Бақылау сұрақтар: Жылу сақтағыш матаның қасиетті қандай?
Ауа өткізгіштік матаның қасиеті?
Жылу сіңіргіштің коэффициенті қандай?
Әртүрлі маталардың ауа өткізгіштік пайыздарын атаңыз?
Модульдік бірлік 6. Материалдардың қорғаныс қасиеттері. Ауа өткізгіштік материалдар Дәріс жоспары: 1. Ауа өткізгіш материалдар
2. Ауа өткізгіштік көп қатпарлы материалдар
Ауа өткізгіштік материалдар коэффициентпен сипатталады, яғни материалдың екі бетінің анықталған қысымының төмен түскендігін белгілі бір уақыт ішінде материалдың сыртқы қабатының қандай мөлшерде ауа өткізетінін көрсетеді.
Салыстырмалы ауа өткізгіш киімдік материалдың ауадағы қысымының төмендігін елу пайызға қабылдайды, ауадағы қозғалыс жылдамдығы 8-10 м\с сай келеді.
Ауа өткізгіш материалдар прибормен анықталады, принцип бойынша жұмыс істейтіндер әр түрлі анықталған қысымдардың екі бетінің бейнесін жасаған, нәтижесінде ауа бейне арқылы қозғалады.
Ауа өткізгіш материалдарға көптеген параметрлердің құрылымы әсер етеді (қалыңдығы, форма және жіктің көлемдік массасы және т.б.).
Ауа өткізгіштік материалдардың әр түрлі тағайындалуы кең шегінде тербеледі (төсемдік, жаймалық, костюмдік, пальтолық): 3,5 – 500 дм3 дейін және одан жоғары. Көптеген маталар келесі ауа өткізгіштерді білдіреді: төсемдік (89%) – 50-500, көйлектік (92%) – 101-500 және одан жоғары, костюмдік (98%) – 26-500, пальтолық (79%) – 51-500.
Ауа өткізгіштік материалдар оның қалыңдығына және көлемдік массасына және ылғалдылығына қабатының санына және әуе қайнарларының қалыңдығы киімнің қабатына байланысты. Материалдың қалыңдығының артуы ауа өткізгіштік материалдардың күнделікті көлемдік массасында төмен түседі, яғни азайтылған саны уақыт арқылы түсіндіріледі, қалыңдығы осындай материалдар, бірақ әр түрлі көлемдік массалар әр түрлі ауа өткізгіштікті білдіреді. Көлемдік массасы маталардың артуы оның ауа өткізгіштігінің күнделікті қалыңдығының түсуінде.
Ауа өткізгіштік материалдардың азайуы олардың ылғалдығының артуында. Азайтылған ауа өткізгіштер толтырылған уақыт ішінде ылғалымен және ісінілген талшық пен түсіндіріледі. Материал ылғалдылығының артуы үшін киімдердің жаңаруы түседі.
Ауа өткізгіш материалдар арқасында шұлық киімдерін қамсыздандыру табиғи желдеткіш киім астындағы кеңістік, киім астындағы көмір қышқыл газы және тағы басқа да тағамдар жойылады, ал газ алмасу процесі тері арқылы бөлінеді. Киімнің ауа өткізгіштігі оның конструкциясына, қабат санына, жел жылдамдығына байланысты сыртқы ауа температурасы және киімнің ішкі ауасы бірдей емес.
Ауа өткізгіштік көп қатпарлы бір қатпарлыға қарағанда аз. Киімнің қабат санының артуына байланысты ауа өткізгіштік екі есеге тез төмендейді. Келешектегі қатпар санының артуы матаның ауа өткізгіштігін ең аз дәрежеге төмендетеді. Киімнің қатпар аралығын енгізіп ауа өткізгіштігін жоғарлату, киім астарының вентиляциялық кеңістігін жақсартуға ықпалын тигізеді.
Жел қарқынының күшейуіне және сыртқы ауа температыурасының әр түрлілігі киім астары ауасының матадағы конвенциясын күшейтеді, киім астындағы кеңістік киімнің жылу сақтағыш қасиетін төмендететді. Киімнің ауа өткізгіштігін саралап талап етеді. Ол киімнің ауа кіргізілуін анықтайды және оның эксплутациялық шартын қадағалайды.