3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


ОҚЫТУ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ



бет58/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

ОҚЫТУ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.


Дәріс 16: Оқыту үдерісінің маңызы

Дидактика оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың нысаны, пәні, қызметтері, міндеттері. Қазіргі уақытта дидактика педагогика ғылымының дамыған, неғұрлым қалыптасқан маңызды да күрделі саласы ретінде қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде мектеп алдына қойылатын жаңа аса жауапты міндеттерді ойдағыдай шешу барысында үнемі дамып отыратын ғылым. Орта білім беру жүйесінде дидактика білім беру мен оқытудың мазмұның, құрлымын, оқыту зандылықтары мен ұстанымдарын, ерекшелектерін, шарттарын, оны ұйымдастыру әдістері мен формаларын және технологиясын, оқыту нәтижиелігін зерттейтін педагогиканың маңызды саласы болып табылады.


Тұтас педагогикалық үдерістің құрауыштары оқыту мен тәрбиелеу. Бұлар өзара тығыз байланыста болса да, әрқайсының ерекшеліктері бар. Педагогикалық үдерісте оқыту үдерісі өзіндік орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды және тәжірбие, қабілеттер қалыптасады. Оқыту үдерісінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, ұстанымдарын, категорияларын педагогиканың арнайы саласы дидактика зертейді. Дидактика оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне және ұйымдастыру түрлеріне ғылыми негіздеме беретін оқытудын педагогикалық теориясы.
Дидактика ғылыми ретінде мына мәселелерді қарастырады: не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?: кімді оқытамыз (оқыту субъектілерді)?; оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту ұстанымдары)?: неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны)?: оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытудың ұйымдастыру формасы)? Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар,оқу құралдары т.б)?: оқыту нәтижесінде неге қол жеткізіледі (оқыту нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер мен нәтижелер).
Диактика бұл оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық ғылыми пән. Дидактиканы кез-келген педагог білуі қажет, өйткені ол теориялық білімге сүйене отырып, соған сәйкес практикалық мәселені ойдағыдай шеше алады. Сондықтан мұғалімге практикалық әрекет теориясы, яғни оқыту әрекет теориясы қажет.
Дидактиканың объектісі мен пәні. Оқыту дидактиканың де, әдістерін де, психологтың да, ақпарат теориясы маманының да кибрнетиктің де зерттеу нысаны бола алады. Бірақ әрқайсысы бұл нысанды зерттеуде өздерінің мақсаты мен зерттеу нәтижелерін нақтылайды. Демек, дидактиканың пәні үйретудің тұтастығы, өйткені ол оқыту үдерісіндегі педагог пен оқушылардың әрекетін таным теориясы арқылы сипаттайды.
Дидактка пәнін анықтаудың келесі қадамы оқытудың педагогикалық мәнің ашу. Дидактика теориялық ғылым ретінде оқытудың әдіснамалық негіздерін ашып көрсетеді. Дидактика пәнінің келесі сипаттамасы оқытуды тәрбиемен біріктіре қарастыру.
Сонымен, дидактиканың зерттеу пәні оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері.
Дидактиканың қызметтері: оқыту үдерісін және оның орындалу шарттарын сипаттау және түсіндіру: оқыту үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыру, жаң оқыту жүйелерін, жаңа оқыту технологияларын қарастыру.
Бұл қызметтер, дидактика пәнін анықтауда басшылыққа алынады: оқыту сипаттау, түсіндіру, құрастыру және зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Оқыту дидактика педагогиканың ғылыми теориялық қызметін орындаған уақытта зерттеу нысаны ретінде алынады.
Құрастырушылық техникалық қызметтің негізіне ғылыми теориялық қызметтің орындалуының нәтижелері алынады. Өзінің қызметтерінің орындалуында дидактика басқа ғылымдардың, дәлірек айтсақ: философияның, жалпы психологияның, жас ерекшелік психологиясының, кибернетикалық жетістіктерін қолданады.
Дидактикалық міндеттері:
Білім беру мақсатын ғылыми негіздеу, білім беру мазмұнын құрлымын анықтау, білім беру мазмұнының оқытудың әрбір деңгейіндегі көлемін нақтылау:
Оқыту үдерісінің теориялық модельдерін ойластыру және оны практикада тексеру:
Оқыту үдерісін ұйымдастыру неғұрлым жетілген жаңа жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын жасау.
Бүгін дидактика білім беру және оқыту туралы ғылым ретінде танылып отыр.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. «Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «didatikos» үйренуші, ал «didasko» зерттеуші деген мағынаны білдірген. «Дидактика» түсінігі мазмұны толық түсіну үшін, бұл ғылыми пәннің дамуына қысқаша тарихи шолу берген жөн. Тарихта ұзақ уақыттар бойы «педагогика» терминімен қатар «дидактика» термині бір мағынада қолданылып келген. Ең алғаш рет оны ғылымға неміс педагогі В.Ратке (1571-1635жж) енгізген және өзінің лекция курсына «Дидактикадан қысқаша ғана нәтижесі немесе Ратихиялық оқыту шеберлігі» деп атаған.
Я.А.Коменский чех педагогы,қоғам қайраткері. Ол 1657 ж. Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегін бастырып шығарды. Коменскийдің педагогикалық көзқарасы демократияға негізделген. Ол орта ғасырлық жаттамалы оқуға, баланы жазалап оқытуға қарсы болады. Я.АКоменский дидактиканы «бәрін бәріне оқыту өңері» ретінде қарастырады. Дидактиканың құрамында ол «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын қарастырады. Мектеп баланың «адамгершілік, сүйіспеншілік шеберханасы» болуы керек деген көзқарасты қарастырады. Коменский адам танымының үш сатысын анықтайды. Олар: эмпирикалық, теориялық, практикалық. Коменский тәрбиені адамның табиғатына сәйкес жүргізу керек деп есептейді. Ол оқытудың жеті түрлі принципін анықтады: білім беру үдерісін көрініп тұрған заттан бастап, біртіндеп абстрактылыққа көшіру, жеңілден ауырға қарай жылжу, көрнекілікке баса көңіл бөлу, білімнің жүйелі түрде меңгерілуі, білім сатыларының бірі бірімен байланысты бірілуі, жас және жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып білімді меңгеру.
Коменский бұрынғыдай білім беру жүйесін ұстанды; ана мектебі (6-7 жас аралығы), ана тілі мектебі (12-18 жас), академия (18-24 жас). Ол оқу жылын тоқсанға жіктеу, оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрлі сынып сабақ жүйесін педагогика тарихында алғаш рет ұсынды.
Коменский оқулықтарға талаптарды да анықтады. Оның педагогикалық талабы бойынша, оқулық жүйелі, ғылыми негізге сүйенген, теориямен тәжірбиенің байланысын іске асыруға талпыныс жасауы қажет.
Коменскийдің дидактикалық принципін әлемінің педагог ғылымдары ұдайы қағида тұтып, басшылыққа алып келеді.
Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы. Дидактиканың бірнеше ғасырлық бай тарихы бар және қазірде қарқынды даму үстінде, оның даму тарихы отандық және ғаламдық ғылыми жетістіктерімен қатар әлемдік көрнекті педагогтардың еңбектерімен тығыз байланысты.
Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактикалық білім беру мен оқытуға көңіл аудара бастады. Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф,Гербат, И.Г.Песталоцици, А.Дистерверг, К.Д.Ушенский, Д.Дьюи және тағы т.б үлкен еңбек сіңірді.
Швейцария педагогы И.Г.Песталоцци бастауыш білім беру дидактикасының негізін салушы. Ол оқытылудың мақсаты баланың ақыл ойын белсенділікке бағыттау, танымдық қабілетін дамыту, логикалық ойлауын түсінігінің мәнін қысқаша айтып беруге дағдыландыру деп есептейді.
Белгілі неміс педагогы және философ И.Ф.Гербарт (1776-1841) Я.А.Коменскийден кейін дидактиканы тәрбиелей отырып оқытудың біртұтас теориясы ретінде қарастырады. Бұл көзқарас көптеген отандық және шетелдік педагогтардың еңбектерінде көрініс тапты. И.ФГербарттың дидактикаға қосқан басты үлесі оқытуды сақтау. Оның құрамы: айқындық, ассоциация, жүйе әдіс.
XIX-XX ғғ. Аралығында дидактканың дамуына П:ФКаптерев, С.ТШацкий, П.П Блонский, А.К.Гастев, А.П Пинкевич, М.М Пистрак және т.б үлес қосты. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н.Грудев, М.А.Данилов, Б.П.Есипова және т.б табысты жұмыс істеді.
Оқулықтардың ғылыми негіздемесін жасауға, дидактканың нысаны мен пәні анықтауға, педагогикалық ғылымдармен, сондай ақ басқа ғылымдармен байланысын табуға, дидактикалық зерттеудің әдіснамасын нақтылауға, оқыту әдісін жетілдіруге В.С.Ильин, В.И.Загвязинский, И.Я.Лернер. М.М.Махмутов және т.б зор үлес қосты.
Қазақстанда педагогикалық теориялардың дамуы.
Қазақстан топырағынан шыққан ұлы ойшыл ғұламалар Әбу Насыр Әл Фараби,Иби Сина,Қожа Ахмет Иассауи,Әл Хорезми,Жүсіп Баласағұни қазақ жерінде дидактиканың философиялық әдіснамалық заңдылықтары,өзіндік ерекшеліктері туралы өз еңбектерінде жазып , кейінгі ұрпаққа өте бай мұра қалдырды.
Әлемдік мәдениет пен ғылымның дамуына зор үлес қосқан ,данышпан ғалым Әл Фараби адамды тек оқу білім арқылы жаңартуға,жетілдіре түсуге болады,мұның өзі барша халыққа бірдей ортақ дерлікт саласын қамтиды.Ұлы ойшыл еңбектерінде педагогика мен психологияның, математика мен оны оқыту мәселелері де үлкен орын алады.
Ж.Баласағұни «Құтты білік» атты еңбегінде ғылым мен білімнің адам өмірінде шешулі рөл атқаратындығын айқындай отырып, өмірмен байланысты білімнің шектеусіз байлық, мол мұра екенің тұжырымдайды.
Қазақтың ұлы ақыны ойшылы А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, этнограф ғалым Ш.Уалиханов, ағартушы Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров өздерінің философиялық еңбектерінде қазақ халқының дүниетанымын қалыптастыру, сауат ашу,білім беру,мәдениетке үйрету,өзге елдердің озық мәдениетінен үйрену туралы айтқан құнды пікірлер қазіргі кезде де өз мәнің жоймағанын,қайта осы заманғы білім беру ісімен үндесіп тұрған өзекті мәселе екенің аңғарамыз.
Одан бергі кез ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймаутыв, Х. Досмұхамедов т.б білім беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, оқушылардың таным әрекетін арттыру мәселелерін тереннен зерттеп, дидактиканы одан әрі дамытуға өз үлестерін қосқан.
Кеңес дәуірінде таңда Қазақстанда ғалымдары педагогиканың жалпы мәселелерімен қатар дидактакалық мәселелерді де зерттейді. Республика мектептерінің практикалық материалдарына сүйене отырып, жалпы педагогикалық, оқытудың дамуына байланысты мектептерді полехтекаландыру, мектеп жайындағы оқыту, білім беру үдерісінің ерекшеліктері сияқты тақырыптар бойынша көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйеде оқыту мен оқу өз ара бірлекте жүреді.Дидактика тұжырымдама шеңберінде бағдарламалап оқыту, пробемалық оқыту, дамыта оқыту, педагогикалық технология және педагогикалық ынтымақтастық т.б сияқты әртүрлі бақытта жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет