6 тaқырып. Теріс эмоциялар және денсаулық. Тәжірибелік сaбaқтың тaпсырмaлaры



бет2/7
Дата27.11.2023
өлшемі86,69 Kb.
#128595
1   2   3   4   5   6   7
Тексеру сұрaқтaры

Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы дегенді түсіндіріңіз.


Психика және дененің өзара байланысын және өзара ықпалдастық тұрғыда.
Психика мен дененің өзара байланысы жəне өзара ықпалы.

Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық


Факторлары.


Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды əдеттер денсаулықты


əлсіретуші фактор ретінде.


1.Психика мен дененің өзара байланысы жəне өзара ықпалы.


Қазіргі психологиялық əдебиеттерге талдау көптеген зерттеушілердің


Денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолданып

Қарастырғанын


Көрсетеді:


«психикалық


Денсаулық»


(Б.С.Братусь),


«психологиялық


Денсаулық»


(И.В.Дубровина),


«тұлғалық


Денсаулық»


(Л.М.Митина), «рухани денсаулық» (Ю.А.Кореляков), «жанның саулығы»


(О.И.Даниленко) жəне т.б. Бүкілəлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымына


Сай, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық жəне


Эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып


Табылады.


Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың


Көрсеткіштерін анықтау – аса күрделі мəселелердің бірі. Мəдени-əлеуметтік


Дəстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде


Қалыптасып қалған. Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына


Қатысты қалыпты да, аномальды да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы


Ғылым психика саулығын медициналық жəне психологиялық көрсеткіштер


Қосындысы, сондай-ақ əлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы


Анықтайды.


Адам денсаулығының осы аспектісімен шектелетін жағдайлары психикалық


Көріністердегі ауқымды зерттелуі қиындыққа соғатын топқа жатады.


Клиникалық түрде нақты көрінбеген психикалық ауытқу мен психикалық саулық


Арасындағы шекараны айқын ажыратып көрсету қиын. Оларды өзара ажыратып,


Сондай-ақ өзара жалғастырып тұрған шекара аумағы айтарлықтай кең болады, ал


Ауруды денсаулықтан бөліп тұрған шекара тұрақсыз əрі белгісіз болып табылады.


Кейбір авторлардың мəліметтері бойынша, зерттелген адамдардың 20-26


Пайызынан психикалық ауытқулар, 40-62 пайызынан – шекаралық жағдай


Анықталып, 13-15 пайызынан ешқандай психикалық бұзылыстар байқалмаған .


Айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік

Жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген


Жағдайына сын көзбен қарауы. Адам психикасының саулығын білдіретін үш

Деңгей бар:


-психофизиологиясының саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің


Қызметімен, жағдайымен анықталады);





  • Жеке психологиясының саулық деңгейі (психикалық іс-əрекетінің

Жағдайымен, қызметімен анықталады);


-тұлғасының саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен əлеуметтік орта


Талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады);


Адам психикасының əрбір деңгейінде норма мен аномалиялар


Көрсеткіштерінің өзіндік медициналық-психологиялық жəне əлеуметтік


Құндылықтар жүйесі болады. Жағымсыз өзгерістердің барлық үш деңгейде де


Орын алуы мүмкін. Психофизиологиялық саулық деңгейіндегі ауытқулар


Орталық жүйке жүйесінде де, перифериялық жүйелерде де (мигрень, невралгия,


Неврит, полиневрит жəне т.б.) пайда болатын алуан түрлі жүйке аурулары түріне


Білінеді. Жеке психологиясының саулық деңгейіндегі ауытқулар бірқатар


Психикалық ауруларды (қабылдау, ойлау, есте сақтау жəне т.б.


Қабілеттіліктерінде ауытқулар) тудырады. Тұлға саулығының деңгейіндегі


Ауытқулар тұлғаның өзін қоршаған əлеуметтік ортамен қалыпты түрде өмір сүру


Бағытындағы өзгеріске (нашақорлық, ішімділік, қылмыс т.б.) əкеліп соғады.


Психикалық аурулар мен ақыл-ой кемістігі түрлерінің бірқатары тұқым


Қуалайды. Баланы дүниеге əкелуді жобаламас бұрын, оның тұқымындағы


Психикалық аурудың орын алу-алмауын анықтау үшін медициналық-


Генетикалық қеңес беру пайдаланылады. Бұл белгілі бір ата-ананың ауру баланы


Дүниеге əкелуінің мүмкіндігін (тəуекелділігін) анықтайтын ерекше медициналық


Көмек түрі болып табылады. Психологиялық денсаулықтың негізгі өлшемдері


Қамтиды:




  1. Өзгелермен қарым-қатынас жасау қабілеті. Бұл қарым-қатынастар

Сенімділікке жəне оң көзқарасқа негізделеді (адамдардың шағын топтарымен).


Бұл категориядағы адамдар – идеализациядан жəне негізсіз талаптардан аулақ


Болуға, жанжалды жағдайларды тиімді шешуге, бір нəрсені қабылдауға ғана


Емес, сонымен қатар беруге да мүмкіндігі болуы шарт. Бұл тек ерлі-


Зайыптылардың жеке қатынастарына ғана емес, сонымен қатар балаға жəне ата-


Аналарға да қатысты. Маңыздысы – қарым-қатынастың қатерсіз, зорлық-


Зомбылықсыз болуы керек. Салауатты қарым-қатынастар тек өнімділікті


Сақтайды. Бұл сондай-ақ «экологиялық достық» – адамның өзі үшін ыңғайлы


Ортаны таңдауға қабілеттілігін қамтиды.





  1. Қажеттілік жəне еңбекке қабілеттілік. Кəсіби қызметте ғана емес, сонымен

Қатар шығармашылық жағынан қоғамға қосқан үлесі болып табылады. Адамның


Өзі, оның отбасы жəне қоғам үшін ақылға қонымды құнды нəрселерді жасауы


Адам үшін маңызды.



  1. «Ойнауға» қабілеті. Ойын ересек адам үшін кең түсінік болып табылады,

Сондықтан оның құрамына мынадай маңызды түсінік кіреді:



    • Метафораларды, əзілді еркін пайдалану;




    • Би, əн, спорт, басқа шығармашылықтың сыртқы байқаушысы емес,

Белсенді ойыншысы болу.





  1. Автономия. Дені сау адам қаламаған нəрсені жасамайды. Ол өз таңдауы

Бойынша əрекет етеді жəне оған жауапты болады, тəуелділіктен зардап шекпейді,


Екіншісінде гипербақылау арқылы өмір салаларының біреуіне бақылаудың


Жоқтығын өтеуге тырыспайды.





  1. Этикалық нормаларды түсіну. Ең алдымен, сау адам оларды ұстанудың

Мағынасы мен қажеттілігін біледі, алайда ол бұл тұрғыда икемді – белгілі бір


Жағдайларда мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік береді (ақылға қонымды).





  1. Эмоционалдық тұрақтылық. Бұл эмоциялардың қызуын басу қабілетінде

Көрінеді – оларға өздерін билетуге мүмкіндік бермейді. Кез келген жағдайда


Ақылмен байланыста болу.





  1. Қорғану механизмдерін қолданудың икемділігі. Əрбір адам қолайсыз өмір

Сүру жағдайымен бетпе-бет келеді жəне психикаға ұқсас нəзік құрылымды алып


Жүруші ретінде оны қорғау құралдарын пайдаланады. Сау адам тиімді əдістерді


Таңдап, əртүрлі жағдайларда қолайлы таңдауды жасайды.





  1. Хабардар болу, басқаша айтқанда, ақылдылық. Ақылды сау адам шынайы

Сезімдер мен басқа адамдардың көзқарастары арасындағы айырмашылықты


Көріп, басқа біреудің сөзіне деген реакциясын талдай алады, ол басқа адамның өз


Ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар жеке адам екенін түсінеді.





  1. Ойлану қабілеті. Уақыт өте келе өз жеке өмірідегі белгілі бір оқиғалардың

Себебін талдай білу, əрі қарай қалай жалғасатынын жəне ол неге əкелетінін түсіну


Үшін – бұл дағдылар салауатты тұлғаны ажырата біледі.





  1. Тиісті өзін-өзі бағалау. Психикалық денсаулығының құрамдас

Бөліктерінің бірі шынайы мінез-құлық пен өзіндік қасиеттерге, өзіне деген


Көзқарасқа, өзінің əлсіз жəне күшті мінез-құлығын шынайы түсінуге байланысты


Өздігінен өзін-өзі тану болып табылады.


Демек, өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі жоғары немесе төмен үміттерді


Тудырады, басқалармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіреді.


2.Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық


Факторлары.


«Психологиялық астары бар аурулар» ерлерде, егде жастағы адамдарда жиі

Кездеседі. Балалар мен жастар көп ауыра бермейді. Егде жастағы адамдар


Денсаулығына байланысты мəселелер мен аурулардан аулақ болуға тырысуы


Керек. Кейбір егде жастағы адамдар денсаулығын күтуді тоқтатады,


Денсаулығымен айналыспайды, жиі ауырады.


3. Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды əдеттер денсаулықты


əлсіретуші фактор ретінде.


Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша (АХЖ - 10) осы үлкен топқа


Кіреді:
- маскүнемдік (жіті улану, созылмалы маскүнемдік, тұрмыстық ішкіштік)
- нашақорлық (опий тобы, каннабиоидтар, спайстар, кокаин, амфетаминдер

Жəне т. Б.)





  • Уытқұмарлық (желім, газ, бензин, ұшпа еріткіштер жəне т. Б.)




  • Темекіні пайдалану (насыбай, темекі, «көк темекі», вэйптар, қорқор)



  • Прекурстарды пайдалану (дəрігердің тағайындауынсыз қатты əсер ететін

Дəрілік құралдарды пайдалану).


Соңғы жылдары жастар арасында ең жиі кездесетін мəселе болып микстер


Табылады, бұл екі жəне одан көп психикалық белсенді заттарды пайдалану.


Психикалық белсенді заттарды пайдаланушыларды анықтау қалай өтеді:





  • Өз еркімен жүгіну – егер бұрын нарколог дəрігерге осы жағдай бойынша

Жылына 2-3 жағдайда жүгінсе, 2017-2019 ж.ж. 10-12 жағдай байқалды. Бұл


Халықтың тыйым салынған зарарлы заттарды пайдаланудың салдары туралы


Жоғары хабардарлығын дəлелдейді.





  • Бастапқы медициналық, білім беру мекемелері мен құқық сақтау органдардан

Жіберу. Бұрын терапевт дəрігерлер, педиатрлар мен басқа белгілі бір сала


Мамандары адамдарды шамалы мөлшерде жіберген болатын. 2018-2019 жылдары


20-дан астам жіберілген адамдар жағдайлары болды. Əсіресе кеңес алу


Мақсатында психиатр дəрігерлер мен мектептер жəне колледждер əкімшіліктері


Жиі жібереді.





  • Алкогольдік, нашақорлық, аралас масаю мəніне тəуліктік сараптамадан өту.

Əсіресе мереке алдындағы жəне меркелік, демалыс, каникул күндерінде


Куəландырылғандардың саны айына 8-10 кісіге дейін жетеді.





Орташа алғанда, бір оқу орнын қарап тексеруді аяқтағаннан кейін қосымша


Тексерулерге 12-15 адам шақырылады. Күнтізбелік жыл ішінде профилактикалық


Медициналық тексерумен 3500 адам шамасында қамтылады. Профилактикалық


Қадағалауға алынғандардың (қауіп-қатер тобы) арасында қадағалаудың 1 жылы


Ішінде 98,2% ПБЗ қайталап пайдалануды тоқтатады.


4. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.


Салауатты өмір салты (СӨС)- бұл ең əуелі денсаулықты сақтауға жəне


Нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-əрекет. Салауатты


Өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі


Мəліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тəуелді


Болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды


Екендігі айқын. Салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды, денсаулықпен


Тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мəдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық


Адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы əрбір адам денсаулығына


Байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық,


Жалпы алғанда оны ағзаның жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге


Дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың


Негізгі бағытгары:

-жеке жəне қоғамдық гигиена;


-дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;


-ағзаны жаратылыс-табиғи факторлармен- су, ауа, күн жарығымен жəне т.б.


Шынықтыру;





  • Күн тəртібін тиімді пайдалану;




  • Дұрыс жəне уақтылы тамақтану;



  • Тəн ауруларынан сақтану;

-жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтану;


-зиянды əдеттерден (темекі, алкоголь, есірткілік улы заттар) сақтану;





  • Жыныс гигиенасы;




  • Психопрофилактика жəне психогигиена;



  • Конфликт жəне денсаулық;




  • Экология жəне денсаулық.

2.Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіретуші фактор ретінде дегенді қалай түсінесіз?


Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіретуші фактор ретінде.

Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша (АХЖ – 10) осы үлкен топқа кіреді:





  • Маскүнемдік (жіті улану, созылмалы маскүнемдік, тұрмыстық ішкіштік)




  • Нашақорлық (опий тобы, каннабиоидтар, спайстар, кокаин, амфетаминдер және т. Б.)



  • Уытқұмарлық (желім, газ, бензин, ұшпа еріткіштер және т. Б.)




  • Темекіні пайдалану (насыбай, темекі, «көк темекі», вэйптар, қорқор)



  • Прекурстарды пайдалану (дәрігердің тағайындауынсыз қатты әсер ететін дәрілік құралдарды пайдалану).

Соңғы жылдары жастар арасында ең жиі кездесетін мәселе болып микстер табылады, бұл екі және одан көп психикалық белсенді заттарды пайдалану. Психикалық белсенді заттарды пайдаланушыларды анықтау қалай өтеді:





  • Өз еркімен жүгіну – егер бұрын нарколог дәрігерге осы жағдай бойынша жылына 2-3 жағдайда жүгінсе, 2017-2019 ж.ж. 10-12 жағдай байқалды. Бұл халықтың тыйым салынған зарарлы заттарды пайдаланудың салдары туралы жоғары хабардарлығын дәлелдейді.




  • Бастапқы медициналық, білім беру мекемелері мен құқық сақтау органдардан жіберу. Бұрын терапевт дәрігерлер, педиатрлар мен басқа белгілі бір сала мамандары адамдарды шамалы мөлшерде жіберген болатын. 2018-2019 жылдары 20-дан астам жіберілген адамдар жағдайлары болды. Әсіресе кеңес алу мақсатында психиатр дәрігерлер мен мектептер және колледждер әкімшіліктері жиі жібереді.



  • Алкогольдік, нашақорлық, аралас масаю мәніне тәуліктік сараптамадан өту. Әсіресе мереке алдындағы және меркелік, демалыс, каникул күндерінде куәландырылғандардың саны айына 8-10 кісіге дейін жетеді.




  • Оқу орындарындағы профилактикалық медициналық бақылау, тексерулер. Орташа алғанда, бір оқу орнын қарап тексеруді аяқтағаннан кейін қосымша тексерулерге 12-15 адам шақырылады. Күнтізбелік жыл ішінде профилактикалық медициналық тексерумен 3500 адам шамасында қамтылады. Профилактикалық қадағалауға алынғандардың (қауіп-қатер тобы) арасында қадағалаудың 1 жылы ішінде 98,2% ПБЗ қайталап пайдалануды тоқтатады.

3.Кәсіби денсаулықты сақтау қалай жүзеге асырылады?
Кәсіби денсаулық ұғымы қазіргі уақытта қолданып жүр. Кәсіп игеріп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық сақталу қажет. Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қортынды жазады. Осы қортындылар бойынша дәрігер педиатр денсаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:

· Егер, балада қатарынан бірнеше ауру бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.


· Егер, баланың үшінші топқа жататын бірнеше ауруы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі.


Мамандыққа бағыт беру – мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.


Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.


Мектеп оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне (күші мен мүмкіндігін артық бағалау, әртүрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімнің болмауы, денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.с.с.) байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.


Оқушылар мұндай сұрақтарға көмекті мектеп педиатрларынан, балалар емханасының дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады. Егер таңдап алынған мамандық, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті соматикалық ауруларға ұшыратуы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады. Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады.


Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:


· Психофизиологиялық спект-жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;


· Медициналық аспект – оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;


· Әлеуметтік экономикалық аспект – қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.


Сонымен қатар, бұл аспекті жасөспірімдердің мектеп шеберханасындағы және мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттардағы кәсіптерге оқып-үйренуін анықтайды. Елді мекендерге жұмысшы кәсіпкерлер қажеттігіне және оларды өндірісте оқытып, даярлау үшін база барлығына байланысты еңбекке оқытудың бағыты құрылады. Жасөспірімдерге мамандыққа бағыт беру жүйесі біздің елімізде 1960 жылдан бастап құрылды, бірақ, қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер өте көп. Солардың біреуі – мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керектігі.


Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:


· Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.


· Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.


· Дәрігерлік мамандық консультация – жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.


Мамандыққа маңызды немесе «кілттік» функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты 4 түрге бөлінеді:


· Қимыл-қозғалыс – бұлшық ет күштері, төзімділік, координация;


· Сенсорлық – көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық;


· Жүйке қызметінің жеке типологиялық ерекшеліктері – оның күші, жылдамдылығы, біркелкілігі;


· Аттенциондық-мнемикалық – көңіл аудару, есте сақтау.


Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.


Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол – сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.
Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы – әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық қиындықтары бар екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты пайда болып отырған:

  1. Физикалық денсаулығына байланысты туындаған қиыншылықтар (проблемалар);

2. Психикалық ауытқушылығына байланысты, яғни эмоциялық сферасы, көңіл-күйін басқара алмауынан туындайды;
3. Қарым-қатынастағы қиыншылықтар;
4. Жанұялық жағдайдағы қиыншылықтар;
5. Темекі шегуі мен алкогольді қолданғаннан туындаған қиыншылықтар.
Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол – аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған.
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда болады. Ол адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Олар:
•Әлеуметтік жағдай:
Эндогендік – ол индивидуалдық-психологиялық тұлға ерекшелігі;
Экзогендікке – өмір жағдайы, кері әдеттері (привычка) әлеуметтік микроклимат жатады.
• Әлеуметтік – биологиялық жағдай. Тұлғаның ішкі жағдайына – тәжірибенің жеткіліксіздігі, білім алуы, психикалық процесіне -есте сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті қасиеттері болып табылады. Биологиялық жағдайы. Эндогендік – инерттілігі, жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы, оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі жатса, экзогендікке – морфофункциялық, гентикалық себеп-салдарды жатқызған.
Ағзаға факторлардың әсер етуі ол индивидуалды. Дамуға жалпы әсер етуші бейімделу болып табылады.

Жеке бас денсаулығы туралы мәліметтерді жинап, талдау және болжау, басқару әрекетінің бағдарламасын құру, басқару жүйсінің тиімділігін талдау арнайы теориялық білімділікті қажет етеді. Осы теориялық білімдер жүйесін: валеософия, валеометрия, валеоүйлестіру бөлімдеріне жіктейді: Валеософия – денсаулық даналығы туралы ғылым; Валеометрия – денсаулық өлшемі туралы ғылым; Валеоүйлестіру – денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту туралы ғылым.Салауаттанудың іргелі білімдер жиынтығы – СӨС негізін құрайды. Оларды жіктеудің тиімді негізі – жүйелі тәсіл. Бұл тәсіл осы ғылымдағы жаңа ақиқаттарды қамтудың толықтылығын бағалауға және пәннің пайда болуын болжауға мүмкіндік береді. Салауаттанудың іргелі білімдерін жүйелі жіктеу – оқу пәні ретінде СӨС құрылымын тәртіпке келтіру маңызды дидактикалық шарт болып есептеледі. Салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны – дені сау адам қазіргі ғылымда пирамида ұстанымына негізделе ұйымдастырылған, ашық және белгілі бір кеңістікте – уақытпен қызмет ететін, биоэнергоақпараттық жүйе ретінде қарастырылады. Биологиялық жүйе ретінде адамға тән қасиеттер: өзін өзі ұйымдастыру, өздігінен даму қабілеті, өздігінше өрбу немесе өзіне ұқсас тұқым жалғастыру. Адам жүйе ретінде үнемі өзін қоршаған ортамен ақпарат, энергия және зат алмасып отырады. Оның организмінің өзара байланысты әрекеттестіктер әртүрлі физикалық, биологиялық, химиялық, әлеуметтік, психологиялық, рухани, экологиялық және т.б. әрекеттестіктердің кешенін біріктіреді. Сондықтан, адамның үш деңгейіне сәйкес анықталатын денсаулықтың соматикалық, психикалық және рухани деңгейлеріне қатысты өзара әрекеттестіктер валеологияның іргелі білімдерінің (валеолософияның, валеометрияның, валеоүйлестірудің) зерттеу пәні болып белгіленеді.


1997 жылға дейін ғылым аясында, салауаттанудың қандай ғылымдар жүйесіне жататын, оның жеке ғылым ретінде қарастырылу құқығының бары немесе жоқтығы жөнінде пікірталастар жүріп отырды. Р.Артоманов және В.В.Колбанов салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: “Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми тұжырымдаманың қалыптасуына үлес қосқан клиникалық медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың, биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас”.


Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы керек деген тұжырым айтады. В.Д.Санькин және В.В.Зайцев салауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.


Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды деуге болады. Салауаттанудың даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге болады.


Салауаттанудың даму кезеңдері.


I кезең – классикалық кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-Сина және тағы басқа).

II кезең – клиникалық медицина тәжірибелерінің қорытындысы – адам организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері, емдеу жолдарының зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.


III кезең – гигиеналық медицина тәжірибелерінің қорытындысы. Ауру түрлерінің алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық, психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.


IV кезең - саналогия ілімінің дамуы. Организмнің ауру түрлеріне қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.


V кезең – салауаттану – дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж.) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері” еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап көрсеткен болатын.


А.А.Семенов салауаттанудың басқа ғылымдардың бір саласы ретінде қаралуының себебін, оның өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді.


Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану – қоғамның денсаулық жағдайын игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.


Е. Е. Лунина салауаттану жөніндегі ғылыми еңбектерді сараптай отырып, оны медициналық және педагогикаға жіктесе, Е. И. Вайнер салауаттануды қазіргі даму сатысында сараптай отырып, оның жалпы медициналық, педагогикалық, жас ерекшелігі, диференциалды, кәсіби, арнайы отбасылық, экологиялық, әлеуметтік бағыттарын ажыратады.


“Салауаттану” ғылымының мазмұнына берілген түсініктемелерді талдай отырып, салауаттану – адам денсаулығын, орны сақтау мен нығайту жолдары жөніндегі ғылымаралық бағыт деп түсінеміз. Оның неізгі міндеті – салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін ашу мен оны қалыптастырудың барлық заңдылықтарын зерттеу. Т.Қ. Мұстафина сөзімен айтқанда, “салауаттану – денсаулықты басқыру ғылымы”. Салауаттану – медицина, экология, биология, әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, гигиена ғылымдарының ортасынан шығатын денсаулықты қалай басқарудың заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін нұсқаушы ғылым.


Осылардың ең маңыздысы ретінде жас ұрпақты салауатты өмір салты рухында тәрбиелеудің нақты іс-шараларын ұйымдастыруды қосады. Сондықтан, денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту жолдарын нұсқау арқылы, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу педагогикалық салауаттанудың міндетіне жүктеледі.


Е.Е.Лунина педагогикалық салауаттануды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған білім беру үрдісінің субъектілерінің біріккен іс-әрекетінің жүйесі деп анықтайды.


Э.И.Вайнер “педагогикалық салауаттану дамуының түрлі жас ерекшелігі кезеңдеріндегі денсаулыққа және салауатты өмір салтына орнықты өмірлік мақсат тұрғысынан қарайтын адамды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейді” деп анықтама береді.


Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, салауатты өмір салт адамның жеке мәдениетіне негізделеді және денсаулықты нығайтуға білім мен оны тіршілікте қолдана білу біліктілігін қалыптастыру арқылы жетуге болады. Бұл идеялар сол уақыттың ағартушыларының нақты еңбектерінде жүзеге асырыла бастаған. Мысалы, Ы.Алтынсарин халыққа білім беру ісі тек мектеп ашумен шектелмейтінін, баланың денсаулығына да қамқорлықпен қарау қажеттігі жөнінде айтып, қазақ халқының өмір салтына қолайлы көшпелі мектептер ашу керек деп есептесе, А.Байтұрсынов Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов баланы ерте жасынан бастап салауатты өмір салтына тәрбиелеуді ұлттық мектептер жағдайында ұйымдастырудың мүмкіндіктерін айқындайды.


Педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский баланың денсаулығына зиян келтірмей тәрбиелеудің табиғилыққа сәйкес ұйымдастыру тұжырымдамасын ұсынады. Ол өз еңбегінде: «баланы үйлесімділікте: басын, жүрегін, қолын, ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін, шеберлігін, ерлігін және әсемдік сезімін бірдей дамыту керек», - деп жазады.


Ағылшын ағартушысы Д.Локк тәрбиенің түпкі мақсаты «сау денеде күшті рухты» тәрбиелеу деп, баланың өміріндегі қатаң режимнің мәнін негіздеді. Ол өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты еңбегінде: «Осы дүниедегі бақытты жағдайдың қысқаша, бірақ толық сипаттамасы – сау денеде күшті рухтың болуы. Осы екеуіне ие адамға көп нәрсе тілеудің қажеті жоқ, ал соның біреуінен ада адамға соны тілеу керек. Адамның бақытты немесе бақытсыз болуы негізінен оның өзіне байланысты. Егерде кімде-кімнің тәні ауру және әлсіз болса, оның осы жолда (бақыт жолында) алға жылжуға шамасы келмейді», - деп жазады. Сондықтан баланы қиыншылықтарды табандылықпен жеңуге үйрету қажет. Д.Локк балаларға киім кию, тамақтану, серуендеу, дене шынықтырумен айналысу мәдениеттері жөнінде арнайы кеңестер беріп отырған.


Француз ағартушысы Ж.-Ж.Руссо өзінің «Эмиль немесе тәрбие жөнінде» атты еңбегінде шынығу және дене күшін нығайтудың тәсілдерін балаларға Эмильдің іс-әрекеті арқылы түсіндіреді. Ол балалардың денсаулығын сақтауда және нығайтуда табиғи құралдардың маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. Ж.-Ж.Руссо, дене тәрбиесін баланың психикалық және рухани дүниесіне әсер етудің және организмін дұрыс дамытудың құралы ретінде қарап бағалады. Дене тәрбиесі жөнінде арнайы әдістемелік құралдар мен ұсыныстар жүйесін жасады.


С.Френе ең алғаш рет баланың тұлғасын ең жоғарғы деңгейдегі, саналы ұйымдастырылған қоғамда тәрбиелеудің жүйесін жасады. Балаларға жеке сабақтар жүргізілді, ақыл–ой мен шығармашылық жұмыстарынан кейін, оларға дене еңбектерімен айналысу сабақтары, күн сайын: суға жүзу, доп тебу, теннис ойнау, атпен серуендеу және шеберханаларда еңбек ету, шынығу тәсілдері, салқын сумен жуыну, терезені қысты күні де ашып ұйықтау және т.б. іс-әрекеттері қалыптастырылды.


Аристотель баланы салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселесін олардың жас ерекшелігіне сәйкес белсенді дене қозғалысымен және дұрыс тамақтандыру мәдениетімен байланыстырады. Ол өзінің «Этика; политика; поэтика» атты трактатында «дене тәрбиесі жанды тәрбиелуге бейімделуі» керектігі жөнінде жазады. Сонымен қатар «баланы оның жасына сәйкес келетін тамақпен тамақтандырып, тазалық әрекетін және біртіндеп шынығуын қамтамасыз етудің» қажеттігін айтады.



  1. Келесі тақырыптардың біреуін таңдап, сол тақырыпқа қысқаша эссе жазыңыз (300 сөзден артық емес):

  • Психология менің өмірімде және кәсібімде.

  • Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде.

  • Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны.

  • Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.

  • Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның "ерік бостандығы".

  • Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы.

  • Адам өміріндегі құндылықтар.

  • Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде.

  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы.

  • Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет