32. Жогаргы жақ сүйегінде 16, төменгі жақ сүйегінде 16 тістен, ортадан оң, не солга қарай санасақ, 8



бет2/6
Дата08.05.2023
өлшемі43,79 Kb.
#90994
1   2   3   4   5   6
Үлкен азу micmep - кіші азу тістен кейін орналасқан, жалпы саны 12. Tic сауытының пішіні шаршы тәрізді. Шайнау беттерінде төрт тқмпешігі бар. Бұл жағдай азу тістердің қызметіне, тамақты майдалауына байланысты.
Төменгі жақ тістері ішке иіле келсе, жоғарғы жақ тicтepi азырақ сыртқа қарай орналаскан. Осының нәтижесінде тістегенде тек ақыл тістер 6ip-6ipiнe тұспа-тұс болып келеді де, басқасы жапсарланып жатады.
35.Анатомияның даму тарихы.Зерттеу пәні мен әдістері.
Анатомия тарихы адам организмі құрылымы мен дамуына көзқараста материализм мен идеализмнің күрес тарихы болып табылады. Бұл күрес құл иеленушілік дәуірінде таптардың пайда болуынан басталады. Ертедегі Грецияда Демокриттің материализмі мен әйгілі “барлығы агады деген ережені айтқан Гераклдің диалектикасының әсерімен адам организмінің құрылысына материалистік көзқарас қалыптасады. Мәселен, Грецияның атақты дәрігері Гиппократ (б.э.д. 460- 377 жж.) организм құрылысының негізін төрт түрлі сұйықтық: қан (sanguis), сілекей (phlegma), өт (сһоіе) және қара өт (melaena сһоіе) құрайды деп үйретті. Олардың біреуінің басым болуына адам темпераментінің түрі (сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик) байланысты. Демек, жан қызметінің көрінісінің бірі ретінде адам темпераменті дене “сөлдерінің” күйіне байланысты. Гиппократ бойынша, аталған темперамент түрлері адам дене бітімінің түрлі типтерін де анықтайды, олар алуан түрлі және дененің сол “сөлдерінің” өзгеруіне сәйкес өзгере алады. Организм туралы осындай түсінікке сүйене отырып, Гиппократ ауруларға да сұйықтардың дұрыс араласпау нәтижесі деп қарады да, содан келіп емдеу практикасына әр түрлі “сұйық айдағыш” заттарды енгізеді. Организм қүрылысының гуморалдық теориясы осылай пайда болды, бұл теория белгілі бір дәрежеде осы кезге дейін өз маңызын сақтап отырды да, осыдан келіп Гиппократты медицинаның атасы деп есептейді. Гиппократ анатомияны медицинаның іргетасы деп қарастырып, оны зерттеуге үлкен мән берді.
Материализмнің қарсыласы және көне идеализмнің өкілі ақсүйектік реакцияның идеологы Платон бойынша, адам организмін материалдық ағза ми емес, дененің ең басты үш ағзасында - мида, жүректе және бауырда орналасқан “жанның” немесе “пневманың” үш түрі басқарады. Платонның шәкірті Аристотель өзінің ұстазы Платонның “жан” туралы идеалистік ілімін одан әрі дамытты, “жан” әрекетті, тіршілік , бастамасы , табиғаттағы барлық нәрсе,жоғарғы мақсатқа сәйкестілікке бағынады деп есептеді. П латоннан өзгеше ол жан жөнінде материалистік көзкарасты, яғни “жан” денемен бірлікте болады, өлетін қасиеті бар және денемен бірге өледі деп есептеді. Ол бірінші болып жануарлар денесін салыстыруға және ұрықты зерттеуге әрекет жасап, салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның бастаушысы болды. Аристотель дінге қайшы келетін кез-келген жан-жануар тек жануарлардан шығады деген дұрыс пікір айтты.
Ерте Римдегі аса көрнекті философ, биолог, дәрігер және анатом Клавдий Гален болды. Ол организмге көзқарастарында, бір жағынан Платонның идеализмі мен Аристотельдің теологиясын дамытты, ал екінші жағынан, организмді зерттеуді материалистік тұрғыдан жүргізді, яғни іс жүзінде эклектик болды. Платонның жолын қуушы ретінде ол, организмді үш ағза: вена тамырларымен таралатын физикалық “пневма” жасап шығаратын бауыр; артериялар бойынша берілетін тіршілік “пневмасын” жасап шығаратын жүрек және нервтер бойымен таралатын психикалық пневманы - ми басқарады деп есептеді. Галеннің материализмі организмді зерттеуге қалай келуінен де байқалады. Ол организмді науқас адамдарды бақылау және жануарлар өліктерін жарып көру арқылы зерттеді. Ол бірінші болып тірі организмді тіліп, ағзалардың жұмысын бақылау (вивисекция) әдісін колданып, эксперименттік медицинаның негізін салушы болды. Бүкіл орта ғасыр бойы медицинаның негізі Галеннің анатомиясы мен физиологиясы болды. Феодализм дөуірінде (V-XII ғғ.) медициналық шығармалардан тек Галеннің еңбектері таралды. Дін иелері адамды, яғни құдайдың жаратуы туралы Галеннің идеалистік және теологиялық көзқарастарын насихаттауға қамқорлық жасап, оны сынағандарды қудалап отырды. Галеннің ілімін осылай схоластикалық және догмалық ілімге айналдырып, шіркеу бүкіл феодализм дәуірі бойында галенизмнің үстем болуын қамтамасыз етіп, анатомияның және жалпы медицинаның дамуына кедергі жасады. Батыс Европада да осылай болды. Католицизм әсерінен тысқары болған Шығыста медицина одан әрі дамыды.
Әл-Фараби Әбу-Насыр Мухаммед бин Тархан ибн Узлаг (870- 950) ұлы ғалым-энциклопедист, ғылымдар тарихында ол “Екінші мұғалім” ретінде белгілі болды. “Бірінші мұғалім” деп көне дәуірдегі Платон, Аристотель сияқты оқымысты философтарды атаған. Әл-Фараби “басты ағзалардың бірі - ми жүректің жұмысын, сезімталдығын, адамның темпераментін басқарады”, - деп жазған. Адамның іш құрылысында бауыр мен көкбауыр денеде айналып жүретін сұйықтық шығарады деген данышпандық ой айтқан.
Абу-Али Ибн Сына немесе Авиценна “Медицина қағидалары” деген еңбегін жазды, онда Гиппократ, Аристотель жэне Галеннен алынған көптеген анатомиялық-физиологиялық деректер бар. “Медицина қағидалары” феодализм дәуірінің ең тәуір медициналық шығармасы болды, XVII ғасырға дейін Шығыс пен Батыстың дәрігерлері содан оқып, тәлім алды.
Леонардо да Винчи суретші ретінде анатомияға қызығып, одан кейін оған ғылым ретінде әуестеніп, алғашқылардың бірі болып өлген адам денелерін сойып көріп, организм құрылысын зерттеуде нағыз жаңашыл болды. Леонардо да Винчи өз суреттерінде алғаш рет адам денесінің түрлі ағзаларын дұрыс бейнеледі, адам мен жануарлар анатомиясының дамуына үлкен үлес қосты, сондай-ақ пластикалық анатомияның негізін қалады. Леонардо да Винчидің шығармашылығы А. Везалийдің еңбектеріне де әсерін тигізді деп есептеледі.
Андрей Везалий орта ғасыр ғылымына тән схоластикалық түсіндіру әдісінің орнына, ол организмді зерттеуге материалистік тұрғыдан келіп, объективті бақылау әдісін қолданды. Мәйіттерді жарып ашуды кеңінен қолдана отырып, Везалий тұңғыш рет адам денесінің құрылысын жүйелі зерттеді. Бұл кезде ол Галеннің көптеген қателіктерін (200-ден астам) батыл әшкерелеп, түзетіп, осы арқылы сол кезде үстем болып тұрған галендік анатомияның беделін түсіреді.
Медицина мен анатомияның дамуында XVII ғасыр бетбұрыс кезеңі болды. Бұл жүзжылдықта орта ғасырдың схоластикалық және догмалық анатомиясын талқандау аяқталып, нагыз ғылыми түсініктердің іргесі қаланды. Бұл идеялық талқандау қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті өкілі ағылшын дәрігері, анатом әрі физиологи Вильям Гарвейдің (1578-1657) есімімен байланысты.
Анатомияны зерттеуде Гарвей күрылы.мды сипаттаумен шектелмей, оған тарихи (салыстырмалы анатомия және эмбриология) және функционалдык түрғыдан карады. Ол жануар өзінін онтогенезінде (жеке дамуында) филогенезді (тарихи дамуды) қайталайды деген данышпандық болжам айтты. Сөйтіп ол бірінші рет А. О. Ковалевский дәлелдеп, кейіндеу XIX ғасырда Геккель мен Мюллер тұжырымдаған биогенетикалык заңды алдын ала болжады. Сондай-ак Гарвей кез келген жан-жануар жүмырткадан пайда болады (omne animal ex ovo) деген материалистік кағиданы дінге карсы қойды. Бұл қағида эмбриологияның одан әрі дамуының ұранына айналды да, Гарвейді эмбриологияның негізін калаушы деп санауға тура келді. Гарвей өз зерттеулері нәтижелерін “Жануарларда жүрек пен канның қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу” деген атақты трактатында баяндап, қан артериялардан аса жіңішке түтікшелер арқылы веналарға өте отырып, қан тамырлардың түйық шеңберімен козғалады деп дәлелдеді. Гарвейдің кішкентай ғана кітапшасы медицинада бүтіндей бір дәуір жасады.
Гарвейдің ашқан жаңалығынан кейін әлі де қанның артериялардан веналарға қалай өтетіні анықталмады, бірақ Гарвей олардың арасында көзге көрінбейтін анастомоздардың болуын болжап айтты да, кейін микроскопиялық анатомия пайда болған кезде Марчелло Мальпиги (1628-1694) ол болжамды дәлелдеді. Мальпиги терінің (мальпиги қабаты), көкбауырдың, бүйректің (мальпиги денешіктері) және басқа бірқатар ағзалардың микроскопия лық құрылысын зерттеуде көптеген жаңалықтар ашты. Өсімдіктер анатомиясын зерттей келе, Мальпиги Гарвейдің “кез келген жан-жануар жұмыртқадан пайда болады” деген кағидасын кеңейтіп, “барлык тіршілік жұмырқадан пайда болады” (omne vivum ex ovo) деген қағидаға айналдырды.
Тек бүйректердің құрылысын зерттеген А. М. Шумлянский (1748- 1795) гана қиялдағы “аралық кеңістіктердің” жоқ екенін және артериялық, веналық капиллярлардың арасында тікелей байланыс барын дәлелдеді. Сөйтіп, А. М. Шумлянский бірінші рет қантамырлар жүйесі тұйық екенін дәлелдеді, осы арқылы қанайналым шеңберін түбегейлі тұйықтады.
Сондықтан, қан айналымының ашылуы анатомия мен физиология үшін гана емес, бүкіл биология мен медицина үшін де маңызы зор болды. Ол жаңа дәуір феодализмінің схоластикалық медицинасының күні өтіп, капитал измдегі ғылыми медицинаның басталуына жол ашты.
XIX ғасырда метафизикалық көзқарасқа қарама-қарсы биология мен 18 медицина тоцкеріс жасаган және эволюпиялык морфологияның бастамасын салгаи тұтас ілімге (дарвинизм) айналған диалектикалык даму идеясы қанат жая бастады.
Дарвинизм ғылымы бірнеше рет эмбриология мен салыстырмалы анагомияның дамуымен әзірленді. Мәселен, Ресей Ғылым Академиясынын мүшесі Ф. Вольф (1733-1794) эмбриогенез үрдісінде ағзалар жаңадан пайда болып, дамитындығын көрсетті.
