Оқытудың ғылымилығы. Оқытудың басты мақсаты - білім беру. Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді;
Оқытудың тәрбиелілігі. Оқу үдерісінде оқушылардың білім алуымен қатар, олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалыптасып, ақыл-ой дамиды;
Оқытудың көрнекілігі. Көрнекілік - білудің, танудың, ұғынудың басты құралы ;
Оқытудағы саналылық пен белсенділік – оқушылардың оқуға ықыласпен шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана білуі;
Оқытудағы жүйелік пен сабақтастық. Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір-бірімен сабақтас, бірте-бірте күрделендіру принципімен құрылады. Бұл принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін, оқушылардың тиісті іс-әрекеттерін айқындайды;
Оқытудың түсініктілігі. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне, ұғынуына лайықты болуы тиіс ;
Оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі – оқу үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып, жетілдіруі;
Жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас. Жеке адамдардың өздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дербес қарым-қатынас жүргізуді талап етеді.
Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
7.4. Дидактикалық негізгі категориялары. Категориялар – (грекше kategoria – түйіп айту) . Философияда - шындық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін , мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар олар адам ойлауының жалпы заңдылықтарын білдіреді.
Оқыту - тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәтижесінде белгілі білімдер , іскерліктер , дағдылар тәжірибені және өз мінез-құлқын , тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары : білім беру, оқыту, оұу, оқыту ұсатнымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері , құралдары , нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |