Міндеттілік сипаты бойынша:
• Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану және қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету бөлігінде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдер қабылдаудың алдында жасалуға тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша жобаны іске асыруға тыйым салынады. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган қабылдағаннан кейін барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Қоғамдық экологиялық сараптама белгілі бір шаруашылық қызметін жүзеге асыратын адамның қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін. Қоғамдық сараптаманың ақпараттық және ұсынымдық сипаты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |