3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Педгогикалық зерттеудің әдістері. Ғылыми – педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері



бет20/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

4. Педгогикалық зерттеудің әдістері. Ғылыми – педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері. Зерттеу әдісі белгілі бір ғылыми міндетті, амалдар мен рәсім – тәртіптерді орындауға бағытталған зерттеу әрекетінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек болады. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі арта түседі. Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттамасынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешугеарналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі – зерттеу әдістерінің көптүрлілігі ұстанымы кез келген ғылыми мәселені шешуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Екіншісі – алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алынатын нәтижесіне сәйкестігі ұстанымы.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістеріне тоқталайық. Оларды ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады.
Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән – жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді. Байқау – жаңа педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді. Байқау әдісі өте қарапайым ұйымдастырылады.
Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, білім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын – ала күрделі мәселелерге байланысты, сұрақ – жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді. Сұхбат – бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады. Сауалнама жүргізу – материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.
Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек экспериментті қолданады. Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құралдары, әдістері және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдастырылады. Педагогикалық эксперименттің мақсаты – заңдылықтарды орнату, фактілерді табу.
Педагогикалық эксперимент жүргізу өте күрделі және тынымсыз еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден күрделі рәсім.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұрақ-жауап (интервью, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т.б. жатады. Педагогикалық консилиум әдісі. Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулардың себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды. Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін.
Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері. Тестілеу – бұл жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьютердің көмегімен тестілеудің нәтижесі шығарылды. Үлгерім тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады. Қазіргі уақытта психометриялық тесттердің ішінен жобалау тестері едәуір кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға негізделген. Бұл тесттер өзінің сипатталушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін беруді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.
Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу – зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы: баланың жұмыстары оның тек білімін, қызығушылығын білдіріп қана қоймай, тәрбиеші туралы мәліметтер жинауға көмектеседі. Олар жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсіндеу, қол еңбегі, тіл дамыту, бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдау баланың психикалық үдерісінің даму ерекшелігін, білімін, біліктілігін, дағдысын және құзыреттілігін даму деңгейі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1.Педагогика ғылымының әдіснамасы дегенді қалай түсінесіз?
2.Педагогика ғылымының әдіснама негізіне тоқталыңыз.
3.Философиялық заңдар, заңдылықтарға тоқталыңыз.
4.Педагогикалық теориялардың мәнін ашыңыз.
5.Педагогика әдіснамасының даму тарихы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет