50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет42/46
Дата07.04.2017
өлшемі6,98 Mb.
#11245
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

Литература 

1. Мендекинова  Р.Т.,  Никитина  С.А.,  Кабдолова  К.Л.,  Кульгильдинова  Т.А.  Русский 

язык 3-4 класс. – Алматы, 2010. 

2. Желтовская  Л.Я.,  Калинина  О.Б.  Обучение  русскому  языку  в  интересах  речевого 

развития. – «Начальная школа», 2008. 

3. Савельева Л.В. Орфограмма как объект изучения в начальной школе. – «Начальная 

школа», 2008. 

4. Тюрина И.А. Игра на уроках русского языка. – Москва, 2008. 

5. Канакина В.П. Дидактические игры по русскому языку. – Москва, 2007.  

6. Бетенькова Н.М. Конкурс грамотеев. – Москва, 1995.  

7. Александрова Г.В. Занимательный русский язык. – СПб., 1997. 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ 

ОЙЫННЫҢ РӨЛІ 

 

А.Н. Усинова 



№2 жалпы орта білім беру мектебі, Ақсу қаласы 

 

Баланың  өмірге  қадам  басардағы  алғашқы  қимыл-әрекеті-ойын, 



сондықтан  да  оның  мәні  ерекше.  Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы  Абай 

Құнанбаев:  «Ойын  ойнап,  ән  салмай,  өсер  бала  бола  ма?»  деп  айтқандай, 

баланың  өмірінде  ойын  ерекше  орын  алады.  Жас  баланың  өмірді  тануы, 

еңбекке  қатынасы,  психологиялық  ерекшеліктері  осы  ойын  үстінде 

қалыптасады.  Ойынды  зерттеу  мәселесімен  тек  психологтар  мен  педагогтер 

ғана  емес,  философтар,  тарихшылар,  этногрофтар  және  өнер  қайраткерлері 

мен  бала  тәрбиесін  зерттейтін  ғалымдар  да  шұғылданды.  Көптеген  балалар 

жазушылары  бала  ойынының  психологиялық  мәнін  және  ойынға  тән 

ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. 

Ойын  –  мектепке  дейінгі  жасындағы  балалардың  негізгі  іс-әрекеті. 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  «Балалықтың  қанына  ойын  азық»  деп  бекер 

айтпаған.  Өйткені  ойын  үстінде  баланың  бір  затқа  бейімділігі,  мүмкіндігі 



398 

 

және қызығушылығы анық байқалады. Ойын – халықтың баланы әдептілікке, 



сауаттылыққа баулитын құралдардың бірі. Ойынның түрлері өте көп. 

Ойын  мазмұны  мен  түріне  қарай:  дидактикалық,  сюжетті-рөлдік, 

қимылды, кейіптендіру, ұлттық ойындары болып бөлінеді. 

Сюжетті-рөлдік ойынды балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге 

тырысады,  оған  қажетті  құрал  –  жабдықтарды  табуға  талпынады,  оларды 

дайындау  үшін  еңбектенеді,  ал  еңбек  ұжымдық  іс-әрекетке  біріктіреді  және 

шығармашылық  іс-әрекетке  бағдарлайды,  балалардың  өзара  қарым-

қатынасын  реттеп,  олардың  бойында  адамгершілік  сапаларды  қалыптас- 

тырады.  Бала  алған  рөлдеріне  сай  кейіпкердің  киімін  киіп,  қимылын,  дауыс 

ырғағын  мәнерлі  жеткізуге  тырысады,  көркемдік  сабақтардан  алған 

білімдерін  пайдаланады,  қуыршақты  ұйықтату  үшін  бесік  жырын  айтып 

әлдилейді,  бейнелеу  өнері  сабақтарында  жасаған  ыдыс,  үй-жиһаздарын, 

қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мысалы, 

мен  өз  тәжірибемде,  тіл  дамыту  сабағында  сюжетті-рөлдік  ойындар 

қолданамын.  Рөлдік  ойындар  мектепке  дейінгі  балалардың  өмірінде  елеулі 

орын  алады.  Сюжетті-рөлдік  ойындар  ерекшелігі:  оны  балалардың  өздері 

жасауында,  ал  ойын  қызметі  айқын  өнерпаздық  және  шығармашылық 

сипатта  болады.  Бұл  ойындар  қысқа  да,  ұзақ  та  болуы  мүмкін.  Мысалы, 

«Дүкен»  ойынын  ойнағанда  балалар  сатушы  мен  сатып  алушы  әрекетіне 

еліктейді,  ал  «Дәрігер»  болып  ойнағанда  дәрігер  мен  науқас  әрекетіне 

еліктейді. «Отбасы» ойыны арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті 

өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдаланады. Сюжетті-рөлдік 

ойындарды  ойнату  үшін  қолдан  көптеген  қажетті  құралдарды  эстетикалық 

талғаммен  жасап  пайдалануға  болады.  Мысалы,  «шаштараз»  ойынын 

ұймдастырғанда  дүкеннен  дайын  күйінде  алынған  құралдарды  пайдалана 

отырып,  шаш  кептіргіш,  айна,  т.б  қосымша  бұйымдарды  қолдан  жасап 

толықтарған абзал. 

Құрылыс  ойынында  бала  сызық  бойына  әдемі  үй  құрылысын  жасап, 

оның  бояуларының  бір-бірімен  келісімді  болуын  қадағалайды.  Құрылыс 

материалдарын  пішіні,  түсі  бойынша  симметриялы  орналастырып,  оларды 

көлемі,  биіктігі  бойынша  салыстырады.  Ойын  барысында  шығармашылық 

танытып,  жаңа  мазмұн  ойластырып,  белсендік  көрседі.  Өзінің  және 

жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.  

Дидактикалық  ойын  барысында  есту,  көру,  сезіну,  қабылдау  сияқты 

үрдістер  дамып,  балалар  музыкалық  ойыншықтар  мен  әртүрлі  саздық 

аспаптардың  дыбыс  шығару  ерекшелігін  ажыратуға,  заттарды  пішініне, 

түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әртүрлі қимылдарды орындауға үйренеді. 

Ауызша  ойналатын  дидактикалық  ойындарда  сұрақ,  өтініш,  келісімді 

білдіретін  дауыс  ырғақтарына  еліктеу  қабілеттері  жетіледі.  Ертегі  немесе 

әңгіменің  мазмұны  бойынша  бөлек-бөлек  суреттерді  пайдаланғанда  оларды 

белгілі  бір  тәртіппен  жинау  үшін  байқағыштық  пен  тапқырлық  көрсетеді. 

Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде екі жолмен қарастырылады. Ойын 

сабақтары  және  дидактикалық  тапсырмалар.  Ойын  көп  жаспарлы,  күрделі 


399 

 

педагогикалық  процесс  болғандықтан,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды 



оқытудағы  ойындық  әдіс  болып  табылады.  Өз  тәжірибемде  ойындық 

сабақтардың  көмегімен  балаларға  білім  беріп  қана  қоймай,  оларға  қалай 

ойнауды да үйретемін. Бір мезетте тәрбиеші және ойынның мүшесі ретінде де 

балаларды ойнатуға да талпындарамын, ал балалар ойнай отырып үйренеді, 

сондай-ақ  өзіндік  ойын  әрекеті  нәтижесінде  де  қалыптасады.  Балалар  ойын 

ойнағанды  ұнатады  және  өз  ынталарымен  беріліп  ойнайды.  Дидактикалық 

ойындар баланың ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. 

Кезкелген  ойынды  өткізу  үшін  дидактикалық  ойындар  пайдаланған  жөн. 

Мысалға  сауат  ашу  сабағында  «Жоғалған  буындар»,  «Ұйқасын  тап», 

«Сиқырлы  қапшық»,  «Кім  зейінді»,  «Керекті  сөзді  тап»  ойындарын 

пайдаланамын,  ал  математика  сабағында  баланың  логикалық  ойлауын 

дамытатын  ойындар  «Құрастыру»,  «Не  үлкен»,  «Көршісін  тап»,  «Өрнекті 

шеш»,  «Ойлан,  тап»  ойындары  балалар  арасында  үлкен  қызығушылық 

тудырады.  Сонымен  қатар,  айналамен  танысу,  көркем  әдебиет,  тіл  дамыту, 

бейнелеу өнері сабақтарында жиі қолданамын. 

Дидактикалық  ойынның  нәтижесі  қандай  жолмен  болса  да  ұту  емес, 

балаларды  білімді  игеру,  ақыл-ой  қызметін  дамытуда  өзара  қарым-қатынас 

жасауда  жеткен  жетістіктерінің  көрсеткіші.  Дидактикалық  ойындарда  да 

балалардың  алдына  қандай  да  міндеттер  қойылады,  шешуі  үшін  назарды 

жұмылдыру,  ерікті  зейін  қою,  ой  күшін  жұмсау,  ережені  ой-елегінен  өткізе 

білу,  іс-әрекетінің  жүйелілігін  қиыншылықтарды  жою  керек  болады.  Олар 

балалардың  түйсіну  және  қабылдау  қабілетін  дамытуға,  ұғымдарын 

қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. 

Қимыл  ойындары  –  балаға  дене  тәрбиесін  беру  құралы.  Балалардың 

жүгіру,  секіру,  өрмелеу,  лақтыру,  қағып  алу  қабілеттерін  жетілдіруге, 

дамытуға  мүмкіндік  береді.  Қимыл  ойындарын  балалармен  серуен  кезінде 

бірнеше  немесе  топпен  өткіземін.  «Мысық  пен  тышқан»,  «Екі  лақ»,  «Аққу-

қаздар»  ойындарын  балалар  қызыға  ойнайды.  Бұл  ойындар  кезінде  балалар 

ұйымшылдыққа,  достыққа,  жанашырлыққа  тәрбиленеді.  Балалар  ойынды 

игерген соң, өздігінен ойнай алады. Ойын сабақта серуенге де өте қажет, тіпті 

бала жай дем алып отырғанының өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды 

ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. 

Халқымыздың  өмірде  дені  сау,  шыныққан  балалар  тәрбиелеу  жөнінде 

кейігі  ұрпақтарына  қалдырған  үлкен  де  бай  мұрасы  –  ұлттық  ойындар. 

Балалар  ұлттық  ойын  үстінде  өнеге  алып,  мінез  қалыптастырады,  өзіндік 

ерекшелік қасиетін айқындай бастайды.  

Ұлттық  қазақ  ойындарын  мерекелік  шараларда  «Наурыз  мересі», 

«Тәуелсіздік  күні»  және  сабақтарда  тақырыпқа  сай  қолданамын.  Ұлттық 

ойындар: «Қыз қуу», «Бәйге», «Орамал тастау», «Асықтар» ойындары. 

Баланың  ойыны  ересек  адамдардың  еңбегіне  еліктеуден  өрістеп,  бара-

бара  шын  мәніндегі  еңбекке  айналады.  Сондықтан  ұлттық  ойын  балаларды 

тәрбиелеудің де тиімді жолы, тәрбие құралы екендігін дәлелдейді. 



400 

 

Қойылымдық  ойындарда  рөлдер,  ойын  әрекеттері  қандай  шығарманың 



ертегінің  сюжеті  мен  мазмұны  шарттас  болады.  Бұл  ойындарды  көбінесе 

көркем  әдибиет,  тіл  дамыту,  күннің  екінші  жартысында  ойнатамын.  Бұл 

ойында  балалар  кейіпкерлер  кейпіне  еніп,  жағымды,  жағымсыз  қасиеттерді 

ажырата  біледі,  жағымды  кейіпкерге  сүйіспеншілік  танытады.  Барлық 

балалар  ертегіні  жақсы  көреді,  ертегі  айтып  берсең,  бар  ынтасымен 

тыңдайды.  Ертегі  балалардың  ой-қиялын,  сөздік  қорын  дамытады.  Ойын 

кезінде балалар өздерін еркін ұстайды. 

Ойын  баланың  көңілін  өсіріп,  бойын  сергітіп  қана  қоймай,  оның  өмір 

құбылыстары  жайлы  таным-түсінігіне  де  әсер  етеді.  Балалар  ойын  арқылы 

тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде 

дене  қимылы  арқылы  өзінің  денсаулығын  нығайтады.  Халқымыз ойындарға 

тек балаларды алдаңдыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай 

олардың  көз-қарасының,  мінез-құлқының  қалыптасу  құралы  деп  те  ерекше 

бағалаған.  Балалар  ойынында  кейде  өлең-тақпақтар  жиі  кездеседі.  Ол  өлең 

тақпақтардың негізгі мақсаты – тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, 

қиялына  қанат  беріп,  ойын  ұштау,  өз  бетімен  іскерлікке,  қысылған  жерде 

дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез – келген ойынның аяғын- 

да жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, 

жеңілгендер  айып  тартады.  Ол  көбінесе  тақпақ  айту,  ән  салу,  би  билеу 

түрінде  болады.  Бұдан  қай  ойынында  түпкі  нысанасы  балалардың  бойында 

өнердің нұрын себу өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес. 

Баланың  ойыны  ересек  адамдардың  еңбегіне  еліктеуден  өрістеп,  бара-

бара шын мініндегі еңбекке айналады. 

Ойын  ешуақытта  дамудың  бір  сатысына  жеткенде  тоқтап  қалмайды, 

қайта  жетіле  түседі.  Балабақша  балалары  болашақ  иесі  болғандықтан, 

дүниежүзілік  мәдениеті,  өзінің  төл  мәдениетін  білетін,  сыйлайтын  рухани 

дүниесі бай саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. 

 

Әдебиет 

1. Отбасы және балабақша журналы. – 2003. – №6. 

2. Отбасы және балабақша журналы. – 2002. – №2. 

 

 

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗІРГІ 



ТЕХНОЛОГИЯ 

 

Г.Е. Усманова 



№2 жалпы орта білім беру мектебі, Ақсу қаласы 

 

Орыс педагогі К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр 



мұғалім,  өз  білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа 

талапқа  сай  инновациялық  технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті 

пайдаланса,  сабақ  тартымды  да  мәнді,  қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бұл 


401 

 

жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім 



беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын 

енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникация- 

лық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  Педагогикалық  технология  – 

мұғалімнің  кәсіби  қызметін  жаңартушы  және  сатыланып  жоспарланған 

нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  іс-әрекеттер  жиынтығы.  Педагогикалық 

технологиядағы  басты  міндет  –  оқушының  оқу-танымдық  әрекетін 

жандандыра  отырып,  алға  қойған  мақсатқа  толықтай  жету.  Ал  бұдан 

педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. 

Бүгінде  әрбір  жастың  ақ  арманы  –  терең  білім  алу,  жалғыз  мақсаты  – 

мемлекетімізді  гүлдендіру,  тәтті  тілегі  –  көп  тіл  білу.  Бір  сөзбен  айтқанда 

әлемді біліммен бағындыру. Шет тілін еркін білу – өркениетке жол бастаған 

еліміздің жарқын болашақты жастарының біліміне білім қосатын игі бастама. 

Қазіргі  таңда  әрбір  жас  өз  болашағын  біліммен  болжайтын,  арманына 

ақылымен  жететін  барлық  бақыт,  байлық,  қазынаны  ілімнен  іздеген  көзінде 

оты,  жүрегінде  жігері  бар  жан.  Олар  үшін  ең  бастысы  алдыңғы  қатарлы 

50 алып елдің тіршілігі, салты, тілі қызықтырады. 

Жоғары  мектеп  жүйесінде  болып  жатқан  өзгерістер  шетел  тілдерін 

оқыту  үдерісіне  жаңа  өзгерістер,  жаңа  талаптар  қоюда.  Қазіргі  таңда  шет 

тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияны көп пайдалану маңызды жұмыс 

болып  табылады.  Бұл  дегеніміз,  тек  қана  жаңа  техникалық  құралдар  ғана 

емес,  сонымен  қатар,  оқытудың  жаңа  әдістері  мен  түрлері,  оқыту  процесіне 

жаңаша қарау. Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті 

қалыптастыру  және  дамыту,  оны  еркін  игеру.  Шет  тілі  –  қазіргі  заманның 

талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және 

мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі 

жоғары.  Тілді  оқытуда  интерактивтік  тәсіл,  ойындар,  екеуаралық  пікір- 

таластар,  сонымен  бірге  ақпараттық  технология,  интернет,  компьютер 

қолданылуда. 

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен 

тұрады: 


І. Жаңа идеяны іздеу, жаңалықтарды іздестіру; 

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру; 

ІІІ. Жаңалықтарды  енгізу.  Оқу  –  тәрбие  үрдісінде  жаңа  инновациялық 

әдіс-тәсілдерді пайдалану; 

IV. Жаңалықтарды бекіту. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, 

әдістерін,  технологияларын  таңдауда  көпнұсқалық  қағида  бекітілген,  білім 

мекемелерінің  педагогтеріна  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  тиімділігіне  қарай 

пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. 

Мектеп оқушысын тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 

Инновациялық технологиялардың мектептегі білім сапасын арттыру: 

– Әр сабақта интерактивті әдістер қолдану; 

– Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру; 


402 

 

– Міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра  отырып,  мүмкіндік 



деңгейлерін ашу; 

– Инновациялық  технологияларды  сынау  арқылы  тиімділігін  арттыру, 

мектеп жағдайына бейімдеу. 

Мұғалімдер өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс 

жасау,  өз  дағдыларын  қалыптастыруда  өз  ойларын  еркін  жеткізе  алуға 

баулулары қажет. 

Заман  талабына  сай  технологияларды  қолдану  ауқымы,  түрлері  өзгеріп 

отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. 

Инновациялық технологиялар: 

– Жобалау технологиясы; 

– Саралап – даралап оқыту; 

– Дамыта оқыту технологиясы; 

– Модульдік оқыту технологиясы; 

– Сын тұрғысынан ойлауды дамыту; 

– Сатылай комплексті талдау; 

– VTS бағдарламасы; 

– Деңгейлеп оқыту технологиясы. 

Инновациялық технология нәтижелері: 

1. Түрлі  әдістерді  пайдалану  сабақтың  нақты  мәнін  терең  ашуға 

көмектеседі. 

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды. 

3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың. 

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың. 

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. 

6. Оқушылардың  қабілеттері,  сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы, 

шығармашылық белсенділігі артады. 

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне 

деген кәсіби сенімін қалыптастырады. 

Педагогикалық  үрдісте  жаңа  технологияларды  енгізіп,  интерактивті 

оқытуды  пайдалану  мұғалімдерді  шеберлік  жағынан  шыңдайтындығы  дау 

тудырмайды.  «Білім  туралы»  Заңда  қабылданған  білім  беру  жүйесінің  жаңа 

моделі  2004  жылы  ЮНЕСКО  ұсынған  халықаралық  білім  жүйесіне 

сәйкестендірілген.  Осы  Заңның  8-бабында  білім  беру  жүйесі  басым  міндеті 

ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 

халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп аталып отыр. 

Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интелектуалды,  кәсіптік 

адамгершілік,  рухани  азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами  келбетінің 

қалыптасуына  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үлгісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі. 

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты 

дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. 

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ес-

керілуі керек: 


403 

 

– Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай 



болуы; 

– Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары. 

Шет  тілін  оқытуда  интерактивті  әдістемелерді  қолданғанда  үлкен  мән 

беру  қажет.  Бұл  әдістеменің  негізі  сол,  оқытушының  оқу  процесінің 

басқарушысы ретінде, барлық жағдайды ескере отыра, оқушының белгілі бір 

бағыт  бойынша  екеуаралық  жұмыстар  істеуі,  бір-бірімен  ақпараттарымен 

ауысып,  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін,  сабақ  барысының  жан-жақты 

қарастырылғанын  ескеру.  Интерактивті  әдістемелерді  пайдалану  оқушының 

жаңа  сабақты  неғұрлым  жете  түсінуіне  үлкен  әсер  етеді.  Бұл  әдістемелер 

дәстүрлі  түрдегі  сабақтарда  кеңінен  пайдаланылады.  Қазіргі  таңда 

инновациялық  әдістемелерді  пайдаланудың  мақсаты  –  оқушылардың  тілді 

білуге  деген  құштарлығына  жан-жақты  әсер  ету,  қызығушылығын  арттыру. 

Интерактивті  сабақта  оқушы  өз  пікірін  дұрыс  жеткізуге,  өз  көзқарасымен 

пікірталастарға қатысып, басқа адамның пікірі мен көзқарасын тыңдап, басқа 

да  альтернативті  пікірді  сыйлауға  үйретеді.  Осындай  жұмыс  нәтижесінде 

интерактивті сабақта әрбір оқушының өз пікірі мен көзқарасы қалыптасады . 

Шет  тілін  оқытуда  заманына  сай  көрнекі  құралдар,  аудио  материалдар 

қолдану,  мультимедиалық  құралдарды  пайдалануға  үлкен  мән  беру  керек. 

Сабақ  барысында  светотехникалық  және  дыбысты  техникалық  құралдарды 

(бейне магнитофон, теледидар, проектор, мультимедиалық проектор, компью- 

тер) пайдалану оқушылардың өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, 

оны  көзбен  көре  отыра  ақпарат  алуына  көмегі  тиеді.  Бұл  жағдай 

оқушылардың  сөйлеу  деңгейін  жақсартуына  көмектеседі.  Тыңдау  арқылы 

олар  өздерінің  сөйлеудегі  қателерін  жөндей  алады.  Бұл  «аудирование» 

терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио  немесе 

бейне  таспаларды  тыңдағанда  коммуникативті  жаттығулар  жасалу  керек. 

Алынып  отырған  тапсырмалардың  жеңіл-қиындығын  ескере  отыра,  жаңа 

сөздер  мен  сөз  тіркестерін  пайдаланып,  диалог  және  монолог  құрастыру 

сияқты  жаттығулар  жасалуы  қажет.  Бейнефильмді  көріп  отырып,  жаңа  сөз 

немесе  сөз  тіркестері  кездескенде  тоқтап,  сол  сөздерді  қайталап  және  әрбір 

көріністен  кейін  сұрақтар  қойып  отырған  жөн.  Сабақтың  қорытындысы 

ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет. 

Ақпараттық  жүйе  ретінде,  Интернет  өз  қолданушыларын  жан-жақты 

ақпараттармен қамтамасыз етеді. Оған: 

– электронды пошта (e-mail); 

– телеконференция(usenet); 

– бейне-конференция; 

– жеке үй парағын арнау (homepage) және оны Web-серверге кіргізу; 

– анықтама каталогтары; 

– іздену жүйесі (AltaVista, OpenText); 

– жүйеде сөйлесу (Chat). 

Қазір ағылшын тілі адам өміріндегі барлық ортада үлкен сұранысқа ие. 

Әрине, сол себептен қазіргі заманға сай шетел кітаптарына өтуге уақыт келіп 


404 

 

жетті.  Мен  мектепте  тереңдетіліп  оқытылатын  1-4-сыныптарда  Қазақстан-



Британ  елдерінің  MacMillan  баспасының  «English  World»  оқулығын 

қолданамын.  Ондағы  түпнұсқалық  мәтіндер,  сөйлеу  мәтіндері  шын  өмірге 

жақын келеді, сонымен қатар үш тілді меңгеруде халқаралық деңгейге жету 

үшін  үлкен  жол  ашады.  Оқулықтың  4  оқыту  деңгейі  бар.  Оқулық  оқушы- 

ларды  әртүрлі  шетелдерінің  салт-дәстүрімен  таныстырады  және  мұнда 

жанды диалогтар берілген. Бұл кітаптың құндылығы грамматикаға көп көңіл 

бөлінеді,  сонымен  бірге  өте  көп  мөлшерде  пысықтау  жаттығулары  беріледі. 

Жазба  сөз  практикасында  іс  қағаздарының,  мақалалардың,  шағымдардың 

дұрыс жазылуын қарастырады. Әрбір сабақта ауыз-екі сөйлеуге бағытталған 

көптеген жаттығулар бар, сонымен қатар, диктордың және тіл тасушысының 

дауысын  тыңдау  арқылы  оқушылардың  ағылшын  тілінде  әртүрлі  акцентті 

тыңдау арқылы есту қабілеттерін жетілдіруге болады. 

Оқулық  өте  маңызды,  заманға  сай,  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне 

жауап  береді.  Мен  сабақтарда  коммуникативті  үйрену  технологиясын, 

модулдiк – рейтинг технологиясының элементтерiн, сонымен бiрге жобалар, 

Штейнбергтiң технологиясын, әдiсi-тәсілдерін қолданамын. 

Интерактивтік  тәсілді  қолдана  отырып,  оқытушы  оқушының  шет  тілді 

меңгеруде  белсенділігін  арттырып,  бірігіп  жұмыс  істеуге  қол  жеткізуге 

толықтай мүмкіндігі болады. Ресей ізденушісі Р.П. Мильруд интерактивтілік- 

ке берген анықтамасында – бұл «коммуникативтік мақсатта және тілдік құрал 

нәтижесіндегі бірлестік, координация және өзара толықтыру». Осы берілген 

анықтамаға  сүйене  отырып,  сабақта  оқытушы  алға  қойған  коммуникативтік 

мақсатына жетудегі негіз – интерактивтік тәсіл деп айта аламыз. 

Интернет  арқылы  оқушы  грамматикалық,  лексикалық,  фонетикалық 

жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тестер, IQ-тестерімен жұмыс 

істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web) сайтынан аламыз. 

City Net сайты арқылы оқушы қалаған шет елге саяхат жасай алады. Мысалы, 

белгілі  бір  елдің  ескерткіштерінен  бастап,  сол  елдің  табиғат  ресурстары, 

өнер,  білім  және  т.б.  білуге  болады.  City  Net  керемет  жаңалық.  Оқытушы 

оқушыларды  әр  елдің  турисі  немесе  саяхатшылар  гиді  рөліне  қоюына 

болады.  Metro  Link  сайты  арқылы  оқушы  дүниежүзіндегі  ең  үлкен 

қалалардағы  метролар  арқылы,  олардың  қандай  бағыттарда  жүретінін  біліп, 

одан  кейін  белгілі  бір  бағытта  қай  жерде  болатынын  білуге  мүмкіндік  бар. 

Шет  тілін  оқытуда  интернетті  сабақта  пайдаланудың  негізгі  артықшылығы 

сол – жан-жақты ақпараттар алу. Chat (ағылшын сөзі – «әңгіме») электронды 

поштаға  шығу  арқылы  оқушылардың  жүйеде  басқа  шет  ел  оқушыларымен 

сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын 

таңдауға мүмкіндік алады. 

Қорытынды.  Бұл проблемаларды  шешуде  жаңа  технологиялардың  атқа-

ратын  орны  бөлек.  Болашақта  өркениетті  елдердің  жоғары  технологиясын 

меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.  

Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың  озық  технологияларын  меңгер-

мейінше, сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. 


405 

 

Инновациялық  технология  ақпараттандыру  технологиясы  жүйесінде 



арнайы білім болуды қажет етеді. Оқытушының оқушылармен жұмысы олар-

дың  техникалық  әдістермен  жаңа  жүйе  арқылы  жұмыс  істеуін  талап  етеді. 

Бұның дұрыс шешімі – қызметкерлердің біліктілігін көтеруі (ИПК). Ақпарат-

тандыру инновациялық технологияның пайдаланылуы, өңделуі және олардың 

іс жүзінде көрінуі болып табылады. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет