Жұмыстың орындалу барысы: Екі пробирканың біріншісіне 1 мл белок ерітіндісін, екіншісіне 1 мл желатин ерітіндісін құйып, екі пробиркаға 10%-тік сахароза ерітіндісінің 1 мл-ін қосады. Ерітінділерді араластырып, пробирканы аздап жантайтып ұстайды да, оның қабырғасына пипеткамен концентрлі күкірт қышқылының 1 мл-ін жайлап тамызады. Белок пен сахароза ерітіндісінің арасында қызыл-күлгін түсті сақина пайда болады.
Жұмыстың қорытындысын жазу:
5. Адамкевич р е а к ц и я с ы
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
Пробиркалар, штативтер, пипеткалар, спиртовкалар.
Мұзды сірке қышқылы (СН3СООН), концентрлі күкірт қышқылы (Н2SО4).
Концентрлі (немесе 1%-тік) белок ерітіндісі, 1%-тік желатин ерітіндісі.
Жұмыстың орындалу барысы: Екі пробирканың біріншісіне 1 мл белок ерітіндісін, екіншісіне 1 мл желатин ерітіндісін құйып, екі пробирканың әрқайсысына, концентрлі (мұзды) сірке қышқылының 1 мл-ін қосады. Пробиркалардағы тұнбаларды жайлап қыздырып ерітеді де, пробирканы шайқалтпай жантайтып ұстап, оның қабырғасына пипеткамен концентрлі күкірт қышқылын (тең көлемде) тамыза отырып қосады. 5-10 минуттен соң белогы бар пробиркадағы сұйықтың екі қабатының арасында қызыл-күлгін түсті сақина пайда болады.
Тәжірибені 0,1%-тік триптофанмен жасап көруге болады.
Жұмыстың қорытындысын жазу:
6. Нингидрин реакциясы.
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
Су моншасы, пробиркалар, штативтер, пипеткалар.
95%-тік ацетондағы 0,1%-тік нингидриннің ерітіндісі.
Белок ерітіндісі, 1%-тік желатин ерітіндісі.
Жұмыстың орындалу барысы: Екі пробирканың біріншісіне 2 мл белок ерітіндісін, екінші пробиркаға 2 мл желатин ерітіндісін құяды. Екі пробиркаға 3 тамшыдан ацетондағы нингидрин реактивін қосып, су моншасында 70°С-да бірнеше минут қыздырады. Реакция жүрген пробиркаларда ерітінді күлгін-көк түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |