Байланысты: 5-6 сынып о ушыларына математика п нінен сыныптан тыс саба тар а
1. Шешуі: Әкесі 25 жаста болғанда ұлы туғандықтан, олардың арасы 25 жас. Онда 65-25=40(жас) –ұлының екі еселенген жасы, демек ұлы 20 жаста, ал әкесіне 45 жас.
2. Шешуі: 1) Арыстан қойды 2 күнде жегендіктен, ол 1 күнде қойдың ½ бөлігін жеді.
2) Қасқыр қойды 3 күн жегендіктен, 1 күнде ол қойдың 1/3 бөлігін жеді.
3) Ал ит қойды 6 күн жегендіктен, ол 1 күнде қойдың 1/6 бөлігін жеді.
4) Бірге қосылып арыстан, қасқыр және ит 1 күнде 1/2+1/3+1/6=1 қойды жейді.
3. Кесте арқылы есепті соңынан шығарамыз.
Сонымен алғашқыда бірінші, екінші және үшінші ұлда сәйкесінше 13, 7 және 4 алмадан болды.
4. 1) 17-3=14
2) 14:2=7
5. Шешуі: Үшінші рет өткеннен кейін жалқаудың ақшасы қалмағандықтан, үшінші рет өткенде 24 тиыны болды, ал өтер алдында 12 тиыны болды, сонда екінші рет көпірді өткеннен кейін12+21=36, ал өтер алдында 36:2=18.Бірінші көпірді өткеннен кейін 18+24=42,ал өтер алдында 42:2=21. Сонымен, жалқауда алғашқыда 21 тиыны болды.
6. Шешуі: 32 км қалғандықтан үшінші күні 32 км қалдықтың 2/3 бөлігі болады, сонда соңғы қалдық 32:2/3=48(км). Ал 48 км бірінші күннен кейін өтуге тиісті маршруттың 2/3 болады, сонда 48:2/3=72(км). Сол 72 км туристтердің барлық маршруттың 2/3 бөлігі болады, сонда 72:2/3=108(км).