынада да қолданыла береді. Дегенмен, мақал – мәтелдер, афоризмге қарағанда, оқиғаны образды түрде бейнелейді.

  • Мақалдар мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше жанры ретінде қарастырылса, афоризм, көбіне, жазба әдебиетіне байланысты жасалып отырады.

  • Мақалдар мен мәтелдер өмір құбылысының жақсы, жаман жағын бірдей көрсететін болса, афоризмдер өмір құбылысының, көбіне, жақсы жағын үлгі ретінде ғана баяндайды.

Афоризмдер өзінің пайда болу жағынан, көбіне, жазба әдебиетке тәуелді болады. Сонда, кейбір афоризмдер белгілі авторға байланысты айтылмай, халық қазынасы ретінде көбірек айтылады. Мұндай жағдайды қазіргі газет – журналдардың бетінен жиі ұшыратамыз. Өйткені, келелі, өткір ойды жинақтап, ұғымды етіп халыққа жеткізу мақсатымен кейде, авторы белгісіз жаңа афоризм сөздердің пайда болуы көп кездеседі. Баспасөзде кездесетін мұндай афоризмдердің көбі халық арасында мақал ретінде танылады. Өйткені, олардың авторы – жалпы ұжым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет