бет 13/13 Дата 20.12.2023 өлшемі 401,64 Kb. #141351
Байланысты:
Күкірт қышқылы Вакуумдеу əдісі. Бұл əдісті күкірт қышқылының құрамында органикалық қоспалар болғанда қолданады.
Мұнайды сульфирлеу əдісімен өңдегенде күкірт қышқылы көп жұмсалады , ал қышқылды қайтадан іске асыруға оларды вакуум əдісімен концентрлейді.
Вакуум əдісімен күкірт қышқылын концентрлегенде вакуум аппаратын қыздыруға 110-1500 С температурадағы су буын қолданады.
Кемшілігі: электр энергиясы көп мөлшерде жұмсалады.
Күкірт қышқыл өндірістерін жақсартудың негізгі бағыттары:
шикізат көзін, қорын кеңейту;
технологиялық үдерістерді қарқындату ;
пеш газының, металлургия газының құрамындағы күкірт диоксидін пайдалану;
өндіріс қалдықтарын: фосфогипс қышқылын , гудрон, көмірлі колчедан жəне т.б. қолдану;
жеке аппараттың жəне тұтас жүйенің қуатын арттыру;
аппараттардың өнімділігін арттыру арқылы , конструкциясын өзгерту арқылы;
шикізатты күйдіргенде технологиялық оттекті пайдалану ;
SO2 жəне O2 концентрацияларын жоғарылату;
активті жəне берік катализаторлар қолдану ;
химиялық реакциялар жылуын толық пайдалану нəтижесінде 1 т күкірт қышқылын өндіргенде 1,5-2 т су буы өндіріледі, су буы күкірт
қышқылының өзіндік құнын төмендетеді ;
негізгі аппараттардың қарқындылығын арттыру мақсатында үдерістің қысымын жоғарылату;
шикізатты күйдіру жəне жанасу сатысында «қайнату қабатында» жұмыс жасайтын реакторларды пайдалану.
Күкірт қышқылы өндірісінде шикізатты таңдау үдерістің технологиялық сызбанұсқасына қалай əсер етеді?
Күкірт қышқылын күкірттен жəне колчеданнан алудың технологиялық сызбанұсқасындағы негізгі айырмашылық қандай?
Өнеркəсіптік пештерде күкіртті жағу реакциясы гомогенді немесе гетерогенді болып табыла ма? Жауаптарыңды негіздеңіздер.
Күкіртті жағу жəне колчеданды күйдіру кезіндегі температуралық режимді қалай таңдайды?
Күйдіру газын құрғақ жəне ылғалды əдістермен тазарту сатысында қандай міндеттер шешіледі? Тазарту сатысының физикалықхимиялық негізі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: