(1-k)=RTK-0,06 RTK-тері бетінің теплоизоляциясы
0,06-пропорция коэффициенті.
RTK=tp-tcbk/qcb+qucp qcb- адам денесінің бетіндегі бірлік жылу ағыны.
qucp- адам денесінің бетіндегі жылуды жоғалту.
Бақылау сұрақтар: Дененің орташа температурасы қанша?
Жылу жеткіліксіздігі дегеніміз не?
Тері топографиясын атаңыз?
Жылу сезгіштігінің формуласы қандай?
Тері температурасын зерттеген авторлар есімі?
Модульдік бірлік 4. Киім асты мен аяқ киім іші кеңістігіндегі микроклимат Дәріс жоспары: 1. Киім астындағы ауа ылғалдылығы
2. Киім астындағы ауа температурасы
3. Киім астындағы көмірқышқыл құрамы
Киім адамның жағдайына әсер ететін дененің айналасындағы белгілі бір микроклимат түзеді. Ағзаның жылулық жағдайының зерттеулерінің негізінде бұл микроклиматтың гигиеналық бағасын және де температура, ылғылдылық ауа қозғалысы, көмірқышқыл құралы сияқты көрсеткіштерді беруге болады. Киімасты микроклиматы екі жағдайға тәуелді: адамның жылулық жағдайына және де сыртқы ортаның метеорологиялық параметрлеріне және киімнің қасиетіне (конструкциясы, материал пакеті мен қолданылатын материалдың физико-химиялық қасиеттері).
Мысалы, бу және су өткізбейтін материалдар адам денесінен шыққан ылғалдың сыртқы ортаға шығуына бөгет жасауы. Киім астындағы ауа ылғалдылықтың жоғарылауына себеп болады. Киімасты микроклиматының көрсеткіштері әралуан киім түрлерінің салыстырмалы бағалауына қажет болуы мүмкін.
Кимі астындағы ауа ылғалдылығы. Қалыпты жағдайда киім астындағы ауа ылғалдылығы 35-60% құрайды (адам денесі мен киімнің бірінші қабаттың арасындағы қабат). Ол көрсеткіш киім астындағы температураның жоғары болуынан сыртқы ортаның ауа ылғалдылығынан төмен болуы мүмкін. Киім астындағы ауа ылғалдылығының динамикасынан киімнің денеден сыртқы ортаға ылғал бөлу қасиетін анықтауға болады.
Киімасты ортасындағы ауа ылғалдылығының өсу жылдамдығы неғұрлым аз болса, соғұрлым ол киім гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.
Қыздырмалы орта жағдайында, жылулық қатынасты сақтаудың тек бір амалы – бумен жылу беру болса, онда жеткіліксіз ылғалдылық бөлу байқалады. Бұл жағдайда ағза ысынады, ал ылғалдың киімде және адам денемінде жиналуы дененің механикалық тітіркенуіне алып келеді.
Суық температура жағдайында киімасты ауа ылғалдылығының ұлғайюы киімнің жылуқорғағыштық қасиетінің, оның эксплуатация талаптарына сәйкес келмеуін және киімнің жеткіліксіз ылғалөткізгіштігін көрсетеді. Екі жағдайда да киім ылғалынады және жылуқорғағыштық қасиеті төмендейді.
Киім астындағы ауа температурасы. Киім киген адам үшін дене мен киімнің бірінші қабаты арасындағы ауа температурасы киімнің эксплуатация талаптарына сай келетін көрсеткіштердің бірі болып келеді. Бұл температура оптимальды деңгейі адамның физикалық байсалдылығына байланысты. Мысалы, тыныштықтағы адамға 30-32°С-қа тең температура жағымды болып келеді, ал ауыр жұмыс жасап жатқан адамға - 15°С. Сондықтан адамның физикалық байсалдылығын ескеріп отыру керек.
Әртүрлі қолданыстарға арналған заттардың салыстырмалы гигиеналық бағалауында киімнің түрлі қабаттарындғы ауа температураның көрсеткіші қолданылады. Мысалы, салқындатқыш фактордың әсер ету жағдайындағы сыртқы киімнің астындағы ауа температурасының төмендеуі оның термияның қарсыласуының төмен екендігін көрсетеді. Желдің әсерінен ауаөткізгіштік қасиеті неғұрлым жоғары киімнің астындағы температура соғұрлым төмен болады. Ал бұл төмен температурада кері көрсеткіш болып келеді.
Кейбір жағдайларда ағзаның ысынуын болдырмау үшін, суық жағдайында киімасты ауа температурасының төмендеуі, физикалық жұмысты орындау барысында киімнің термиялық қарсыласуын төмендету қажет болғанда қолайлы көрсеткіш.
Ысымалы микроклимат жағдайында киімасты ауаның температурасынан киім конструкцияларының басымдылығын, оның өндірілуіне материалдың дұрыс таңдалуын анықтауға болады.
Киім астындағы көмірқышқыл құрамы. Киім астындағы ауа құрамына адам өмір-тіршілігінің көптеген өнімдері түседі. Мысалы, тері дем алуынан пайда болатын көмірқышқыл. Бірақ та ауа айналымынан киімасты ортадағы мөлшері атмосфералық ауадағы көмірқышқыл мөлшерінен төмен болуы мүмкін. Бұл киімасты ортадан адамның өмір-тіршілік өнімдері жойылуын білдіреді. Сонымен, киімасты ортадағы көмірқышқыл құрамы тері дем алуы мен ауа айналымы өнімдерімен ластануының көрсеткіші болып табылады. Ауа айналымының қарқыны киімнің ауаөткізгіштігі мен құрылысына байланысты. Көмірқышқыл көрсеткішінің жоғарылауы оның ауа айналымы қарқынының төмендігін көрсететді.
Көп қабатты киімнің астындағы көмірқышқыл құрамы бір қабаттыға қарағанда жоғары болады. Ю.В. Вадковскаяның есептеуі бойынша мақта-маталы көйлектің астындағы көмірқышқыл құрамы атмосфераның ауаға қарағанда 0,15%-ке жоғары; егер ол көйлектің үстінен пиджак немесе күздік пальто кисе – 0,23%-ке, қыстық пальто кисе – 0,37%-ке тең.
Ширбек бойынша киімастындағы CO2 құрамы 0,8%-тен жоғары болса, адам өзін нашар сезінуі мүмкін. Сыртқы ортамен жылу алмасудың бұзылуынан ағзаның жылулық жағдайы нашарлайды. Физикалық жұмыс барысында теріден бөлінетін көмірқышқылдың бөлінуі жоғарылайды. Осыған байланысты, киім конструкциясы мен оның материалының ортаның ауа алмасуына жәрдемдесуі өте қажет.