Француз табиғат зерттеушісі Ламарк (1774-1828) өзінің “Зоология философиясы” деген еңбегінде бірінші болып коршаған ортаның әсерінен организмнің өзгеріске түсетінін жариялады. Вольфтің эмбриологиялык зерттеулерін жалғастырушы орыс академигі К. М. Бэр (1792-1876) сүткоректілер мен адамның түкым жасушасын ашты. Ол казіргі кездегі эмбриологиянып негізін құрайтын организмдердің жеке дамуының басты зандарын аныктап, ұрық жапырақшалары туралы ілімді жасады. Бұл зерттеулер оган эмбриологиянып атасы деген даңк әкелді. Бэр Дарвинге дейін оны тіршілік үшін күрес туралы қағидасы үшін сынаса да, түрлердің өзгеруі туралы идеяны ұсынып, “Дарвин ілімін әзірледім” деп есептеді. Данышпан ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин (1809-1882) өзінің атақты “Түрлердің шығуы” атты еңбегінде жануарлар дүниесінің бірлігін дәлелдеп, адамның қазіргі кездегі адамтәрізді маймылдармен бірге жоғары дамыған маймылдардың қазірде құрып кеткен түрлерінен шыққан деген қорытындыга келді. Дарвин ашқан фактілердің жиыны мен оның теориясы дарвинизм деп аталды. А. О. Ковалевскийдің, сондай-ақ К. М. Бэр, Мюллер, Ч. Дарвин жэне Геккельдің эмбриологиялык зерттеулері биогенетикалық заңда (“онтогенез филогенезді қайталайды”) көрініс тапты. Бұл заңды А. Н. Северцев одан әрі тереңдетіп, түзетті. А. Н. Северцев сыртқы орта факторларының жануарлардың дене құрылысына әсерін көрсетіп, эволюциялық ілімді анатомияда қолданып, эволюциялык морфологияны жасаушы болды. Орыс морфологтары мен эмбриологтарының еңбектерінде дарвинизм осылай дамыды.
1725 жылы Ресейде Ғылым академиясы құрылып, онда анатомияның дамуына берік іргетасы қаланды. Ғылым академиясында данышпан орыс ғалымы әрі Ресейдегі жаратылыстанудың негізін салушы М. В. Ломоносов жүмыс істеді, ол материалист болғандықтан, анатомияны бақылау жасау аркылы зерттеуді насихаттап, сол арқылы оның даму болашағын дұрыс көрсетті.
XVIII ғасырда микроскопиялық анатомияның да негізі салына бастады, ол Ресейде А. М. Шумлянскийдің (1748-1795) есімімен байланысты болды. А. М. Шумлянский канайналым туралы дұрыс түсінік қалыптастыруды аяғына дейін жеткізді, сондыктан оның есімі Гарвей және Мальпиги есімдерімен катар түруы тиіс.
XIX ғасырдың екінші жартысында медицинада нервизм деп аталған озат бағыт қалыптасты. Нервизм дегеніміз - бұл адам организмінің физиологиялық қызметтерімен тіршілік әрекеттері үрдістерін реттеуде нерв жүйесінің ең басым маңыздысы екендігін дәлелдейтін концепсия. “Нервизм”,- деп көрсетті И. П. Павлов - бұл “нерв жүйесінің әсерін организм қызметінің мүмкін болғанша көбірек мөлшеріне таратуга тырысатын физиологиялык бағыт”. Нервизм идеясы біздің елімізде XVIII ғасырда пайда болып, отандық медицина дамуының даңғыл жолына айналды.
В. Л. Бец (1834-1894) ми қыртысынын бес кабатынан аса үлкен пирамидалық жасушаларды (Бец жасушалары) ашты және ми қыртысынын жасушалық құрамындағы айырмашылықты байқады.
Ми анатомиясы салас нда көп еңбек еткен анатом, п рофессор Д. Н. Зернов (1 8 4 3 -1 9 1 7 ) болды. Ол түрлі халықтар өкілдерінің миы құрылысында айырмашылык жоқ екенін дәлелдеп , нәсілшілдік пен күресудің анатомиялық негізін қалады. Ми мен жұлынның анатомиясы на аса көрнекті неврапатолог және психиатр В. М . Бехтерев (1 8 5 7 -1 9 2 7 ) зор үлес қосты. Ол ми кыртысындағы қызметтердің орналасуы туралы ілімді кеңейтіп, реф лекторлык теорияны тереңдетіп , нерв аурулары ның диагностикасы мен емі үшін анатомо-физиологиялык негіз жасады. В . М . Бехтерев өзін ің есім ім ен аталған бірқатар ми орталыктары мен өткізгіш жолдарды ашып, “Ми мен жұлынның өткізгіш жолдары ” деген үлкен еңбек жазды.
И. П. Павлов физиолог бола тұра, сонымен қатар анатомияға әсіресе нерв жүйесі анатомиясына көптеген ж аңа және қүнды үлес қосты . Ол үлкен ми сыңарлары на бүкіл қыртысы соның ішінде козғалыс аймағы, қабылдайтын орталықтар жиынтығы екенін көрсетіп, ми орталығы және ми қыртысы туралы түсінікті түбегейлі өзгертті. Ол қызметтердің ми қыртысында белгілі бір жерге шоғырлануы туралы түсінікті едәуір терең д етіп , анализатор туралы үғым енгізіп екі қыртыстық сигнал ж үйесі туралы ілім жасады.
В. П. Воробьев (1876-1937), адам организмін оның әлеуметтік ортасымен байланыстылығын зерттеді. Ол бинокулярлық лупаны пайдаланып, ағзалар конструкциясын зерттеудің стереоморфологиялык әдістемесін жасап, макро- микроскопиялық, әсіресе шеткі нерв жүйесі анатомиясының негізін қалады. Ол анатомиядан бірқатар оқулыктар жазып, бес томдық тұңғыш совет атласын шығарды.
Василий Васильевич Н. И. Пирогов қантамырларын инъекциясыз зерттеу әдісінің жаңа бағытын құрды. Ол шәкірттерімен бірге микроциркуляторлық арнаның құрылымына талдау жасаған. Морфология ғылымының тарихы бойынша ірі маман.
В. Н. Шевкуненко Н. И. Пирогов негізін салған анатомиядағы қолданбалы бағытты дамытты. Өзінің шәкірттерімен бірге дара өзгергіштіктің ең шеткі формалары туралы ілім жасады. Нерв және вена жүйелерінің ол толық зерттеген варианттары “Шеткі нерв және вена жүйелерінің атласында” баяндалады.
Г. Н. Иосифов (1870-1933) Томск, одан кейін Воронеж медицина институтының анатомия профессоры, лимфа жүйесінің анатомиясы бойынша білімді едәуір кеңейтті. “Лимфа жүйесінің анатомиясы” атты монографиясы Г. М. Иосифовқа дүние жүзілік даңқ әкеліп кеңес анатомиясының жоғары деңгейін көрсетті.
Д. А. Жданов лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы бойынша бірқатар ірі монографиялар жариялады, оның ішінде: “Кеуде 27 сабауы және дененің басты лимфа коллекторлары мен түйіндерінің анатомиясы” деген еңбегі Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл жұмыста көптеген зерттеулердің нәтежелеріне сүйене отырып, лимфа жүйесінің басты коллекторларының жасқа байланысты, дара және дене бітімдік ерекшеліктері берілген.
Н. К. Лысенков адамның қалыпты құрылысын зерттейтін барлық негізгі анатомиялык пәндерді: қалыпты анатомияны, топографиялық және пластикалық анатомияны зерттеумен байланысты, бұлар бойынша жетекші құралдар, оның ішінде “Адамның қалыпты анатомиясын” (В. И. Бушковичпен бірге, 1932) жазды. И. Ф. Иваницкий (1895-1969) Москва дене тәрбиесі институтында анатомия кафедрасын ұйымдастырды, динамикалық және проекциялық анатомия бойынша кең зерттеулер жүргізді, спорттық морфологияның негізін салды, ал оны М. А. Джафаров, Б. А. Никитюк, Ф. В. Судзиловский және т.б. ойдағыдай дамытуда.
Қазақстанда медицина ғылымының ішінде морфологияның өсу жолдары, республикадағы медициналық жоғары оқу орындарының ашылуына байланысты. Ең тұңғыш медицина институты 1931 жылы Алматыда ашылды. Оның бірінші ректоры Санжар Жапарулы Аспендияров (1889-1938) тағайындалады. С. Ж. Аспендияровтың мемлекетке, ғылымға және халық ағарту ісіне жасаған үлкен еңбегі үшін Қазақстанның Министрлер кеңесі 02.01.1996 жылғы қаулысымен Алматының мемлекеттік медицина институтына оның аты берілді.
Халел Досмухамедов (1883-1939), профессор, қоғам қайраткері. Қазақ халқының тарихына қатысты көптеген құнды еңбектер жазады (“Жануарлар”, 1922-1928 жж., үш кітаптан түратын “Исатай-Махамбет”, 1925; “Аламан”, 1926; т.б.). 1922 жылы “Адамның тән тірлігі” деген кітабы жарыққа шығады. Онда адамның дене құрылымы мен олардың атқаратын қызметі жөнін де тұңғыш рет қазақ тілінде мағлұматтар беріледі.
Алшынбай Рақышулы Рақышев Алматы медицина институтының анатомия кафедрасына профессор болып келгеннен бастап ғылыми іздену жұмыстарын жан-жақты, кеңінен қойып ұйымдастырды.
1975 жылдан Қазакстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, медицина ғылымының докторы, профессор А. Р. Рақышев 1975-1984 жылдары емдеу және стоматология факультеттерінің анатомия кафедрасын баскарды. Сол уакыттағы кафедрадағы ғылыми-жүмыстар тақырыбы:
1) Вегетативтік нерв жүйесінің функционалды қүрылымдық үйымдастырылуы;
2) Шеткі нерв күрылымдарынын зақымданған кездегі регенеративтік-қайта жаңару қабілеттерінің жолдары мен ерекшеліктері;
3) Гелий-неон лазер сәулелерінің нерв және тамыр жүйелеріне эсер ететін заңдылықтары;
4) Оқу үрдісіне Қазақ Медицина терминдерін енгізу және оның ғылыми негіздерін дамыту.
Жоғарыда көрсетілген ғылыми тақырыптарды жүргізуде белгілі нейроморфологиялық әдістермен қатар, тым нәзік жаңа әдістер қолданылды (электрофизиология, биофизика, электронды микроскопия, гистохимия). Айтылган мәселелер бойынша 25 докторлық және кандидаттык диссертациялар қорғалып, монографиялар жарыққа шықты. А. Р. Рақышевтің басшылығымен медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағына диссертация қорғаған А. А. Абдрахманов (1992), Ә. А. Идрисов (1994), Т. М. Досаев (1997), Е. И. Случанко (1997), Г. У. Жанайдарова (1997) болса, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына Н. А. Киселева, О. А. Демьянская, В. П. Цой, Б.У. Телеуов, Р. И. Исмағұлов, Б. 3. Шуйская, М. Н. Омарова, А. А. Абдрахманов, Н. Ш. Мыңжанова, Т. М. Досаев, Б. Ш. Усупбекова, Қ. Е. Сисабеков, Р. И. Исмагулов, О. А. Демьянская, А. А. Кальметьева, Г. С. Молдаташева, Б. Ж. Салимгереева, А. В. Карамышева, Г. Инсежарова, Д. Ә. Мұрзанова диссертация қорғады.
Анатомия морфология ғылымының бір саласы.
Адам анатомиясы адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын және даму заңдылықтарын оның қызметімен байланыстырып зерттейтін ғылым.
Пәннің аты гректің anatemno – кескілеу деген сөзінен шыққан. Себебі кескілеу анатомия ғылымының ең негізгі зерттеу әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет