60. Нейролингвистиканың тіл білімі салаларымен байланысы


Компьютерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар



бет3/6
Дата01.05.2023
өлшемі25,95 Kb.
#88700
1   2   3   4   5   6
64. Компьютерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар
Компьтерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар: табиғи тілді автоматты өңдеу, компьютерлік лексикография және машиналық аударма, ақпараттық-іздеу тілдері және тезаурус, қарым-қатынасты модельдеу, гипермәтіндік технологиялар, тілдерді оқытудағы компьютерлік технологиялар, тілдердің ұлттық корпусы, зерттеушілерге арналған ресурстар (қорлар), лингвистикалық порталдар мен лингвистика бойынша блоктар.

65. Компьютерлік лексикография
Компьютерлік лексикография стандартты сөздіктермен қатар компьютерлік лингвистикаға арнайы жасалған электронды сөздіктерді құрастырумен айналысады. Компьютерлік лексикографияның мүмкіндіктері:
1. Сөздік мақаласының мазмұнын, оның ішінде әр түрлі өлшемдер бойынша ішінара көрсету мүмкіндігін ( әр түрлі «проекциялар»), әдеттегі сөздіктерде пайдаланылмайтын әр түрлі графикалық құралдардың кем көлемдігі.
2. Морфологиялық және синтаксистік талдау, дыбыстыжәне т.б. тану және синтездеу сияқты әртүрлі лингвистикалық технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі.
Электронды және қағаз сөздіктердің өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ, екеуінің ортақтығы – ақпаратты сақтаушы, тасымалдаушы, жинқатап өңдеуші құрал болғандығында. Электронды сөздіктің басты ерекшелігі – іздеу жүйесі бар жаңашылдығы мен техникалық функциялары, аспектілерінің артықшылығында.
Электронды сөздіктердің әлеуеті, ғылыми кеңістіктегі орны кеңдеу болып тұрғанын көріпкелеміз. Қазақ тілінің қолданыс аясы мен мұқтаждығына қарай бірнеше электронды сөздіктердің жемісті қызмет етіп келе жатқанын білеміз. Оған «sozdik.kz», «lugat.kz» және т.с.с танылып келе жатқан сөздіктердің тізбесін мысалға келтіре аламыз. Сондай-ақ, 2019 жылдың 9 желтоқсанында өткен «Компьютерлік лингвистикадағы қазақ тілі» атты дөңгелек үстелде «Translators Group» компаниясының 300 000 сөздік мақаланы қамтитын«audaru.com» атты ағылшын-қазақ терминологиялық сөздігінің таныстырылымы өтті. Сайтта медицина, биология, жаратылыстану, география, дінтану, экономика, юриспруденция, тарих, этимология, әдебиет, өнер,философия және әлеуметтану тіпті құрылыс энциклопедияларының жинақтары мен сөздіктерінің базасы берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет