32. Жогаргы жақ сүйегінде 16, төменгі жақ сүйегінде 16 тістен, ортадан оң, не солга қарай санасақ, 8


Экспериментальдық-Рентгенологиялық, ауторадиографиялық, антропометриялық әдістер



бет4/6
Дата08.05.2023
өлшемі43,79 Kb.
#90994
1   2   3   4   5   6
Экспериментальдық-Рентгенологиялық, ауторадиографиялық, антропометриялық әдістер.

  • Рентгеноскопиялық әдісімен рентген сәулесі арқылы органдардың бейнесін арнаулы пленкаға түсіріп алса оны рентгенография әдісі деп атайды.

  • Ауторадиографиялық әдіс тіс, қаңқа сүйегінің даму кезеңдерін тексереді.

  • Антропометриялық әдіс- адамның сырт пішінін, салмағын өлшеу арқылы қалай дамып келе жатқанын анықтайды.

36.Тірек-қимыл жүйесі.Остеология
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм.
Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді. Сүйектер адамда да, жануарларда да денеге белгілі пішін берумен 6ipгe, тірек-қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады. Мәселен, қол-аяқ сүйектері омыртқа жотасы тірек және қимыл қызметтерін атқарса, бас сүйектepi мен көкірек клеткасы өкпені т.б. ағзаларды қоршап, қорғап тұрады. Анатомия тіpeк-қимыл аппаратын терең зерттеу үшін оларды үлкен екі салаға бөліп окытады. Сүйек саласын остеология, бұлшық еттер туралы саласын миология деп атайды.
Остеология - бұл сүйектерді, оның құрылымы мен қызметін зерттеуге жауапты ғылым саласы. Термин грек түбірлерінен шыққан остеоn, «сүйек» дегенді және логоc, бұл «білім» немесе «ғылым» дегенді білдіреді.
Бұл білім саласы тек сипаттамалық анатомия мен сот-медициналық ғылымдардың медициналық саласына ғана емес, сонымен қатар антропология, палеонтология және археология сияқты медициналық емес мамандықтарға да енеді.
Қаңқа құрылысы. Қаңқа негізінде екі жузден аса суйектен түзілген. Kө6i жұп келеді дененің жалпы салмағымен салыстырганда сүйек 10 % ғана болады. Бұл жағдай жалпы сүйек құрылысының жеңілдігін дәлeлдeйдi. Сүйек адам денесіндегі негізгі жанды мүше. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылга келтірумен 6ipгe тіректік қызмет аткарады. Сүйек мыңдаған мамандалған клеткалар бөлетін, өте сирек кездесетін материал. Адамның денесіндегі негізгі жанды мүше.
Сүйекті сыртынан сүйек қабы қоршайды. Сүйек қабы 2 қабаттан түзілген: сыртқы қалың дәнекер ұлпасынан және ішкі остеобласт қабаты. Остеобласт клеткаларының көбеюі нәтижесінде сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, сүйекті көлденең өсіреді.
Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.
Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.
Қысқа сүйектерге – омыртқа, алақан, табан, саусақ сүйектері жатады.
Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері – жалпақ сүйектер.
Қаңқа – тұлға, бас сүйегі, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйегінен тұрады.
Бұлшық еттер біздің организмнің енжар бөлігі – қанқаны қимыл-қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігін құрайды.Адамда 600-ден астам қанқа бұлшық еттері бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.Бірыңғай салалы бұлшық еттер көптеген ішкі мүшелер,тамырлар қабырғасын қүрайды.Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы,ұршық тәрізді жасушалардан тұрады.Көлденең жолақты бұлшық (қанқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады.Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді.Олар бұлшық еттердің жиырылуын қамтамасыз етеді.Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын,тұлға және аяқ-қол бұлшық еттері деп бөледі.Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері.Олар тек теріге не бір ұшы теріге,екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет