4 СӨж орындаған- ораш Дария,Сүлейменова Гульдана, Барат Сұңғыла, Ходжабаева Айтгуль хб-11 Ерік туралы жалпы түсінік


Шешім қабылдау теориясы мен түрлері



бет2/2
Дата07.02.2023
өлшемі23 Kb.
#65815
1   2
Шешім қабылдау теориясы мен түрлері
Шешім қабылдау — ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің (функциясының) құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасумен, сол мақсатқа жетудегі іс-қимылын түгелдей қамтиды. Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе. Шешім дегеніміз — бұл альтернативті тандау. Альтернатив — мүмкін болған екі үйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік. Әрбір басқару қызметі (функциясы) өмірде жүзеге асыруды талап ететін жалпылама, тіршілікте қажетті, маңызды шешімдермең байланысты.
Стресс
Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.
Стрестің дамуын өз кезінде Селье үшке бөлді.
1.Жайсыз хабарға реакция
2.Резизтенттілік кезең
3.Әлсіреу
Американ физиологтары Эверли мен Розенфельд мынадай тұжырымдама жасады.
1.«Стрестің симптомдары мен психосоматикалық симптомдар тығыз байланысты, менің ойымша маған бұл аурулар шын мәнісінде де қатты әсер
етеді» Бұл таралып кеткен жалған тұжырым. Стресс тек қана психикаға ғана емес бүкіл организмге әсерін тигізеді. Стрестің даму барысында
психосоматикалық ауру пайда болады. Денсаулыққа зиянды мысалыға гипертониялық аурулар, асқазан және он екі ішек жарасы пайда болады.
2.«Тек әлсіз адамдар ғана стреске көп шалдығады.»
3.«Мен өзімнің өмірімдегі стреске жауап бермеймін,қазіргі кезде стрестен қашып құтыла алмайсың» Шындығында өзіміз өмірде алған стреске жауаптымыз. Стресті бізге түскен ауыртпашылықтан, қиындықтан гөрі біз сол стресті қабылдауымызға байланысты өмір сүреміз.

Тапсырма
1) Глоссарий
1. Ерік, ерік-жігер — адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетті орындап шығу жолында қиыншылықтарды белсенділікпен жеңе білуінен байқалатын ішкі қуаты.
2.Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.
3.Әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация пайда болады.
4.Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе.
5.Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы.
6.Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б.
7.Қылық иесі – адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады.
8.Мазасыз күй, стресс - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.
9.Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі.
10.Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы.
11.Төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады.
12.Шешім қабылдау — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті


Реферат

Тақырып: « Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы »


(әлеуметтік-саяси білім модулі) «Психология» пәні бойынша

Орындаған:


Студент, топ: ХБ-11
Білім бағдарламасы_______________
Тексерген:
Аты-жөні: Кошкимбаева Р.Х

Павлодар 2020ж.


Кәсіби маманның ерікті қасиетттерінің дамуы
Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.
Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді.
Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас.Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды өмірінде өзара əрекеттесіп, кəсіби өмір сценарийінің кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады.
Тұлғаның кəсіби қалыптасу мəселесін терең зерттеген отандық психологтардың бірі Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- əрекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті:
• кəсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы;
• кəсіби білім беру жəне кəсіби іс-əрекетке дайындық;
• мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру жəне өндірістік ұжымнан өз орнын табу;
• кəсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы .
• Е.А. Климов төмендегідей кəсіби бағдарланған кезеңді ұсынды:
• Оптация кезеңі (12-17 жас) – кəсіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық;
• Кəсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) – болашақ кəсіби іс-əрекет икемділігіне үйрену, қажетті білім алу;
• Кəсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) – кəсіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру жəне іс- əрекет субьектісінің əрі қарай дамуы .
Кəсіби даму моделі – тұлғаның қалыптасқан практика шектерінен шығу, өз іс-əрекетін практикалық қалыптасу затына айналдыру жəне сол арқылы өзінің кəсіби мүмкіндіктерінің шектерін жеңе алу қабілеттіліктерімен сипатталады. Тұлғаны сана атрибуты ретінде қарастыратын болсақ, онда ол өзінің қажеттілігін бойындағы белсенділікпен көрсете алады. Бұл арада тұлға алдындағы құндылық пен сол құндылыққа жету мүмкіндігі орын алуы үшін тұлғаның ішкі рухани қабілеті жұмсалып, оның əрекеті белсенді сипатта болуы керектігін айтып кетсек болады. Əлбетте, белсенділік дара емес əлеумет, ұжым ішінде көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет