6 Этнос және ұлт әлеуметтануы Мақсаты


Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі



бет3/3
Дата04.11.2022
өлшемі25,55 Kb.
#47456
1   2   3
Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі. 
Халық – белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы.
"Халық” ұғымы этникалық қауымдастық мүшелері бір немесе бірнеше ортақ атауға және мәдениеттің ортақ элементтері мен шығу тегі жайлы ортақ мифке ие және тиісінше ортақ тарихи жады бар, өздерін айрықша географиялық аумақпен байланыстыра алатын және топтық ынтымақтастық сезімін көрсете алатын адамдар тобы деп түсіндіріледі.
КСРО-да этникалық ұлт және ұлттық-мемлекеттік құрылыс деген түсінік басшылыққа алынған болатын. Этникалық қауымдастықтар (халықтар) ұлттар деп аталды, ал іс жүзінде өмір сүрген азаматтық ұлт кеңес халқы деп аталды.
"Ұлт” жөнінде айта отырып, тағы бір маңызы бар "ұлтшылдық” түсінігін қозғай кеткен жөн. Қоғамдық ғылым дәстүрінде кеңестік уақыттан бері "ұлттық” пен "ұлтшылдықты” анықтауда айтарлықтай қатаң айырмашылық қалыптасты. Біріншісін алатын болсақ ол жерде өз этникалық ұлтына табиғи сүйіспеншілік сезімі және жақындығы, игілігі жайында қамқоры, ана тілін, мәдениетін және дәстүрін сақтау және олардың еркін түрде дамуы түсіндіріледі. "Ұлтшылдық” "ұлтқа” керісінше, атап айтқанда өз этносын басқаларға қарсы қою, басқа ұлттардың мүдделері мен сезімдерін құрметтемеу, менсінбеу, т.б.
Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді.
Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады. Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі. Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы.
Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б.
Белгілі американдық ғалым С.Хантингтон болашақтағы өркениеттер қақтығысы барысында ыдырайтын мемлекеттер қатарына — Түркия, Мексика және Ресейді жатқызады.
Қазақстан жалғыз бір халықтың — қазақ халқының этногенетикалық жері болып табылады, мазмұнымен таласу мүмкін емес. Дегенмен, бұл басқа этностардың бәрі — жат, келімсек, екінші сорттың азаматтары деген ойды білдірмейді. Олардың өкілдері — арғы аталары Казақстанға көшірілгендердің ұрпақтары, олардың әрқайсысы кезіңде қоғам игілігіне еңбек еткен.
Кезіңде О.Бауэр «ұлттық тендігі мен тең құқылылығы туралы мәселені шатастырып алуға болмайды: абсолютті тендік болуы мүмкін емес, айырмашылықты мойындау-тендіктің негізі болмақ, алайда ұлттардың тең құқылылығын жүргізіліп отырған ұлттық саясат қамтамасыз етуге тиіс» деп дұрыс айтқан.


Нәсіл - физикалық ерекшеліктері бойынша жіктелген әлеуметтік мацызы бар адамдар санаты.
Этностық топ - шығу тегі бірдей, мәдениеті ортақ адамдардан түзілген қауым.
Плюрализм - әрқайсысы өзінің дара мәдениетіне ие екі немесе бірнеше топтың бір қоғамда теңдікті сақтап, бейбіт қатар өмір сүруі.
Геноцид - халықты жоюға бағытталған жаппай қыру.
Геноцид – адамдардың үлкен тобын, соның ішінде әсіресе белгілі бір ұлт пен этникалық топтың адамдарын қасақана өлтіру.
Дискриминация - адамдарды санаттардагы мүшелігіне қарай кемсіту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет