Дескриптор: Нетикет ұғымын анықтайды;
Нетикет туралы сипаттайды;
өзгерістерін жіктейді
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
А4, конспект
Қосымша №1
1994 жылы интернетте «Netiquette» атты кітап пайда болды. Бұл кітапта нетикеттің негізгі 10 ережесі жинақталған. Netiquette - (англ. Net - желі Etiquette - этикет) - ғаламторда өнегелі мінез-құлықты ұстана білу ережелері. Википедияға жүгінсек, әлеуметтік желідегі этике́т, яғни нетикет - мінез-құлық тәртібі - бұл интернет пайдаланушыларының басым көпшілігі қолданатын желідегі дәстүрлер мен мәдениет. Бұл ұғым өткен ғасырдың 80-ші жылдары FIDO желісінде (1990-шы жылдары танымал болған халықаралық желі) пайда болды.
Нетикеттің мақсаты ғаламтор арқылы тілдесуді жеңілдетуге негізделгендіктен, мұндай ережелер ғаламторда сол топтың, қауымдастықтық т.б. негізгі мақсаттарына, тілдесу стиліне, техникалық мүмкіндіктеріне т.б. байланысты белгіленуі мүмкін. Әлеуметтік желіде этикеттің бұзылуы ретінде көбіне адамның жеке басына тиісу, тақырыптан әдейі ауытқу, орынсыз жерлерге өзінің өнімі, қызметі т.б. туралы жарнамасын тықпалау тәрізді қарастырылады. Сондай-ақ жалған ақпар жариялау мен біреуге жала жабу, плагиат да этикеттің бұзылуына жатады. Кей жағдайда белгілі бір топта болған адамдар басқа топқа тіркелгенде абайсызда ол топтың ережелерін бұзуы мүмкін. Сондықтан барлық интернет қауымдастықтардағы ережелермен танысу және оған тіркелу үшін сол ережелермен келісу міндетті болып саналады. Міне, нетикеттің негізгі ережелері осы аталған жайттарға негізделеді.
http://www.inform.kz/kaz/article/2800475
Қосымша №2
Қандай әрекеттерге тыйым салынады? Мысалы сіз телеграмдағы бір мақсатта ашылған чаттың қатысушысыз делік. Бір курс оқу үшін қосылдыңыз. Сізге мынадай әрекеттер жасауға болмайды. Кейде чатқа қосылған кезде ескертілуі де мүмкін. Тіпті айтпаған күннің өзінде сіз мұндай ережелерді өзіңіз-ақ білуңіз керек. Өзге қатысушылардың ар-намысына тиетін сөздер айтпаңыз; Коммъюнити мүшелерін қасақана жаңылыстырып, жалған ақпарат таратпаңыз; Өзгелерге жала жаппаңыз; Әлденені өзіңіздің дүниеңіз ретінде ұсынып, плагиат жасамаңыз; Чатқа қатысы жоқ нәрсені жарнамалаңыз. Жалпы ережелер Алдымен амандасудан бастаңыз. Сыпайы, мәдениетті болыңыз. Қатысушыларға қажет жерде алғыс білдіруді ұмытпаңыз; Сөйлесіп жатқан кезде эмоцияңызды ұстаңыз, салқынқанды жауап беріңіз. Ашуға беріліп, боқтық сөз жазып жіберуден аулақ болғайсыз; Өзгелердің мінезі мен көңід-күйіне түсініктік танытыңыз; Желіде басқа, өмірде басқа адам болмаңыз. Шынайылық қай жерде де маңызды; Хатты жолдамас бұрын не жазғаныңызды, қалай жазғаныңызды бір қарап барып жіберіңіз. Біріншіден, грамматикалық қатеден тексересіз. Екіншіден эмоциямен артық нәрсе айтпадыңыз ба — соны қарап шығасыз; Егер қандай да бір кеңес айтқалы жатсаңыз, дәл осы жерде айтатын дүние ме, орынды ма — ойланыңыз; Өзгелердің уақытын бекерге алмаңыз. Мысалы көбіне мәтін түрінде ойыңызды анық жеткізген дұрыс. Әйтпесе, сіздің аудиохабарламаңызды тыңдауға бәрінің бірдей мүмкіндігі болмауы мүмкін. Одан қала берді аудио жазғанда адам жалпылама сөзді көп қолданып, нақты бағыттан ауытқып кетіп жатады. Сондықтан тура, нақты жеткізуді үйреніңіз; Сұхбаттасушыға ақыл үйретіп не оны қысымға алудан аулақ болғайсыз; Сіздің жазған пікіріңізді өте көп адамның көретінін есте ұстаңыз. Егер артық сөз айтылса, тіпті скриншот жасалып, өзіңізге қарсы қолданылуы да мүмкін. Сол себепті кейін өкінуіңіз мүмкін сөздерді мүлдем жазбауға тырысқан жөн; Өз ойыңызды, ұстанымызды білдіруге құқығыңыз бар. Десе де, солай екен деп өзгелермен ұрсысып, бет жыртысатын дәрежеге түспеңіз. Әсіресе, қазір интернетте жазылған сөздер үшін заң алдында жауап бересіз; Өзіңізбен бірге осы коммъюнитедегі пікірлестеріңізге барынша көмектесуге тырысыңыз; Егер екі адамның келіспей, дауласып жатқанын көріп қалсаңыз, араласпаған дұрыс. Себебі екі ортада сол пікіріңіз жағдайды тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін; Егер сіз чаттың әкімшісі болсаңыз, дандайсыз кетпеңіз. Өзіңізді өзгелерден артық санауға болмайды; Басқа біреудің мінін байқасаңыз, қатесін көрсеңіз кеңпейіл әрі кешірімді болыңыз. Өйткені қателеспейтін адам болмайды. Білместікпен жасалған әрекеті үшін адамды жерден алып жерге салмаңыз. Түптеп келгенде адам қателескен сайын шыңдала түседі; Шынайы өмірде жасамайтын қылық, айтпайтын сөзді желіде «батыр» болып айтпаңыз. Іскерлік диалогта ескеру керек жайттар Нетикет сондай-ақ, жұмыстағы чатқа, іскерлік хабарламаларға да байланысты. Мәселен электронды пошта арқылы хат жолдаған кезде сақталуға тиіс ережелер болады. Ең бірінші кезекте адресаттың сөйлесу принциптеріне мән беріңіз. Одан кейін хатты сауатты жазып, жолдаңыз. Хатты жазып болған соң, міндетті түрде барлығын дұрыс көрсеттіңіз бе — тексеріңіз. Тақырыбын жазатын жерді бос қалдырмаңыз. Себебі поштаға келетін мың хаттың ішінде қайсысы қайдан, не мәселеге байланысты жолданғаны түсінікті болуы керек. Электронды адресті дұрыс жаздыңыз ба, басқа біреуге жіберіп қояйын деп жатқан жоқсыз ба — қарап алыңыз. Электронды пошта арқылы хат жолдаған кезде амандасып, нақты кімге жазып отырғаныңызды көрсеткеніңіз жөн. Мәтінді сауатты, түсінікті, жүйелі жазыңыз. Оқуға ыңғайлы қаріп таңдаған да — нетикетті сақтау. Боқтық сөздерді қосуға тыйым салынады. Ал енді жұмысқа байланысты диалог өрбіткен кезде ше? Мұнда да жоғарыда айтылған ережелерді есте ұстау керек. Кез келген хатты жібермес бұрын орфографиясын, грамматикасын, үтір-нүктелерін қарап шығу қажет. Қысқартылған сөздерді көп қолдануға әуес болмаңыз. Себебі сөзіңізді түсінбей қалуы мүмкін. Сөз соңында кімнен екенін жазып жіберіңіз. Сонда сұхбаттасушы сізге жауап беретін кезде қалай деп атау керегіне бас қатырмайды. Хат жіберуден бөлек, қабылдаушы тараптың да ұстануы керек ережелерін атап өтсек. Мысалы, поштаны күнделікті тексеруді әдетке айналдырыңыз. Хат келгенін көрсеңіз, бірден жауап беруге дағдыланыңыз. Жауапсыз қалдырған ұят болады. Әлеуметтік желідегі тәртіп Әлеуметтік желі қолданушысы болсаңыз, «өз аккаунтымда не істесем де өзім білем» деп менмендікке салынбаңыз. Себебі мұнда да өзіндік ережелері бар. Соның ішінде, басқа біреудің фотосуретін пайдалану, автордың рұқсатынсыз контентін пайдалануға мүлдем болмайды. Мейрам сайын спамдатып, түрлі картинкалар жіберуге әуес болмаңыз. Бұл қатарда бірінен біріне жолданатын жаттанды тілек, аудио не бейнероликтерді де жатқызамыз. Одан қайта бір ауыз болса да жүрегіңізді жарып шыққан тілегіңізді жаза кеткен дұрыс. Одан қала берді сілтемелер жіберу де этикаға қайшы. Әрине, досыңызға қызық мақалаға сілтеме жібергеннің еш әбестігі жоқ. Бірақ көршілердің чатына «Кока-кола осы хатты жіберген адамға 10 млн теңге беріп жатыр» деген спамды жіберген жөн емес. Біріншіден, цифрлық қауіпсіздікке қайшы болса, екіншіден басқа адамдардың да алдануына, өзгелердің сізге ренжуіне себеп болады. Өзгелердің келісімінсіз чаттарға қосу, онлайн-ойын ойнауға шақыру да дұрыс емес. Мұның бәрі — спам. Эмодзи, смайлик, хештег пен селфиге «жатып алғандардың» қатарынан болмағаныңыз жөн. Сонымен қатар, лайк пен комментарий, репост сұрайтындарды қазір қайыр тілеушілерге ұқсатады. Бұл көпшілікке ұнай бермейді. Парақшаңызды сауатты жүргізіңіз. Бәлкім, болашақ басшыңыз профайлыңызды көріп, жақсы жұмыс ұсынып қалар. Мұндай әбден мүмкін. Себебі қазір түйіндемеге әлеуметтік желідегі парақшаны көрсету сәнде. Болмаса, жұмыс орнынан сұратуы да мүмкін. Бұған дейін айтқанымыздай, аудио хабарлама жіберу — жақсы әдет емес. Анаңызға не жолдасыңызға жібергеннің әбестігі болмас. Жан достар үшін де мұнда тұрған ештеңе жоқ. Дегенмен өзге чатта ұзақ аудио жіберу —мәдениетсіздік. Тыңдаушы автобуста кетіп бара жатқан болуы мүмкін, құлаққабы жоқ болуы мүмкін, тіпті болмаса аудио месседжді ұнатпайтын да болуы мүмкін. Мем жіберуге қатысты мынадай ережені ұмытпаңыз. Егер сол жердегілер бұған қарсы болмаса, көңіл-күй үшін бір-екі мемнен атсаңыз, аса әбестігі жоқ. Бірақ қайталап айтамыз: шегін біліңіз, спамдатпаңыз. Өзгелердің титығына тиетін әрекеттер жасаған жөн. Сонымен бірге мәтін түрінде хат жазғанда ойыңызды жүйелеп алып, бәрін бір хатта жіберіңіз. «Сәлем!», «Қал қалай?», «Саған айтарым бар еді», «Кеше бар ғой», «Жұмыстан кейін ше» деп «тамшылатып» хат жолдамаңыз. Сіздің әр хатыңыз келген сайын ол адамға дыбыс түрінде хабарлама барады. Олай қолайсыздық тудырмаңыз. Амандасып алып, қарсы тараптың жауабын күтіп отырмаңыз. Бәлкім, ол хабарламаны көріп, мәселеңізді білгісі келіп ашпай отырған болар. Соңында бір жауап бергісі келетіндер болады. Сондықтан өзіңіздің де, өзгелердің де уақытына құрметпен қараңыз. Желідегі қауіпсіздік Интернеттің өте қауіпті екенін күннен күнге жақсы түсініп келеміз. Өйткені мұнда алаяқтар көп. Аяқ асты ақшаңыздан, абыройыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Сол себепті ондай жайсыз жағдайлардан аулақ болу үшін киберқауіпсіздік ережелерін білген абзал. Егер желідегі парақшаңызға басқа біреудің компьютерінен не құрылғысынан кіретін болсаңыз, браузерде құпиясөзді сақтамаңыз, кетерде аккаунттан шығып кетіңіз; Сенімсіз Wi-Fi байланыстырға қосыла бермеңіз. Әсіресе, құпиясөз сұрамайтын ашық түрлеріне. Өйткені ашық тұрғандары көбіне қолданушылардың деректерін ұрлайды; Кафе сияқты жерлердегі ашық Wi-Fi байланыстар арқылы онлайн-банкке кірмеген абзал. Дұрысы, мобайл интернетті пайдалану; Электронды пошта, желілер үшін әртүрлі құпиясөз ойластырыңыз. Бәрі бірдей болмасын. Әрі құпиясөзіңіз оп-оңай болмағаны дұрыс. Мысалы, атыңыз бен жылыңыз болса, оны жасөспірім баланың да бұзып алуы мүмкін; Қосфакторлы аутентификацияны барлық қолданбаға қосып қойыңыз. Сонда басқа біреу сіздің атыңыздан кіре алмайды; Құпиясөздерді жиі ауыстырып тұрған жөн. Браузерді де жаңартып тұрған дұрыс; Антивирус бағдарламалармен дос болыңыз. Мерзімі өтіп кетпеуін қадағалаңыз. Бейтаныс адамдардан келген сілтемені тап басып аша бермеңіз. Ол спам болып шығуы әбден мүмкін; Белгісіз файлдарға рұқсат бере бермеңіз; Сілтемелердің адресіне, логотиптерге, мәтінге, кімге жіберіп жатқаныңызға үнемі мұқият болғайсыз; Қазір алаяқтықтың түрі көп. Соның бірі — ақша сұрау. Досыңыз не танысыңыз желі арқылы көмек сұраса, шын ба — тексеріп алыңыз. Кейде парақшаны бұзып алып не болмаса суретін қойып өтірік аккаунт ашатындар да кездеседі; Желіде үйіңіздің адресін көрсетпеңіз. Қай кезде үйде болмайтыныңызды айтпаңыз. Ұрлықшылар желіден де табылады; Деректерді резервке көшіріп жүріңіз. Көшірмесін бірнеше тасымалдаушыда сақтап отырыңыз; Күмәнді қолданбаларды жүктемеңіз. Өзгелерді де шақырмаңыз. Интернетте жасайтын төлемдер үшін бөлек карта ашсаңыз болады. Ал енді бәріне бір карта қолданатын болсаңыз, оның CVV кодын әлдекімнің біліп қоймауы керегін ұмытпаңыз. Өйткені карта деректері қолда болса, ондағы ақшаны алып алу ықтималы жоғары. Интернеттегі төлемдер үшін лимит жасап қоюға болады; Желідегі таныстыққа абай болыңыз. Экранның ар жағындағы адам мүлдем басқа біреу болып шығуы мүмкін; Сілтемемен өтетін кезде, адреске жақсылап қараңыз. Бір әрпі басқаша болса, ерінбей қолдан жазыңыз. Телефоныңызды жоғалтып алсаңыз, бірден сим-карта мен банк картасын бұғаттаңыз;
Толығырақ Kursiv Media сайтынан оқыңыз: https://kz.kursiv.media/kk/2022-04-22/netiket-degen-ne-zh-ne-ony-erezheleri-andaj/