3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Дидактика – жеке әдістеменің негізі . Әдістеме-



бет62/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

Дидактика – жеке әдістеменің негізі . Әдістеме- педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Мектепте оқылатын әр пәннің әдістемесі –пән әдістемесі – барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесі – ол бастауыш оқыту дидактикасы деңгейлері бойынша қарастырамыз.
Бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады , сондықтан ол барлық сабақтың әдістемсін , яғни бастауыш оқытудың дидактикасын меңгеруі керек .
Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жасалған талдау олардың педагогика ғылымының нысаны ретіндегі құбылысты қамтуға жеткіліксіз екенін көрсетті.Оларды оқыту жеке субъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: « Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс» ; «Оқыту үдерісі мұғалімнің , сол сияқты оқушының да әрекеті » ; « Оқытуда барлық уақытта екі жағы : оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі , пәнді оқыту барысындағы оқушының әрекетін бақылаудағы , оқушының материалды оқып – үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы , олардың білімдері , біліктері , мен дағдыларын тексерудегі іс-әрекеті. Оқу – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыстарды ,олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бекіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы қызметі».Оқыту үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге бағдарланған іс-әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің жиынтығы.
Оқыту үдерісі – мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарстырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және компоненттерімен сипатталады.
Олар:

  • Ғылыми білімнің , іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);

  • Мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру);

  • Оқушылар ұжымы (оқу);

  • Оқыту әдістері;

  • Оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары;

  • Оқыту нәтижелері

Білім- адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды , табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі . Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу , жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Іскерлік – алған білім негізінде оқушының практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек , т.с.с.). Дағды –бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы- жүйелі түрде жаттығу нәтижесі т.с.с.).
Оқыту процесінің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады. Егер , қойылатын талап оқушыларлың мүмкіншілігіне , яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне айналады.Оқытудың педагогикалық , психологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту- күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру , тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін , біліктілігі мен дағдысын дамыту негіщзінде жүзеге асырылады. Оқыту- екі жақты үдеріс. Оқыту оқушымен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратынын күрделі процесс.Өйткені , оқыту –мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса , ал оқу-баланың өзінің танымдық , практикалық іс-әрекеті. Оқыту- мақсатты үдеріс.Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады.Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық-мақсаттың жүзеге асуы. Оқыту- жоспарлы үдеріс.Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таным қызметінің формасы мен әдістерін жоспарланған , ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқыту-даму негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні : организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді,
Оқыту үдерісі мұғалімнің , таным жолындаңы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту – таным үдерісі . Танымның ерекшілігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оөыту дамыта және тәрбиелей отырып ,жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі –шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту- бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең таяу даму зонасын жасау».
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі- өзара қарым-қатынасын жасау іс-әрекеті. Сөйтіп , оқыту процесі – мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді . Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес , оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқаруы, ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі ғылым тарихымен , оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқушы дүниетануда бұрын ғалымда белгілі болған , зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды , заңдылықтар мен тұжырымдамаларлы әрі қарай дамыта түседі.
Оқыту мазмұны- өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адмазат тәжірибесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтижесі бола алатын білім , білік, дағды. Тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта , қандай көлемде , қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру , тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.Құбылыстар мен үдерістер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда – заңдылық деп аталады. Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет