31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Тәтіқара – кезіндегі шындықты жасырмай жырлаған батыл ақын



бет3/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Тәтіқара – кезіндегі шындықты жасырмай жырлаған батыл ақын. Ол Абылай бастаған қолдың жаумен кейбір айқаста табансыздық көрсеткен жерлерінің де болғанын жасырмайды.
Кейбір қолжазба деректерде Тәтіқараны Абылайға сын сөздер айта білген батыл ақын етіп танытады. Асылы, Тәтіқара да Бұхар сияқты ханның астам көңілін басарлық ауыр сөздер айтуға батылы жеткен, беделді адам болса керек. Кей тұста ақын Абылайды жақтаушыдан гөрі әшкерелеуші, сыншы болып танылады. Әр тұста ол хан жағында бола бермеген. Батырлар жағын, әсіресе Олжабайды қолдаған. Ал Олжабай мен Абылай немесе Бөгенбай мен хан арасы ашылғанда түгел өзгеріп, халық мұңын көтеріп отырған. Абылайға көңілі қалған тұста. Ол өзінің үскідей өткір тілін қадап, оның кемістігін бетіне басады. Абылайдың асқан, тасқан көңілін басуды қолдап "қан талауға” салуды керек қылады.
Үш жүздің баласы
Ақылдасып қолдасып
Хан көтеріп еді —
Үш жүздің баласын
Бір ұлындай көрмеді.
Ат құйрығын күзеңдер,
Аллалап, атқа мініңдер,
Ханталау қылып алыңдар!
Ақынның бұл сияқты батыл әрекеттері, әрине, ханға ұнамайды. Асылы, осындай, өктем сөздерден кейін Тәтіқара мен хан арасы алшақтайды. Халық аңызы бойынша, Тәтіқара сарай маңынан біржола қуылып, жасы ұлғая келе жоқшылық көріп өледі. Тәтіқара шамамен 1780 жылдары 75 жаста дүние салады. Тәтіқара ішер асқа, қонақасыға, қонар қонысқа зар болып, өз еңбегімен күнелткен, қара лашықты кедей болып, қиындық көріп өлген, сонда да ешкімге бас имей өткен, өткір тілді шешен ақын болған.
33. Доспамбет толғауларындағы ұлттық салт-дәстүр көрінісі

Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған – Доспамбет жырау. Жырау толғаулардың басты идеясы – ерлікті, батырлықты дәріптеу. Елді – жерді қорғау міндетті, майданда шаһид кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере,сере қар»), Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы «Тоғай, тоғай, тоғай су» өлеңінен байқалады.


Доспанбет жырау (1490-1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады.
Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т.б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.
Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен.
Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М.Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В.Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том
Доспамбет – жырау, қолбасшы, батыр. Ол 1490 жылы Дон өзені бойындағы Азау қаласында дүниеге келіп, 1523 жылы қаза тапқан. Доспамбет жырау – қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі. Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарай мен Стамбұлда болған. Доспамбет жырау толғауларында оның мұрат-мақсаты айқын көрініс тапқан. Отан қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік – оның жырларының негізгі тақырыбы. Доспамбет жырауларында түркілік тұтастық идеясы бар. Қырым хандығы, Ноғай ұлысы және қазақ халқын бірлікке, іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болуға шақырады.
Жыраудың Отан қорғау, халқын сүю рухындағы «Айнала бұлақ басы таң», «Азау,азау дегенің», «Тоғай,торғай, тоғай су», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ жайық», тағы басқа жыраулары бүгінгі күнге дейін жеткен. Оларда өзі талай қол бастап, қорғаған елін, жерін, ата қонысын сүйіспеншілікпен жырлайды.
Доспанбет жыраудың ақындық мұрасы бізге толық жеткен жоқ. Халық ауыз әдебиетінде, жекелеген қолжазбаларда сақталып қалған шығармалары ХІХ ғасырдың басында әр түрлі әдеби жинақтарға енген. Кеңес өкіметі кезінде табылған толғаулары М.Мағауин жинап, құрастырған «Алдаспанда» (1971 жылы) жариаланды.
Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге болады. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл, нақышты. Бұхар жырау мен Маханбеттің шығармашылығында Доспанбет әсері айқын байқалады.
1523 жылы Астрахань жорығы кезінде Доспанбет жырау бастаған барлаушылар тобы торуылға түсіп, жырау ауыр жарақаттан қаза болған.
Доспамбет жыраудың соңғы демі жарық дүниенің ең соңғы бір сабақ жібіндей болып үзілгелі жатқан сәтте, бұ дүния мен о дүния ақын көкірегінде түйісіп қалған сәтте, ақынды ала қашуға келген ажалдың алдынан жасын жырлар от шашқан сәтте ажал да адамға тәуелді болып қалған сияқты. Отты жырлар ақынның оққағарларындай ажалды аластап, оны көпке дейін өз иесіне маңайлатпағандай әсер береді.
Ақынның қысқа ғана өмірбаянында оның соңғы сөздері делінетін өлеңдері ажал алдындағы адамның асыққан сөздеріндей емес, ғұмыр философиясының теориялары болып тереңнен, дәуірдің деректерін екшегендей баппен, жүз жасаған адамның сөзіндей байсалдылықпен айтылады. Бұл сөздер – өз иесінің өмірін ұзарта түсуге қызмет еткен киелі сөздер.
Жарық дүниеден озарында соңғы сөзін айтып қалуға мүмкіндігі болған адам Жаратушы иеміздің аса зор рахымшылығы түскен адам шығар. Егер солай болса, мұндай рахымшылыққа бөленген жанның бірі –Доспамбет жырау. Ол 1523 жылы қазіргі Астрахань маңында ұрыс үстінде опат болған көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет